Қазақ  елі  үшін  Тәуелсіздік  баянды   болса  деп тілейік

( Публицистикалық  эссе)

        Тәуелсіздік  —  елдің  өз алдына ел  екендігін  ,  өз алдына ішкі және сыртқы саясатын жүргізе алатындығын білдіретін  аса маңызды  ұғым болып табылады. 

     Тәуелсіздікке оп-оңай қол жеткіздік пе деген сұраққа келетін болсақ, әрине  біз Тәуелсіздікке  оп-оңай қол жеткізген жоқпыз.

    Біздің  еліміздің тарихы- Тәуелсіздік жолындағы,өз алдына егемен ел болу жолындағы  күрестің   мысалына  толы тарих.   

     Тәуелсіздік жолындағы күрестің ішіндегі ең ірісі  әрине,  ол биыл 90-жылдығы Республика көлемінде аталып өтіп жатқан «Алаш Орда   қозғалысы»  деп айтуға әбден болады.

    Алаш қайраткерлері — Әлейхан Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,  Жүсіпбек Аймауытов, Халел Досмухамедов , Мағжан Жұмабаев және басқа да Алаш ардагерларінің  аңсаған арманы -Алаш жұртының  біртұтастығы болатын, сол бір  биік    арман жолында  алаш арыстары үлкен  ізгі мақсат жолында бірікті,  сол жолда  Алаш арыстары  құрбан болды.  Осыдан 90-жыл бұрын олар аңсаған  Тәуелсіздік ісіне  1991 жылы  шын мәнінде ,  қол жеткізілді. Ол арман  іске асуы үшін  бірнеше  қиын да   күрделі  кезеңдерден өтуге тура келді.   Міне, жақында ғана  2008 жылдың 21 қарашасында  Алматы қаласында Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық университетінде  «Алаш және Тәуелсіз Қазақстан : идеялар мен ұстанымдар сабақтастығы » деп аталынып, көптеген  атақты ғалымдар , әсіресе  К. Нұрпейіс, Т.Омарбеков ,  Мамбет Қойгелдиевтің  және басқа да тарихшылардың  ерен еңбегінің    арқасында  «Алаш  ардақтыларының  »  мұрағаттардың    шаңына көмілген  өмір жолдарын  мен   аса   ауыр   тағдырлары,  елі еткен еңбектері    қаз-қалпына    келтірілгендігін білдік.  Тарихи  құнды   зерттеулер   жазу  оңай емес екендігін жалпы көпшілік те түсінген сияқты.   

    Мемлекеттің  Тәуелсіздігі    не дейтін болсақ, ол еліміздің  ішкі және сыртқы саясатын өз еркімізше өзіміз шеше алуымыз екен.

    Тәуелсіздік дегеніміз  ертеңгі  келер ұрпаққа  қажетті істермен айналысу екен. Олай болса, біздің ұрпақтың алдына қойылар мақсаттар өте ауқымды. 

     Ол мақсатқа жету үшін бізге   артылар міндет не дейтін болсақ,ол әрине ең бірінші «Алаш арыстары» аманат етіп кеткен білімді де отаншыл ұрпақ тәрбиелеу ісі болса керек.  Еліміздің алдында көптеген ауқымды істер қойылып отыр.  Солардың бастыларына тоқталатын болсақ, олар  мысалы,  Қазақстанның  әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуі ,  немесе  бәрімізге белгілі  «Қазақстиан -2030 » стратегиясы ! 

    Сонымен қатар, біздің  осы алдымыздағы ұрпақты отаншылдық рухында тәрбиелеуіміз қажет екендігі белгілі.

     Рухы күшті ел ғана зор  міндеттерді   орындап шыға алатынына  бүгінде көзіміз анық жетті.

      Тәуелсіздік кезіндегі аса маңызды жетістіктеріміз   не дейтін болсақ, ол әрине,   біз үшін ең қымбаты-  еліміздің  Астанасы,  сонан кейін   еліміздің  БҰҰ — мүшесі болуымыз,  және  Қазақстанның  Тәуелсіздігін әлемнің аса    алпауыт елдерінің  мойындауы, қазір елімізден   сыртқа білім алуға  және қызмет етуге  шыққан   жастарымыздың барлығы да  еліміз туралы шет елге айтып беруде.

  «БОЛАШАҚ» бағдарламасымен шетелдерде  оқып келіп жатқан жастарымыз да   еліміздің  жастарының   білімді  де  жан-жақты  екендігін   әлемге   паш етіп келеді.

 Тәуелсіздіктіктің  арқасында ғана  Қазақстанның   АҚШ,Канада,Италия,Жапония,Қытай,Түркия мен басқа да шет елдерде білім алып келе жатыр. 

    Тәуелсіздіктің  көптеген   жетістіктерін   біз үшін тек қана Президент атымен байланыстыратынымыз тегін емес.

   Себебі,  Президент  Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың   «алдымен экономика,  онан кейін саясат»  деген   ұстанымы  арқасында   елімізге  ең бір сын сағаттарда  инвистиция жеткізіліп,   нарық  экономикасы  Қазақстан   халқын ширатып,  жаңа   жағдайлардан  жол таба білетін, еңбекқор , ізденімпаз   азаматтар  саны  көбейді.   Астана   қаласын салу  жаңа жұмыс орындарының ашылуына   және   ертеңгі  жарқын   өмірге  жігерлендіре  білді.

    Президентіміздің  бейбіт сүйгіш сыртқы саясатының арқасында еліміздің азаматтары шетелдерге шығуға мүмкіндік алды,  өздерінің   таланттарын   шеттмемлекеттерде   танытып жүрген замандастарымыз  қатары өсіп келеді.   Сыртқы саясаттағы аса ірі жеңісіміз деп  Қазақстан Республикасының  ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, 2010 жылы «Европадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақ Ұйымына» төрағалық ететінін айтсақ та жеткілікті  деп ойлаймын.

    Тәуелсіздік -біздің еліміз үшін тек қана  үлкен мүмкіндіктер сыйлап отырғаны үшін ғана емес, ата-бабадарымыздың осы бір Тәуелсіздік жолында өздерін құрбан еткендері үшін де құрметтеуге  лайық    қасиетті   мереке  болып табылады,  Н:Ә: Назарбаевтың   сөзімен айтқанда «Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін,  Қазақстан деп аталатын республиканың жер бетінде барлығы үшін  тарихтың әр тұсында осы елді,осы жерді қорғаған   қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз »   деп атап  көрсеткен болатын.   Тәуелсіздік жолында   жанын қиған   ерлердің   істеріне  үлкен алғыс сезімімізді білдіруіміз қажет деп ойлаймын. 

    Исатай мен Махамбет,Кеңесары Қасымұлы патшалы Ресейдің  ,  1986 жылы күрескен Қайрат Рысқұлбеков  пен  Ләззат Асановалар  Тәуелсіздік  жолында   Тәуелсіздік   бізге оңайлықпен келмегенін есте әрқашан берік ұстауымыз  , қажет.

   1991 жылы 16 желтоқсанда  еліміз Тәуелсіздік алды, яғни  1991  «Тәуелсіздік туралы Заң қабылданды! »

    Міне,  сол уақыттан бері де  17 жыл өтті. Ол тарих үшін қас-қағым сәт!  Бірақ,  бұл уақыттың ішінде  қаншама төккен тер мен   еңбек жатқанын  бәріңіз де білесіздер деп ойлаймын.

     Халқымыз үшін ең қымбат  мереке Тәуелсіздік күнінің  тарихи маңызы артып,  онан әрі де  еліміз  өзінің  алдына қойған  жетістіктеріне жете берсін деп тілеймін.

 

                                                     Фарида  Жұмабаева 

 Шымкент қаласының  тарих пәні оқытушысы

Қаратау қаласы

Жамбыл облысы