«Қарғалы №4 орта мектеп» KMM- інің  2016-2017 оқу жылында ағылшын тілі пән бірлестігінің

 жылдық жұмысының қорытындысы.

Шет тілі әдістемелік бірлестігі 2016-2017 оқу жылында жұмыс жоспарын мемлекеттік стандарт негізінде бағдарламаға сәйкес күнтізбелік жоспар қарастырылып бекітті.

Әдiстемелiк бiрлестiк тақырыбы:

      Ағылшын тілі пәні бойынша инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын, интеллектуалды білім біліктігін, шығармашылық қабілеттілігін арттыру.

 «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Қазақстан Республикасының шетелдермен халықаралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін шет тілін білетін ,өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген  полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру әр бірлестік мүшесінің мақсаты. «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет»және білім беру жүйесінде үш тілдің  – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткен.

      Ағылшын тілі пән  бірлестігінде 4 мұғалім жұмыс істейді. Оның 1-уі-14 санат, 1-уі -12 санатта.  Барлығы жоғары білімді. Курстан, аттестатциядан өз уақытысында өткен. Бірлестікте 2 мұғалім орта білім мазмұнын жаңарту курсынан өтіп келген. Онда  жаңартылған білім мазмұнының  ерекшелігі  туралы ,әрбір оқушыны жасына да, мүмкіндігіне да қарамастан тұлға ретінде қол жеткізуі қажет ететіндігін  және  мұғалім педагогикалық ойлау немқұрайлығын жеңуі және оқушымен бірге өзі де оқуы тиіс дей келе , білім алушылардың қолайлы дамуы үшін достық қарым-қатынастағы ортаны құру өте маңызды болып табылатындығын алғашқы отырыста  өзінің әріптестерімен бөлісті.

       Оқу жылының қорытындысында білім сапасы ағылшын тілінен – 61,2%, құрады. Тоқсан қорытындысы мен жазба жұмыстарындағы білім сапасын салыстырғанда алшақтық 1 пайызды құрады.

Мектепішілік олимпиадада 1 турда 7-8-9 сынып оқушылары қатысты. Қорытынды шығарылып, оқушылардың білім- білік дағдыларына қарай орындар берілді. Нәтижесінде өз білімділігін жақсы жағынан көрсете білген Темиршинова Айгүлдің  8 сынып оқушысы Сәкен Мадина                              аудандық олимпиадаға жолдама алды. Онда Мадина  екінші  орынды иеленсе ,аудандық ғылыми жобасына қатысып  үшінші орын алды.Мектебімізде тәлімгерлер және жас мамандар апталығы өтті.Онда жас маман Ж.Қалбаева мен оған тәлімгер ретінде тағайындалған Г.Мейрханова ашық сабақтар өткізді.

       2016-2017 оқу жылында әдістемелік бірлестіктің 5 отырысы болды.Әдістемелік бірлестіктегі пән мұғалімдері шығармашылықпен жұмыс жасай отырып 9,11 сынып оқушыларын ҰБТ, ОЖСБ ға жыл бойы дайындық жұмыстарын жүргізді.

    Осы оқу жылында“ ENGLISH   LANGUAGE –IS A WORLD LANGUAGE” атты ағылшын тілі апталығы өз деңгейінде өтті.

Апталықтың мақсаты:
1. Оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, олардың қабілеті мен тілін дамыту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін тексеру;
2. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрету, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдылау, сөздік қорын молайту;

  1. Ұжымдық еңбекке тәрбиелеу, өздігінен іздене білуге үйрету, өз ана тілі мен қатар ағылшын тілін қурметтеуге тәрбиелеу.
    Мектептің қабырғалары әр түрлі ағылшынша –қазақша мақал-мәтелдерімен, сканворд, крассвордтар  және  ”Welcome , to our English Week!,” “ Let’s learn English!”, ” Friendship”, “ English language –is a World Language”, cтенділерімен безендірілді.
    Аптаның алғашқы күні апталықтың ашылу салтанаты болды.
    Апталықтың ашылу рәсімі кезінде оқушылар апталықтың мақсатымен , шарттарымен танысты. Бірінші күні лездеме «We speak English» атауымен өтті. Бұл сайыста оқушылар сұрақтарға жауап берді.Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Ағылшын тілі»пәні бойынша курстан  алған білімі бойынша 1 «В» сыныпта «Birthday» атты тақырыпта ағылшын тілі мұғалімі Г.Мейрханова ашық сабақ өткізді жас мамандар сабаққа қатысып , тәжірибе алмасты және  де жас мамандарымыз әдістемелік  көмек алды  деуге болады ,ашық сабақта  мұғалім, оқушыларың барлығын сабаққа тартты. Балалар өте жақсы қатысты және бағаланды.
    Г.Мейрханованың өзекті мәселесі: Ағылшын тілі  сабақтарында  оқушылардың білім сапасының деңгейін көтеру,шығармашылыққа баулу,оқушылардың функционалдық сауаттылығын  арттыру.Осы өзекті мәселені алға тарта отырып,оқушылар біліміне баса назар аударуда.

Темиршинова Айгүлдің  өзекті мәселесі «Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың ізденгіштік қасиетін дамыта отырып,шығармашылыққа жетелеу».

Айгүл“Save the world” тақырыбында ашық сабақ өткізді. видеороликтерден әуен, ән тыңдатып, сергіту сәтін өткізіп, оқушылардан  ағылшынша   ауа-райын, күнді,үй тапсырмасын сұрады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, диолог құрастырып барлық оқушылар интерактивті тақта көмегімен сабаққа белсене қатысты. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары  өте жақсы деңгейде болды.

Қалбаева Жадыраның өзекті мәселесі «Ағылшын тілі сабағында халықтық педагогикаға сүйене отырып, ұлтжандылыққа, өз тілін  құрметтеуге, ағылшын тілін еркін меңгеруге баулу» Жадыра  біздің мектепте  2 жыл істеп жүрген жас маман. Өз  ісіне тиянақты,жаңашыл ұстаз.

Жас маман  Ж.Қалбаева  5 «ә» сыныпқа ашық  сабақ өткізді . Мұғалім  көрнекіліктер, суреттер, слайдтар көрсетіп сабақты өз деңгейінде өткізді. Жаңа технологияны меңгертуде мұғалімнің  көп еңбектенетіні әр ісінен көрініп тұрады.

Жоғарғы сыныптар арасында «The World of English» атты сайыс өтті. Осы кезеңде 9 «а» және «ә» сынып оқушылары  өз білімдерін ортаға салды .Онда  оқушылардың ортақ тақырыптары  Англия мен Қазақстан болды. Оқушылар  екі елдің  халқы, сусындары, рәміздері, мерекелері,дәстүрлері туралы сайысқа түсті.

«4-5 -6-7-8-10» сыныптар арасында ағылшын тілі мұғалімдері  «Fairy tale of  the World»  тақырыбында   тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты өте тамаша болды. Күлше қыз , бауырсақ, шалқан,қызыл телпек ертегілерінен үзінділер  қойып  өздерінің   актерлік шеберлігіктерін  дәл  көрсете білді. Сыныптан тыс сабақтар өте  тартымды өтті.
    «About me»тақырыбында қашықтықтан өткізілген байқауына 6 сынып оқушылары Иманғали Ескендір,Бопас Рауан,Тілеуқұлов Диас,Аралбай Азиза, Жұмағұл Аяулым қатысып сертификатқа ие болды.7-9сынып оқушылары да қашықтықтан өтетін «Intelurok»  сайысына қатысып бірнеше оқушы сертификатпен марапатталды.

Ауданымызда өткен «Smart English» аймақтық жарысына 5-7 сынып оқушылары қатысып 48 мектептің арасынан алдыңғы ондықтың қатарында болды.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мейрханованың 2016-2017 оқу жылында «Ағылшын тілін үйренейік»таңдаулы курсының авторлық бағдарламасы жарыққа шықты.

Пән мұғалімдерінің баспа беттеріне бірнеше мақалалары жарық көрді.

Осы оқу жылында бірлестік мұғалімдері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия»жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 100 академиялық сағат көлеміндегі мектепішілік курсын аяқтап сертификатқа ие болды.. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру құралы – ортақ тақырыптар – жаңартылған бағдарламалардың бірден бір ерекшелігі болып табылады. Сондықтан,оқу жылының басында  мұғалімдер  қысқа мерзімді жоспар дайындауда ортақ тақырыптар жүйесін сақтау және тапсырмаларды құрастыру мен оқушылардың сабақтағы қызметін ұйымдастыруда біраз қиындықтарға тап болды және кіріктірілген сабақ өту дұрыс жолға қойылмады .Алдағы оқу жылында бұндай кемшіліктерді болдырмауға тырысамыз.

  2016-2017 оқу жылында ағылшын тілі  әдістемелік бірлестігі өз жұмысын күнтізбелік жоспардағы талапқа сай орындады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  «Қарғалы №4 орта мектеп» KMM- інің  2016-2017 оқу жылында ағылшын тілі пән бірлестігінің  жылдық жұмысының қорытындысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы.

Ағылшын тілі пән бірлестігі отырысының хаттамасы  № 1

Қатысты:  4 мұғалім                                                                             Қатыспағаны: жоқ                                                                              27.08.2016 жыл

                                          Күн тәртібінде :

  1. «ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған «2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен танысу.

2.Тақырыптық – күнтізбелік жоспарларды талдау бекітуге ұсыну.

3.Факультатив және үйірме сабақтарының жоспарларын талдау бекітуге ұсыну.

  1. Әдістемелік бірлестік мүшелерінің есебі.
  2. Пән мұғалімдеріне бөлінген сағаттарды талдау.
  3. Әдістемелік бірлестіктің жылдық жұмыс жоспарын талдау, бекітуге ұсыну.
  4. Ағылшын тілі кабинеттерін талапқа сай жабдықтау,оқу-әдістемелік құжаттарды жинақтау.

8.ОЖСБ  және ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарын талдау.

Тыңдалды:

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша әдістемелік бірлестік жетекшісі Г.Т.Мейрханова сөз алды. Сөзінде, «ҚР Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған

«2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды.

2016-2017 оқу жылында  төмендегідей өзгертулер  енгізілді.

ҚР Білім  және ғылым минстрінің 2016-2017 оқу жылынан  бастап республика мектептерінің кезең-кезеңімен бес күндік оқуға көшу басталады. 2016-2017 оқу жылында бес күндік оқуға республиканың бірінші сыныптары көшеді. 1-шы сыныпта бес күндік аптаға арналған сабақ кестесін жасау жөніндегі әдістемелік ұсынымдама қосымша ретінде ұсынылып отыр.

Ағылшын тілі пәні оқушыға өз халқының мәдениеттері мен рухани құндылықтарының диалогы, ұлттық біртектілік, азаматтық, мораль және тілдік мінез-құлық нормалары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал етеді. Шет тілін оқытудағы бастауыш білім деңгейі қарапайым деңгейді меңгеруге бағдарланған және тілді меңгерудің Жалпыеуропалық құзыреттіліктеріне (CEFR) сәйкес А1 қатысты болады (түрткілеу деңгейі — Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы 42 Breakthrough). Табиғи тілдік орта болмаған жағдайда ағылшын тілін меңгеруді табиғи жағдайларға жақындату мақсатында келесі дидактикалық қағидаларды басшылыққа алу маңызды: оқу материалын азайту, коммуникативтік және функционалдық, кешендік, тәрбиелеп оқыту, белсенділік, көрнекілік, материалды жағдаятты-тақырыптық ұйымдастыру, жүйелілік және бірізділік, меңгерудегі орнықтылық, қолжетімділік (шамаға лайықтылық, дараландыру және сараландыру. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағат, оқу жылында 66 сағатты құрайды.

Екінші мәселе бойынша мұғалімдердің сыныптар бойынша бөлінген сағаттары негізінде жасалған күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары алдын-ала тексеріліп, ондағы кемшіліктері түзетілді. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары оқу бағдарламасына сәйкес жасалынды. Мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптық  жоспарлары талқыланып бекітуге ұсынылды.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес шет тілі бойынша сағат саны: — қоғамдық-гуманитарлық бағыт: 10-11-сыныптарда – аптасына 4 сағаттан, жылына жалпы сағат саны – әр сыныпта 136 сағатты құрайды; — жаратылыстану-математикалық бағыт: 10-11-сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына жалпы сағат саны – әр сыныпта 68 сағатты құрайды. Оқушы дәптерлерінің саны мен түрлері Оқушыларда оқытуда барлық жұмыс түрлерін орындау үшін 10-11сыныптарда шет тілдері бойынша 1 жұмыс дәптері (егер оқулықпен бірге арнайы дәптерлері болса, онда жұмыс дәптерін жүргізу қажет емес, өйткені жұмыс кітабы тақырыптар бойынша толық жаттығулар жиынтығын қамтыған, осыған орай 1 дәптер жүргізу ұсынылады), шет тіліндегі сөздерді жазу үшін 1 Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы 154 сөздік дәптер, бақылау және жазба жұмыстарына арналған 1 дәптер (кабинетте жыл бойына сақталады) болуы қажет. Қазіргі білім беруде заманауи бағытты, соның ішінде шет тілдерді оқыту бойынша процесті ескере отырып, сөздік дәптерін үш тілде жүргізу ұсынылады (қазақ, орыс, ағылшын). Сонымен қатар, дұрыс дыбыстауға дағдыландыратын транскрипцияға ерекше көңіл бөлу керек және жеке сөздерді жазумен ғана шектелмей, сөздер мен идиомалық тіркестерді де жазып отыру қажет. Оқушы дәптерін жүргізуге қойылатын негізгі талаптар: — дәптердің сырты оң жақтағы жоғарғы бұрышына қаланың, мектептің, сыныптың, пәннің атуы мен оқушының тегі, аты шет тілінде жазылып толтырылады; — дәптердегі жазулар тек шет тілінде жүргізіледі; — ай аты мен күн реті жазбаша жазылады; — міндетті түрде жаттығу нөмірі мен беті көрсетіледі; — мұғалім оқушының қателерін көрсетіп, түсініктемелермен бағаны оң жаққа қояды; — оқушылар дәптерлеріне жазуды көк немесе күлгін сиялы қаламмен жүргізеді. Қара және жасыл сияларды, қарындашты астын сызуға немесе кесте құрғанда қолдана алады. Оқушыларға қызыл сиямен жазуға тыйым салынады.

Үшінші мәселе бойынша алдын-ала тексеріліп, әзірленген факультатив және үйірме жұмыстарының жоспарлары да талқыланып, бірауыздан бекітілді. Ол төмендегідей бөлінді:  5«А» «Ә»«Б» сыныбында « Ағылшын тілінің грамматикасы» факультатив сабағы жүргізіледі. Пәнді Қалбаева Ж.М.жүргізеді.

Төртінші мәселе бойынша ӘБ мүшелерінің атқаратын қызметтерін төмендегідей болып бөлінді. Атап  айтсақ  Г.Т.Мейрханова —   Әдістеме бірлестік жетекшісі.Темиршинова А.С- ӘБ хатшы, ӘБ журналдары бойынша жазба жумыстарды тексеру,Қалбаева.Ж.М- әр тоқсан сайын ҰБТ дайындығының мониторингін жасау, олимпиада, дарынға  оқушыларды дайындау.  Сәкенова. А.М – жас маман болғандықтан үнемі сабақтарға қатысу, күнделікті сабақ жоспарын тексерту /методикалық көмек  алу/.

Әдістемелік  бірлестік  мұғалімдеріне бөлінген сағаттар саны

Р/с  Аты- жөні  Сыныптар  Сағат саны Факультатив
1. Мейрханова .Г.Т 6а,ә,б; 9 а,ә, 11,1а,ә,б,в. 7ә,б сыныптар    24  

 

2. Темиршинова А.С 5а,ә,б;7а,ә,б; 8б

Үйден оқыту-3 сағ

 

  20  
3. Қалбаева Ж.М 9а, 9ә, 10а,ә; 7а,б ; 8а

5ә; 1а,ә;2а;11.

  27

 

 

 

 

4 Сәкенова.А.М. 2а,ә,б,в.3 а,ә,б,в

4а,ә,б,в.0а,ә -4 сағ.

  16  

 

Алтыншы мәселе бойынша: Әдістемелік  бірлестіктің 2016-2017 оқу жылына арналған жылдық жоспары талқыланып, бекітуге  ұсынылды. Жыл бойына ағылшын тілі пәні бойынша кабинеттері жабдықталып, үнемі қосымша материалдармен толықтырылып отырылсын.

Келесі  жетінші мәселе бойынша  бірлестік жетекшісі Г.Мейрханова кабинеттегі дидактикалық материалдарды толықтырып ,бар материалдарды ретке келтіру және жаңадан  келген  Айнұр дидактикалық материалдарыңды  кабинетке  әкеліп қою  керек екендігін  айтты.Әлі де жас маман Жадыраның көрінекі құралдары аз толықтыру қажет.

Сегізінші мәселе бойынша ҰБТ-ға ОЖСБ- ның дайындықтары  жылдың басынан қолға алынуы тиіс. Қыркүйек айынан бастап ағылшын тілін таңдаған он бірінші сынып оқушысына қосымша сабақ және тапсырмаларын беру керек. ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының  жоспарын  бекіткізу.

 

                                     Қаулы:

  1. «2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен бірлестік мүшелері толық таныстырылсын.
  2. . Мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары оқу бағдарламасына сай жасалынды деп бағаланып бекітуге ұсынылсын.
  3. Әдістемелік бірлестіктің жылдық жұмыс жоспарын талдау жасалып, бекітуге ұсынылсын.
  4. 2016-2017 оқу жылына бөлінген факуьтатив, үйірме жұмыстары  өз деңгейінде жүргізіліп, уақытылы өткізілсін.
  5. ӘБ мүшелерінің атқаратын қызметтерін төмендегідей бөлініп бекітуге ұсынылсын.
  6. Кабинеттегі дидактикалық материалдар жүйеленсін және толықтырылсын.
  7. ОЖСБ және ҰБТ-ға дайындық жұмыстары  ұйымдастырылсын.
  8. Ағылшын тілі кабинеті талапқа сай жабдықталсын.

ӘБ жетекшісі:                          Г.Т.Мейрханова

Хатшы :                                   А.С.Темиршинова