Еңбекшіқазақ ауданы,

Шелек Қорам мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Гомбожав Зоя

 Білімнің негізі бастауышта.

 Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Бүгінгі күн талабы- оқушының ақыл-ойын дамыту, өзіндік іскерлік қасиеттерін шыңдау, заман талабына сай бәсекелестікке қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Қазір мұғалім сабақты  дұрыс ұйымдастыра отырып, бағыт-бағдар беру арқылы өздігінен жұмыс жасауға оқушыларды үйрету нәтижесінде, жаңа идеялар мен жаңалықтар, болжамдар мен нәтижелер әкелетіндей тұлға даярлап шығуды көздеуде. Баланы үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады. Олардың ішінде проблемалық оқыту, интерактивтік оқыту, модульдік оқыту, ойындық технологиялық оқыту, коммуникативтік оқыту тағы басқа технологиялар болып табылады. Педагогикалық технологиялардың негізінде (ойын технологиясы, проблемалық оқыту және т.б.) мұғалімдердің құзырлылығын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-әрекеттер сұхбаттасу, оқу-танымдық әрекеттер барысында, кездескен қарама-қайшылықтарды жоюға мүмкіндіктер береді. Менің алдыма қойған мақсатым-оқушыларға тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, сабақта жаңа технология үлгілерін тиімді пайдалану. Ойын технологиясын қолданған кезде оқушылардың ойлау қабілеті өте жақсы дамиды.

Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Ойын барысында олар өзін еркін сезінеді.  Ойынның түрлері көп, маңыздысы дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы баланың ақыл ойының қалыптасуына әсер етеді. Дидактикалық ойын арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Әр сабақта тиімді қолдану керек сонда ғана сабақ әсерлі, тартымды, оқушы белсенді және ынтасы артады.

Ең бастысы ойындар оқушылардың көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады. Ойынның әлеуметтік бейнесін зерттеуші белгілі психолог Д.Б.Элькониннің сөзімен айтсақ: «Ойын — ол адамдардың арасындағы әлеуметтік ара-қатынас, практикалық білімдері және қызметі». Оқу ойындарын қолданудың жағымды жақтарына американдық авторлар мыналарды жатқызады:

  • ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда өз тәжірибесімен оқытуға мүмкіндік береді;
  • ойындар ойын басшысының тәжірибесіне немесе дағдысына тәуелсіз;
  • ойындар интуицияны жаттықтырады, мәселені шешу қабілеттілігін және қажетті әлеуметтік мінез-құлықтың түрін таңдауға, үрдістер мен құбылыстардың деректерін түсінуге, стратегиялық баламаны шешім қабылдауға, тәуекелге бел байлауға үйретеді;
  • ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай арттыруда, ойынға қатысушылар оқытушының рөлін ойнап, бірін-бірі белгілі бір деңгейде оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында өздерінің қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді.

Жаңа технология жүйесінде проблемалық, іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.