Рухани  жаңғыру—  елімізді  кемелдендіру

Темірқазығы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың    «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы    2017 жылы  сәуірде  «Егемен Қазақстан»    газетінде жарияланды.

Мақала    аты айтып, тұрғанындай   әрбір  қазақстандық  азаматтың     рухани   көзқарастарын ,ішкі  жан  дүниесін  жаңғырту   мақсатына     түсініктеме     беруден      басталып,   « әлемдегі  ең  дамыған  отыз елдің  қатосылу үшін санамыз     ісімізден     алда  жүруі  тиіс,  жаңғырып, озып, сапалы    бола түсуі тиіс»    деген    тұжырымды   да  тұшымды  ойды    жан -жақты  өрбітуге  жіті  мән   беруден  басталған.

Қазақстан     халқының      рухани   жаңғыруы   Елбасының    2004   жылы    басталған  «Мәдени  мұра »   бағдарламасы, 2013  жылғы   бан   «Халық тарих  толқынында »  атты  Бағдарламалары      арқылы кезең   кезеңімен    жүзеге асырылып,   бұл   бағытта  қыруар істер атқарылғаны       белгілі.

«Күллі  жер  жүзі      көз  алдымызды  өзгеруде, сана  сеніміміз  бен     дүниетанымыз ға  әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ  көш  басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық  түйістіру   мүмкін емес »  дейді Елбасы  халыққа      егжей –тейлі  түсіндіре  келіп,  мақаладағы  ойларды   құшырлана  оқисың,   әрбір   айтылған  ойдың    дұрыстығы     санаңа   жаттала    бастағандай.

Сана  жаңғыруының бірнеше  бағытын атап  айтайық: Тұтас халық   бәсекелік  қабілетін   көтере  түсіп, айналамыздағы  елдермен  тең   дәрежеде болу үшін  жаңа  технологияларды  меңгере түсуіміз де қажет. Қазір  колледждерде   «Тарихи  өлкетану »

« Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гума­нитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет.», —  деген    Елбасы    баса  көрсетіп   міндеттер     сана    факторының      жоғары  деңгейге   жететіне  үмітімізді       жалғай  түседі.

 

Біз   қазір  өмір сүрып отырған  ХХІ ғасырға  сай болу  үшін  біздің бойымызда   бәсекеге  қабілеттілік, прагматизм , білімге ұмтылу,сана   сезім ашықтығы, болуы қажет. «Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім бере бастаймыз. Бұл – білім саласындағы жаһандық бәсекеге не­ғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз. Оған қоса, жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қо­ғам­да ор­нықтыратын басты күшке айналады. Осылайша, болашақтың негізі білім орда­ларының аудиторияларында қаланады.

 

Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек.»  ,- деген Елбасы    ғажап ойлары       ертеңгі  жарқын келешекке  деген     сенімімізді    жоғарылата түседі.

Елбасы мақаласы біздің    еліміздегі  ауыз бірлікті   ыдыратын  «ру-руға   бөліну   дұрсы еместігін ,негізі ең дұрысы    тұтас    ұлт    болуға    қарай ұмтылу  қажеттігін айтты.  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар : рухани  жаңғыру»  атты мақаласы Қаратау технолгия,білім және бизнес колледжінде      кураторлық    сағаттарда   талқылану  үстінде.   Елбасының   көреген,  кемел  басшылығы   арқасында    еліміз  дамыған  отыз елдің  қатарына кіреді  деп  сенеміз.

 

                                                             Алима Джумабаева ,

 Қаратау технология,білім және бизнес колледжі тарих, қоғамтану пәндері  оқытушысы