4 жасар  балалардың ерекшеліктері қандай?

4 жас баланың арманшыл, өмірге құштар келетін уақытының бір ғажайып шағы. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. , «Бала жас, әлі ешнәрсені білмейді, өсе келер бәрі түсінеді» – деп қарау – барып тұрған қателік. Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процесс. Төрт пен бес жас аралығындағы кезең — орта мектепке дейінгі кезең. Бұл баланың өміріндегі маңызды кезең. Бұл кезең баланың  тілін дамытуға өте қолайлы. Бұл жастағы балалар үлкендермен қарым қатынас жасауға өте ықыласты болады. Әртүрлі сұрақтар қойып, өздері білетін ертегілерін бар ынтасымен айтып береді.  Төрт жасқа бала құрдасын   ортақ іс – әрекетке қатысушы есебінде  қабылдайды.  4 жасар баланың өзін-  өзі бағалауы өте жоғары деңгейде болады. Бұл жастағы балалар заттарды ұстап көріп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшеді.

Айнала қоршаған заттардың бәрін өзімен салыстырады. Осы жастан бастап уақыт, кеңістік , сан туралы қарапайым түсініктер қалыптаса бастайды. Бұл кезеңдегі балалар қарапайым қол еңбегі түрлерінің әдістерін меңгереді.

Ата-аналар мектепке дейінгі жастағы балаларға мейірімділік, әділеттілік, шыншылдық, өмірлік құндылықтар мен идеалдар сияқты мінездемелер белгіленетінін ұмытпауы керек. Сондықтан 4-5 жастағы балалардың жас ерекшеліктерін ескеру өте маңызды. Белгілі бір ерекшеліктерді тәрбиелеуде көмек көрсету мектеп жасына дейінгі баланың жынысына және отбасындағы ересектердің рөліне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

 

 

                   ТОО « Атамұра — 2030»

Тәрбиеші: Раджапова Г.В