0 «А» мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу

қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бағдарлама тараулары.:Сауат ашу

ТАҚЫРЫБЫ: Мен – үлгілі баламын. Р дыбысы мен

әрпі

Мектеп: 22 жоббм-лицей  
Күні: 17.10.2017 Тәрбиешінің аты-жөні:З.М.Кузетаева  
Мектепалды сынып

0 « А »

Қатысушылардың саны: Қатыспағандардың

саны:

 
Оқыту мақсаттары 0.1.1.1. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты,

дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс

дыбыстау

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу

ретін анықтау

0.2.2.1. Балаларды адамгершілік сезімге тəрбиелеу

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне

төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу

 
Күтілетін

нəтижелер

Барлық тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға жауап береді.

Сөздегі дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дыбыстарды

ажыратады.

Р дыбысы – дауыссыз дыбыс, р дыбысының айтылуын дұрыс

дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі р дыбысының

орнын ажыратады.

Р дыбысының баспа түрін жазу жолдарына жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сұраққа толық жауап беріп, шағын əңгіме құрайды.

Берілген суретке қарап, сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін

(дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып,

талдау жасай алады.

Р дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы р

дыбысының орнын ажыратады.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі

сызығын сақтап, р əрпінің элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Р дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қояды:

(нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі).

 
Тілдік мақсаттар Тəрбиеленушілер:

Сұраққа толық жауап беріп, р əрпімен танысады.

Сөздерді пайдаланып, əңгіме құрастырады.

Р əрпінің баспа түрін жазады.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Домино

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Бұл суретте не болып жатыр?

Сөздерді пайдаланып, əңгіме құрастыр

Раушанға қалай көмек береміз? Р əрпі тағы қай затқа ұқсайды?

 
Өткен ҰОҚдан алған білім Сөз бен сөйлемді ажыратады.

Дауыссыз, дауысты əріптерден сөз құрайды.

Əңгіме құрастырады.

 
Жоспар  
Жоспарлан

ған

уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
І. Дұрыс əсерлі

көңіл күй

орнату.

0–2мин.

II. Өмірлік

тəжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты

болжам.

3–5 мин

Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне

жылы лебіздерін білдіреді.

Армысың, əлем!

Армысың, жарық күн! (Қолдарын жайып,

көкке көтереді).

Армысың, абзал адам! (Қолдарын алға

созады).

Армысың, менің досым!(Қолдарын бір-біріне

қарап созады).

Қарғаның суретін көрсетеді.

Қарға қалай дыбыстайды?

Балалар қарғаның дыбысын келтіреді.

Балалар қарға құсы туралы əңгімелеседі.

 
ортасы

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6 – 27мин.

Əліппе-дəптермен жұмыс

1-тапсырма

Бұл суретте не болып жатыр?

Балалар суреттегі көріністі əңгімелейді.

Қарғаның дыбысын келтіреді. Суреттегі

заттарды атайды. Р дыбысы естілетін сөздерді

анықтайды.

2-тапсырма 1-тапсырмадағы суретпен

байланысты. Суреттегі бала санын анықтайды.

Санды көрсетеді (төрт).

3-тапсырма. Р əрпінің баспа түрімен

таныстырады.

Педагог Р дыбысының айтылуын үйретеді (Р –

тілдің алдымен жəне дірілмен айтылады).

Р əрпімен таныс болады.

Р – дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз.

Р əрпінің бейнесіне қарап ұқсас заттарды атау.

Р əрпін ауада жазып көрсетеді

Сергіту сəті

Балалар орындарынан тұрып сергіту сəтін

жасайды.

Слайдтан көрсетілген Айя мен Əлидің əнінің

негізінде аққала жасауды қимылмен билеп

көрсетеді.

4-тапсырма. Р əрпінің жазылуын көрсете

отырып, қандай затқа ұқсайтынын елестетеді.

Жылқышының құрығындай,

Тіп-тіке тұруын-ай. (М. Əлімбай)

Əліппе-дəптер.

 

 

 

Сызба сызылған

плакат.

  Педагог жылқышының құрығы туралы

түсіндіреді.

5-тапсырма. Домино тастарынан Р əрпін

құрастырады. Суреттегі үлгіні педагогтің

көмегімен қайталайды.

Өз беттерімен Р əрпін құрастырады.

Р əрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады

 
қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 мин.

Педагог балалардың белсенділігін талқылап

оқу қызметін қорытындылайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз жұмыстарын

смайликтер арқылы бағалайды.

Əліппе дəптері