Бауыржан Момышұлының адамгершілік тұлғасы мен адами бейнесі. (философиялық эссе)

Х алқымыздың  даңқты перзенті   Бауыржан   Момышұлының   100жылдық  мерейтойы –қазақтың  хас  батырлық  қасиетіне тағзым  болып табылады.

Ер -елдің  егеулі найзасы,  ежелгі ата дәстүрімен еркіндік үшін еңку-еңку  жер шалады.       Тәуелсіз еліміз   өзінің  болашағын халқымыздың  ерлік  дәстүрін, күрескер рухын, ұлттық  айбынын бірден-бірге аманат етіп қалдырудан көреді.              ҚАЗАҚСта(философиялық эссе)

н мемлекетінің  рухани-адамгершіл стратегиясының өркениетке келе жатқан   жолдағы мақсат –мүддесі міне,осында.

Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысының майдан даласында  қан кешіп жүріп те  өз Отанының   тарихы,тілі мәселесіне  жан ашырлықпен қарап, ылғи да көңіл бөліп ,  ірі   ірі   жазушылармен  ақылдасып,оларға  өзінің   сыни  көзқарастарын  да   хат арқылы  жолдап отырды. Баукең   Мұхтар Әуезовпен, СӘБИТ Мұқановпен, Есмағамбет Исмайловпен   хат алысып отырды.   Қазақ  халқының   батырлары  туралы   құрметпен айтылатын   күнді  армандап  күтті.   ОЛ  былай деп  хат жазды:   бабамыздың  адамгершілігі ,ерлігі ,ақылы, сипат,салтанаты, көп алдында қашан мақтаныш болып, жұрт алдында еңсеміз қашан көтеріледі?

Басқалар бабаларының аруағына сыйынып бас ұрғанда, ондай міндетті борышымызды басымыздан  атқаруға біздің  ұялуымызға  жол болсын»  деді  Баукең Есмағанмбет ИСМАЙЛОВҚА  ЖАЗҒАН  ХАТЫНДА:      Ол   өз  сөздерін   ашына  жазады.

Демалыс алған  уақытысында  елге келіп ,  «қазақтың Гомері»  атанған  Жамбыл Жабаевқа  сәлем беру үшін  арнайы  іздеп  келген екен. Сол  уақытта  Жамбыл Жабаев  батырға риза болып, «бәтшағар — батыр  болсаң боларсың,түсің суық екен !»деп,шошып кеткен көрінеді. «Өтегендей, Сұраншыдай  батыр  бол,  қайда жүрсең де оқтан  аман шық!» деп ризалықпен ақ батасын берген екен.

Осы  батаның  шарапаты болуы керек,   қан майданға  1941 -1945 жылдары бастан-аяқ қатысқан Баукең майданнан  аман-есен жеңіспен  шықты.

Онан  кейін де, 1956 жылы  полковник атағымен  отставкаға шығып,  ары қарай  шығармашылықпен айналысты.

БАУЫРЖАН Момышұлы- еліміз үшін мақтаныш әрі үлгі -өнеге боларлық тұлға болып табылады.

Бауыржан Момышұлының  ешқашан ескірмейтін тұлға болып қалатын себебі, ол өз заманынан озық туған тұлға болды.

Себебі,  бізде 1000 жыл өтсе де өз заманынан  әрқашан дерлік  озып туатын тұлғалар болады.

Садуақас Темірбеков  : « Біздің көбімізде ойшылдық оқумен келген. ДАНАЛЫҚ ;ДАНЫШПАНДЫҚ ОҚУМЕН КЕЛСЕ ;ОЛ ДА ЖАҚСЫ; АЛ Бауыржан Момышұлының ойшылдығы ,болмыс- табиғатымен келген. Бауыржан данышпан.

Бауыржанның данышпандығы ,бүкіл денесінде, өн бойында тұнып тұр. Сол себепті Бауыржанды білмейтін бір ел жоқ!» деді.

« Біздің Бауыржан ағаның тірі түрін көріп, сөзін естіп қалғанымыздың өзі бақыт.  Ол кісінің бүкіл өмірі –ұрпағымыздың ұрпағына үлгі.

Бауыржан ағаның көпшіліктің   алдында  айтқан сөздерінің  өзі де    ерлікке шақырады:  « Ерлік елеусіз қалмасын ,  Отан үшін отқа түс,күймейсің!

 

«ЖАҚСЫ кәсіп анық ырыс», біздің Қаратау туралы да  «Қар ерігенмен ҚАРАТАУ ЕРІМЕЙДІ деген   ойлы  сөздері ,      өз   аулын     ыстық  жүрегінен   бір сәт те  шығармағандығын     «Ұшқан  ұя»  шығармасынан  анық  байқауымызға  болады.

Біздің ойымызша Бауыржан Момышұлы  аса  үлкен    адамгершілік қасиеті мол тұлға болды.  Біз  оның  тұлға  ретіндегі табиғатын терең танып ,үлгергеніміз жоқ.

Батыр  туралы  Қазақстанның  Халық жазушысы Шерхан Мұртаза былай деді:

«БАТЫР ТУРАЛЫ ЖАЗУ
үшін  батыр мінез керек. Олай емес екен, біртуар қаһарманды аласартып аласың.

Ол орасан ойдың адамы болды. Ол өте білімді болды. Ол асқан намысқой болды. Рухы күшті, жаны таза еді. Айбынды,  асқақ еді. Алдына қойған мақсатында жеңімпаз еді.

Оның туысы ,болмысы осы қасиеттердің бірлігі еді.

Сол бірліктен қазақтың қас батыры шықты.

Қас батырдан қасқайып тұрып сөйлейтін қаһарман мінез шықты. ШЫНДЫҚ ДЕГЕНДЕ ХАННЫҢ ДА; ҚАРАНЫҢ ДА БЕТ-Жүзіне қарамайтын өткірдің жүзі болып сүрді өмірін. Өрен кісілігі,өзгешелігі,өркениеттілігі сонда.   Шерхан Мұртаза  айтуына  қарағанда, ғаламат ғажап екендігі де сонда, қайта тумас,бір туар екендігі де сонда. Алты алаштың айбыны ғой,Баукең.

Жас ұрпақ осыны ойлап, осыдан ғибрат алуы тиіс екен ғой  бүгінгі таңда.

ҚАЙТЫС БОЛҒАН ЖАНДАРДЫҢ  БАРЛЫҒЫ ДА ҰМЫТЫЛАДЫ; тек өзгеше   адамдар ғана  ұмытылмайды.   Олар барлық асыл қасиеттерімен есімі халықтың   қанына сіңген кісілер.    Шерхан Мұртаза  солардың бірі деп,  Баукеңді айтады.

Бауыржан  -онжылдықтармен  өлшеуге болмайтын ,ғасырда біртуар,өнегесі мен үлгісі, сөзі мен ісі ,ерлігімен өрлігі ұрпақ пен ұлтқа мыңдаған жылдар   рухани азық. Отанды сүйіп, Отанға қызмет етудің мектебі болар феноменальды құбылыс, әруақты құбылыс.    Бауыржан Момышұлы – Қазақ дейтін халықтың Ары мен намысы, Ойы мен парасаты, шыңдап сомдаған ұлтының жүрегіне мәңгілікке мекен еткен ұлы тұлға.

Кешегі сұрапыл соғыста  көп ұлтты Отанының намыс туын желбірете ұстап, жүрек жұтқан ерлігімен ,дара бітімімен  ұлтымыздың атын дүйім әлемге жайып, абыройын асқақтата білген   Бауыржан ағамыздың  тарихымызда  алар орны ерекше.

Қан майданда қол бастаған  ,  ал бейбіт күнде    халқының еркесі болған Баукеңнің  абзал азаматтығы   ,ерен ерлігі  ,қайталанбас мінезі  туған халқы ,келер ұрпақ  үшін  өшпес өнеге.  Елдің махаббатына бөленіп,аты аңызға  айналған  ағамыздың   Отан алдындағы    еңбегі   кеш   те    болса   әділ    бағасын     алғаны    бүкіл республика жұртшылығын  ,иісі қазақ бласын   ерекше қуанышқа кенелтіп   отыр.   Баукең  жұлдызды болған күн —  халықтың    жұлдызы жанған  күн.  деп  ерекше  атап өтті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .

Ерлік   -елге сын,  елге-бақ   аты  көзі тірісінде    алты   алашты    қойып, алты құрылыққа    аңыз болған      Баукеңнің   азаматтығы  ешқашан  ұмытылмақ емес!

Алима Джумабаева

Қаратау технология,білім және бизнес

колледжінің  тарих пәні  оқытушысы

 

 

0