0 «В» мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: _Әлеумет_________

Бағдарлама тараулары: Өзін-өзі тану

ТАҚЫРЫБЫ:Жақсы қарым-қатынас жасап, үйренейік. Мектеп: №22 жоббм-лицей
Күні: __14.11.2017ж____________ Тәрбиешінің аты-жөні: Р.К.Токпанова
Мектепалды сынып Қатысушылардың саны:21 Қатыспағандардың

саны:

Оқыту мақсаттары МАДТ балаларына зерттеу, жаттығу жұмыстарын жасау арқылы айналасындағы адамдармен жағымды қарым-қатынас жасауға, үлкендерді сыйлауға, кішіге құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Қиянат жасамау және татулық, сыйлау, келісу, түсінісу, тіл табысу сияқты сөздерді ұғыну.

Міндеттері: Күнделікті өмірде жақсы қарым-қатынас жасай білуге үйрету, қоршаған ортаға үйлесімді болу, жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Күтілетін

нəтижелер

Барлықбалаларістейалады:

-Балалар жағымды қарым-қатынас жасай алады.

Көпшілікбалаларістейалады:

-Үлкенді сыйлай біледі;

-Кішіге құрмет көрсете алады.

Кейбірбалаларістейалады:

-Жаттығу жұмыстарын жасап, зерттейді.

Тілдік мақсаттар Дағдылардыдамыту.

Күнделікті өмірде жақсы қарым-қатынас жасай білуге үйрету, қоршаған ортаға үйлесімді болу, жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Көптілділік:

Жақсылық жасау – творить добро – do good

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Үлкендерді сыйлау;

Қарым-қатынас;

Кішіге құрмет;

Мейірімді балалар.

Ұйымдастырылған оқу қызметінде диалог/хат үшінқолданылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар.

Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіңдер?

Үлкенді сыйлау деген ұғымды түсіндір?

Кішіге құрмет деген ұғымды түсіндір?

Жоспар
Жоспарланған

уақыт

Жоспарланғанжұмыстүрлері Ресурстар
  Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, көңіл-күйлерін сурау,шаттық шеңбері. (топқа бөлу: түрлі-тұсті кубиктерді таңдау арқылы балалар  3 топқа бөлінеді )

Тыныштық сәті. (әуен ойналады)«Денелерімізді түзу ұстап, еркін отырыңдар.Ауаны терең жұтып, бойларыңдағыны  жай ұстаңдар.Көздеріңді жұмып,  «Жақсылық-еліне саяхат жасауға» барамыз.Бұл елде жүректері таза, әрқашан көңілді, бір-біріне көмектесетін мейірімді балалар тұрады. Табиғаты өте әдемі, таза. Осы таза ауамен тыныстап аламыз да сыныбымызға кіріп, орнымызға  отырамыз»;

(құралдар, мәліметтер)бояу қарындаштар, маркер, а4, плакат, таратпа материалдар,  түрлі –түсті қағаздар, доп,үнтаспа, сюжетті суреттер. стикер, жүрекшелер.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақты өтілетін сабақпен, немесе өмірде болатын мысалдармен байланыстырып 3-4 оқушыдан жауаптарын тыңдау;

  3. Дәйексөз. «Жақсылық жасау да- бақыт»  Нақыл сөз.

Әр топтан балалар дәйексөздің мағынасын ашып береді мысалдар келтіру, соңында топ болып хормен айту.

Мұғалім: Толық дәйексөздің мағынасын ашып, түсіндіріп, өмірде болатын мысалдармен келтіреді;

  4.Оқиғаларды әңгімелеу « Мұғалімнің сыйы» әңгіме айтып беру.Жақсылық пен Жамандық
Ертеде бірадам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді.
Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып:
— Адам, ана балыққа көмектесіп жібер, — десе, Жамандық:
— Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма, — дейді.

Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық риза болып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді.
Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр – шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:
— Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит – құсқа жем боласың ғой, — дейді.
Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:
— Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет, -дейді.
Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ – шиқ етіп, қанатын қағып, риза болады.
Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған екі сын бердім, екеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол, — деп батасын береді.
Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен.

Сұрақтар:
• «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?
• Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар?
• Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
-әңгіме бойынша бірнеше сұрақтар

— өмірмен байланыстыру (балалар өз ойларымен бөліседі);

  5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс;  
  6. Топпен ән айту.(Жаттығу жасап тұрып);  
  7. Сабақтың соңғы тыныштық сәті. (Әуен ойнатылады) –Балалар , Денелеріңді түзу ұстап бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып  көздерінді жұмып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа сүіспеншілікпен пен тыныштыққа толы таза, шиаплы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздерінді ашуға болады.

Рефлексия.

(коллаж жасау)  Тыныштық сәтінен алған әсерлері 1-2 бала. Смайликтер жапсыру арқылы рефлексия жасау.  

Жақсылық пен Жамандық