Бала тәрбиесінде кездесетін қиындықтарды қалай жеңуге болады?

Бала – ол өте нәзік те сезімтал жан. Оның жанын жаралап алу өте оңай, алайда осы бір жара өмір бойы сыздап жүруі ғажап емес. Көптеген ата- аналарды ойландыратын сауал: Қалай баламен жақын дос болу, баланың сырласына айналу, бірақ ол мақсатқа жету үшін  бірінші қадамды ата – ана өзі жасауы керек.

Төмендегі өте маңызды ақыл кеңестер сізге де көмегін тигізуі мүмкін.

  • Көңіл күйіңіз болмай тұрған кезде ешқашан да бала тәрбиесімен айналыспаңыз. Балаңызбен тығыз қарым – қарым қатынас орнатуға тек қана сіздің көтеріңкі көңіл күйіңіз, оң көз қарасыңыз ғана әсер етеді.
  • Бала біздің айнамыз. Олар ең алдымен ата – анасынан үлгі алады. Біз өмірде қандай қадам жасасақ, олар да сондай қадамға баратындығын естен шығармаған жөн.
  • Балаңызбен әңгіме дүкен құрып жиі – жиі әңгімелесу сенімділікті оятады. Сіздің сөздеріңіз қатал болса да, ауыр әрі өрескелі болмауы керек. Ақырын әрі сенімді айтылған әңгіме ата – ананың талаптары мен ойларын балаға жеткізе алады.
  • Балаңыз үшін керек уақытта қажетті ақыл қосатын, қандай жағдай болса да оның қадамдарын айыптамайтын ең жақын досына айналыңыз.
  • Өзін және қоршаған адамдарды жақсы көруге үйретіңіз.
  • Бір мезетте қатал да мейірімді бола біліңіз. Егер сіз балаңызға деген ыстық ықыласыңызды білдіре отырып, тек керекуақытында ғана ұрсатын болсаңыз, онда бұл сіздің тәрбиеңіз барысында міндетті түрде жемісін береді.
  • Балаңызға өмірдегі өз ұстанымына тұрақты болуды үйретіңіз.
  • Өзіңіздің бос уақытыңызды тек қана балаңызбен өткізуге тырысыңыз. Ондай сәттер баланың өзіндік орнын сезініп өсуге мүмкіндік береді.
  • Әр уақытта баламен улкен адамдарша, оны кішірейтіп, еркелетер сөздерді аз қолданып отырып сөйлескен дұрыс.
  • Өзінің жақсы адам екенін ескертіп отыру керек, алайда, басқалардан артық емес екенін естен шығармай, айтып отырған жөн. Себебі бала тәкәппар, екі жүзді болып өспеу үшін.
  • Балаңыздың таңдауы мен пікіріне құлақ асыңыз. Тіпті сіз онымен келіспейтін болсаңыз да, оны ешқашан сынамаңыз.
  • Даулы мәселелер орын алған жағдайда бала өзін үнемі қателесуші ретінде сезінбес үшін оған жол беріңіз. Бұл арқылы сіз балаңызға біреуді кешіруді, өз қателігін түсінуді, жеңілістер мен қателіктерді мойындай білуді үйреткен болар едіңіз.
  • Балаға үш негізгі қасиетті дарытуға міндеттісіз:шешім шығару, құрмет,жауапкершілік.

 

ТОО Атамұра – 2030 балабақшасы

Тәрбиеші: Байтуреева Н