«Желтоқсан  және Жастар! »

 

Желтоқсанның мұзға жаққан алауын ,

Мұхтар  ақын —  жоғары бағаладың!                                                                                                                         1986– Желтоқсанда, 17-18-і   болғанда

Жастар  біздің  ұлы істер   атқардың !

 

Дінмұхаммед  Қонаевтың  ескерместен  еңбегін,

Және естімей   республика   дауысын,

Колбин келді ,еліміздің   шырқы осылай бұзылды!

«ӘРБІР ҰЛТТЫҢ  өз көсемі болу  керек ! »

деді  жастар  бұл жолы!

 

Еркіндік пен  Егемендік     жолында,

«Демократия  —  Горбачевтің   уәдесі    ойында,»

Қайрат, Ләззат, Ербол Сыпатаев – студенті бар,

жалпы   жастар  ,транспоранттар  қолында ,

Жаяу-жалпы   жиналыпты!

Үкімет  үйі  алдына !

Көкіректі   ашу қысты,

Орталықтың  зәресі ұшты!

Еркіндікке  сүрлеу салған,

Тұңғыш   қарлығаштарды,

Қатал тағдыр  үкімі,  аямады,  үсітті.

Оңай емес ,  керзі етіктің   тепкісі,

қысқа күрек, бастан  тиген талайға ,

Апырай,  бұл оңай ма?

Иттер  тістеп балтырдан,

Суық күнде- су ағады маңдайдан!

 

Тілегі  болған  елінің   келешегі, ертеңі,

Өз қанымен  жуып жатқан   көшені,

Таң қаламын сіздерге достарым-ай!

Тәуелсіздік  бақыты  үшін,

Тәуелсіздік таңы атуы үшін,

Өз жаныңды қинадың  !

Және ,  ерте туған   қызғалдаққа    ұқсадың!

 

 

Тәуелсіздік  — оңайлықпен келді десе сенбеймін,

Ғасырлардың  сан сұрағына  жауап іздей бастаймын,

Біздің жастар  ержүрек еді,  от еді, ғажап еді ,шоқ еді!

Еліміздің  ертеңі үшін тер төккен  еді  –сол жылы!

 

Егемен ел болу  үшін –жанын берген аямай,

Жасын төккен  қыздарымыздан обал-ай!

Қанша уақыт өтсе де,  ерлігі тек   үш-ақ   күннен  тұрса да ,

80- жылдардан   —  жасақталды   жаңа   ұрпақ ! ,

Қарыздармыз  ерлігі мен өрлігін   білу   парыз ,    бала   ұрпақ!

 

 

Алима Жұмабаева Қаратау қаласы

 

 

 

 

 

 

Тәуелсіздік

Тәуелсіздік — Ұлы Жеңіс!

Оңайлықпен  келмейтін,

Қадіріне жету парыз,

Ол-бүгінгі өмір сүрген  ұрпақтың!

Тәуелсіз ел   болу  үшін,

Қан   төкті  ғой, аға ұрпақ!

86-жыл барлық кезден ерекше.

(Сол жылы біз  оқуды тәмамдадық!)

Қымбатты менің жас ұрпағым,

Сақта оны есіңде! Алима Жұмабаева Қаратау қаласы

 

 

Тәуелсіздікке тағзым!

 

Тәуелсіздік келіп кірді аңсаған,

Тәуелсіз елім үшін мақтанам!

Айбаттанып, сұлуланып, нұрланып,

Тамсандырған әсем қалам,Астанам!

Қазақстан -әлем үшін үлгідей,

Қаншама ұлтқа құшақ жайды еш бөлмей!

Қазақстан –Евразияда еркін ел ,

Көк байрағың желбіреп тұр төбеден,

Аман болып, сау тұр елім,

Ұрпағыңды өсір,оқыт,адам ет!

Құлағы түрік,жаңалықшыл барша ел,

Деп тұрғандай Қазақстан –айтары жоқ бақытты ел!

Тәуелсіздік –елімнің зор бақыты!

Тәуелсіздік –барша елдер мұраты!

Тәуелсіздік ата-бабам тер төккен,

Сондықтан, қымбат жусаны мен миясы!

 

 

Алима Жұмабаева Қаратау қаласы