Алматы қаласы, №90 мамандандырылған мектеп-лицейінің

4 «Ә» сынып оқушысы Жұбаныш Айдын

№90 мамандандырылған мектеп-лицейі

 

Зерттеу жұмысы:

Тақырыбы:

«Математика  – біздің өмірімізде  »

 

Орындаған:  4 «ә» сынып оқушысы

Жұбаныш Айдын

 

Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі

Ахметова  М.Е.

 

 

 

 

Алматы қаласы      2017

 

 

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе  …………………………………………………………………………………………         3

1.Теориялық бөлім 

1.1 Математиканың шығу тарихы………………………………………………..              4

1.2 Математиканың қазақ халқының өміріндегі орны ……………………            7

1.3   Математиканың адам өміріндегі рөлі  ……………………………………            9

  1. Зерттеу бөлімі

2.1. Зерттеу жұмысы бойынша сауалнама  ……………………………………..           11

2.2    Математика  асханада  …………………………………………………………..           13

2.3    Математиканың  медицинада  қажеттілігі………………………………            13

2.4    Математика   теміржолда  ……………………………………………………..           14

2.5    Математика құрылыс  саласында …………………………………………..          15

2.6.  Менің    қолөнерім      …………………………………………………………….           16

  1. Қорытынды ……………………………………………………………….     17
  2. Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………………… 18

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Математика   пәнінен ғылыми жұмыс жазу тапсырылғаннан    кейін,  тақырып таңдау өте қиынға соқты. Себебі, математика ғылымы өмірмен  тығыз байланысты.Қайда болмасын сандармен кездесеміз. Мысалы: сабақ кестесінде, асханада, дүкенде, аялдамада…., барлық жерде деуге болады. Математиканың өмірде орасан зор орын алатыны сондай, тіпті оны оқып-білу  бізге соншалықты қиын, әрі қол жетпестей болып көрінеді, бірақ математиканы тереңдете оқыған сайын ол бізге жақындай беретінін және оның әрі қызықты, әрі жұмбағы мол әлем екенін байқаймыз. Сондықтан да мен  «Математика – біздің өмірімізде» тақырыбын таңдадым.

Математика пәнінен ғылыми жұмысты таңдағаннан кейін ең бірінші «Математиканың  біздің өмірімізде алатын орны қандай?» деген сұрақ туындап , сол арқылы зерттеу жұмысымды бастадым.

 

Өзектілігі :

Математиканы оқып – үйрену есеп шығаруды үйрену үшін ғана емес, кез – келген проблеманы шеше білу, өз қабілетіңді жетілдіре алу үшін қажет екенін ұғыну. Математиканың тұрмыста да аса қажеттілігін дәлелдеу.

 

Зерттеу мақсаты:

Математиканың адам өміріндегі маңызын анықтау: яғни өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтыны туралы, оны қалай оқып білу керектігі мен математиканың адам өміріне қаншалықты қажет екенін дәлелдейтін мәліметтер іздестіру.

 

 

Міндеті:

  • Өмір мен математиканың байланысын қарастыру
  • Математикасыз өмір сүру мүмкін емес екенін дәлелдеу.

 

 

Зерттеу болжамы:

Егер математика күнделікті өмірде ешкімге қажет емес ғылым болса, онда қарапайым адамға  оның заңдылықтарын білу міндетті емес деп болжаймын.

 

Зерттеу әдістері:

Іздену, анықтау, тәжірибе жасау, сауалнама өткізу, қорытындылау, тұжырымдау.

 

 

 

  1. Теориялық бөлім

1.1    Математиканың шығу тарихы

Математика грек тілінен қазақшаға аударғанда «білім, ғылым» деген мағынаны білдіреді. Ғылым тарауларын гректер «математ» деп атаған, осыдан математика деген термин қалыптасқан.1564-1642 жылы өмір сүрген Г.Галилей «Әлем математика тілімен бейнеленген» деген тұжырымды ойын айтқан.

Ал қазақ математигі Орынбек Жәутіков атамыз  «Сан- математика ғылымының іргетасы» деп айтқандай бізді жан-жақтан сандар қоршайды, олар бізге барлық жерде қажет.Сандарсыз біз уақытты да, күнді де белгілей алмас едік,сандарсыз біз заттарды сатып ала алмаймыз, өзімізде бар нәрсені қайта санай алмаймыз немесе бізге тағы да қанша қажет екені туралы да айта алмаймыз, сондықтан, сандарды ойлап табу қажет болды.

Бүгінде екі жердегі екінің төрт екені тіпті мектеп табалдырығын аттай қоймаған бүлдіршінге де белгілі. Осы бір қарапайым шындықты білу үшін адамдардың әлденеше мың жылдар оқуына тура келді. Тас ғасырында өмір сүрген ежелгі адамдар тіпті: «екі», «төрт», «бес» деп санай да білмеген. Санаусыз қалай күн көрген дейсің ғой? Тіптен оп-оңай. Айталық, аң аулауға сегіз кісі шықты делік. Олардың бесеуі аңды тұйыққа қуып әкеліп қамайды.Үшеуі екі бүйірден қақпайлауы қажет. Бұл үшін сан атауы қажет бола бермейтін. Бір- біріне саусақтарын нұсқасып-ақ өзара түсінісіп жататын.

 

Саусақтар өстіп, сандардың алғашқы таңбасының да, алғашқы «есептеу машинасының» да міндетін атқарды. Саусақтарды бүгіп жазу да оңай. Беске екіні қосу үшін бір қолдың саусағын түгел, екінші қолдың екі саусағын бүксе жетіп жатыр. Саусағыңды бүксең — қосқаның, жазсаң — шегергенің. Қолдың саусақтары жетпей жатса уайымдаудың қажеті жоқ, аяқтың он башпайы тағы бар.

Біз ондықтар арқылы санаймыз; онға дейін бір санап тастап, әрі қарай он бір, он екі, он үш… деп кете береміз, яғни екінші ондықты бастаймыз. Жиырма — екі ондық, отыз — үш ондық деген сөз. Сондықтан да көптеген ғалымдар бұлайша санауды қолдағы он саусаққа негізделген деп есептейді.  Кейін келе адамдар сандарды ағашқа немесе тасқа сызықшалар салып белгілеген.

 

 

…Ғасырлар ауысып, мыңжылдықтар жылжи берді. Біздің ертедегі бабаларымыз тастан үй салып, айдау жерді шағын бөліктерге бөлуді, егін себетін уақытты есептеуді үйренді. Бірақ осының бәрі үшін де күрделі есеп керек еді, ал есепті шығару үшін цифрлар қажет болды.

Алғашқы цифрлар да алғашқы сөз белгілері — әріптер жазыла бастаған тұста пайда болды. Ежелгі Египетте арифметикалық күрделі есептерді шығара білген.

Бірде ғалымдар Ежелгі Египет перғауынының — патшасының бір жеңісі туралы тасқа қашап жазған жазуды тауып алады. Әріп таңбаларының арасынан құсқа ұқсаған бір белгіні көреді. Сөйтсе, бұл «жүз мың» деген санның белгісі екен.

Бір де бір нөлі жоқ жүз мың… Өйткені, ол кезде нөл деген болмаған.

Нөлді кейініректегі Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде де білмеген. Ежелгі гректер цифрлар үшін де жай әріптерді қолданған. Бірді — А, екіні — В, үшті — Г деп, басқа сандарды да осылайша таңбалаған.

Ежелгі Римдіктердің де өз цифрлары болған. Бірақ ол цифрлар пайдалануға мүлдем қолайсыз еді. 1, 2 және 3 сандарын жай ғана саусақтар бейнесімен таңбалаған. Ал бестік — 5 саусақ қой, яғни қол. Бас бармақ пен төрт саусақтың суретін салып жүрмес үшін мынандай «V» таңба салған екен. Төртті жазу үшін, арифметикаға жүгінбеске шараң жоқ, бестен бірді шегер, яғни әуелі бірді, соңынан бесті жаз, ал тоғыз… Бұл үшін тағы да таяқшаны қосу

керек пе? Керісінше қайта шегеру керек. Ондықты римдіктер «X» әрпімен

тоғызды жазу үшін оннан бірді алу керек. Демек, ондықтың алдына бір таяқша қойып, былай: «IX» жазған. Рим цифрлары күні бүгінге дейін ұмытылған жоқ.

Ал бүгін қолданып жүрген цифрлар қайдан келген?

Оларды араб цифры деп атайды.

Сандарды жазу үшін қолданылатын 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 цифрлары біздің заманымызға дейінгі үшінші ғасырда Үнді елінде пайда болған. Араб елдері арқылы олар Еуропа елдеріне жетті. Сондықтан ол цифрлар араб цифрлары деп аталады. 12 ғ-дың басында Италия ғалымы Фибоначчи (Leonardo Fibonacci, 1170-1250 жж.) латын тілінде жазылған «Есеп шот» деген кітабында үнді сандарын еуропалықтарға таныстырған.

Еуропалықтар бұл сандарды арабтардан қабылдағандықтан, мұны араб сандары деп атап кеткен. Осыдан 2500 жыл бұрын ежелгі Римде 0 цифры енгізілмеген, позициялық емес санау жүйесі қалыптасқан.

Тарих жылжып өтіп жатты,  символдар бүкіл әлемге тарай отырып ғасырлардан ғасырларға қарай өзгеріп отырды да, біртіндеп біз пайдаланып жүрген қазіргі заманғы сандарға айналды.

Сан адамзаттың ақыл — ойының жалаң туындысы емес, тұрмыстық қажеттіліктерінен бастау алған ұғым. Сандар- математика ғылымының түп қазығы.

«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін математика сондықтан оны оқу керек» — бұл сөз М. В. Ломоносовтікі .

1.2    Математиканың қазақ халқының өміріндегі орны

Қазақ халқы сандардан мазмұны терең мән, өмірі мен тұрмысына тірек , жанына жалау еткен халық.Қазақ халқында жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары қасиетті, киелі сандар деп есептелген. Оның себебі орта ғасыр алхимиктері мен астрологтарының жеті күнге, жеті жұлдыз атын беруі, жеті металдың (алтын,күміс,темір, сынап,қалайы,мыс,қорғасын) пайда болған күні деп, жексенбі,сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндеріне ат беруі.

Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша (оның негізі ертедегі араб күнтізбесінде жатыр) он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттар ат беру (тышқан,сиыр,барыс, қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін,тауық,ит,доңыз), оларды он екі қазына деп атауы, он екі жылды адамның бір мүшелі-қатерлі жыл деп арнайы атап өту, «он екі мүшең сау болсын», «он екіде бір нұсқасы жоқ».

Сондай-ақ  адам өмірінің  кезеңін ерекше атап өтуде туған баланың қырқынан шығуы тойын жасау немесе өлген адамның қырқын беріп, еске түсіру-ертеден халық арасында кең сақталып келе жатқан дәстүрлер.
Қырық пен жеті сандарын ежелден қасиетті киесі бар сан деп қараған. Мысалы, қырықтың бірі – Қыдыр, қызға қырық үйден тыйым, қырық күн шілде, жеті қазына, жігітке жеті өнер де аз.
Өмірде санға байланысты мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылытпаштар кездестіруге болады.
Мақал-мәтелдер
1)Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
2) Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
3) Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
4) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
5) Ер жігіттің екі сөйлегені -өлгені.
Жұмбақтар
1)Таңертең төрт аяқты.
Түсте екі аяқты.
Кешке үш аяқты. (адамның сәбилік, жастық,кәрілік шағы)
2)Бір көлде он екіден қаз ойнайды.
Алсам деп бірін-бірі наз ойнайды.
Келгенде жақындасып, қожаңдасып
Бір-бірін алмасына еш қоймайды. (дойбы)
3) Бес ін, бес інінің ауызы бір ін (қолғап)
Жаңылытпаштар
1)Үш кіші ішік піштім,
Бес үлкен ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?
2) Оралдан оралған олардан
Омаржан оң көріп,
Он бөрік, тон беріп, тор алған.
3) Арқада алты арқар бар.
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда қарт арқар бар,
Алты арқарда марқа арқар бар.
Ежелгі өлшем бірліктері
Қазақ халқының ежелгі өлшем бірліктерін еске түсірейік.
Халық өлшемдері – ұлт мәдениеті мен этнографияның қызықты салаларының бірі. «Халық айтса- қалып айтпайды» дегендей , халық өлшемі – анық өлшем десек , қателеспейміз. Өйткені оны ата- бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып , сол арқылы өлшем негіздерін жасаған.

Халық өлшемдерінің негізгі түрлері мыналар;
Салмақ өлшемдері : Мысқыл (0,4 гр), қадақ (750 гр),келі (1 кг),пұт (16 кг)
Көлем өлшемдері : Бір шымшым, бір шөкім, бір уыс, қос қуыс, бір тілім, бір түйір, бір құшақ.
Ұзындық өлшемдері Бір елі (1-5 см),сынық сүйем (14-15см),сүйем(17-18 см),кез
(50 см), аршын (75 см), құлаш (1,8-2 м).
Қашықтық өлшемдері Адым (1м), таяқ тастам (10-15 м), әй дейтін жер (100м), дауыс жететін жер (250-300м), шақырым (1км)
Мерзім өлшемдері Бір сәт,қас-қағым, ә дегенше(1 сек), сүт пісірім (5-10 мин),бие сауым (1,5 сағ), ет пісірім(2-3 сағат),тәулік (24сағат), апта (7 күн),ай (30-31 күн).

 

1.2    Математиканың адам өміріндегі рөлі

«Математика барлық ғылымдар патшасы» деп Гаусс айтқандай математиканы да адамды сүйгендей сүйіп, адамды түсінгендей түсінген абзал. Бұл ғылым өте  терең біліктер мен үлкен ізденушілікті талап етеді. Бірақ бұл ғылым өзінің қызығушылығымен қызықтыра түсетін жұмбақ тәрізді.  Математика- барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика – оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. Математика  пәнін оқи отырып,  оқушылар өздерінің теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады.

Математика адам өміріне не үшін қажет?

Бала жаңа ғана дүниеге келді, оның өмірінде қазірдің өзінде алғашқы сандар естіледі: бойы, салмағы.Сәби өсіп келеді,  ол «математика» деген сөзді айта алмайды, бірақ  ол  өз ойыншықтарымен ойнай отырып кішігірім  есептер шығара алады.  Ал  ата-аналары   да өз  міндеттерін орындауда математиканы ұмытпайды.  Бала өскен сайын оған дұрыс күтім жасау үшін:уақытымен және мөлшерімен тамақтандыру, жуындыру үшін де математика керек.

Мектепке келгенде ақыл-ойымызды дамыту үшін математиканы оқимыз. Математика арқылы біздің  ойлау қабілетіміз, логикамыз  дамиды. Қарапайым есептеулер арқылы заңдылықтарды анықтап, шешімдер қабылдаймыз. Қойылған сұраққа немесе есепті шығаруға жылдам, сенімді және дұрыс жауап беруге дағдыланамыз.

Ал одан әрі жоғарға оқу орнын оқу үшін және күнделікті өмірде : жұмыста, үйде кез-келген бір істі бастауда үнемі математиканы пайдаланатын боламыз. Математикадан сынақты қалай  тапсыру керек? Жақсы пәтер алу үшін қанша ақша табу керек? Үй салсаңыз үйіңіздің көлемі қандай болады? Оны салу үшін қаншалықты құрылыс материалы керек болады? Оның бәрін есептеу үшін адамға математика көмекке келеді. Біздің заманымызда жаңа технологияны дамыту үшін, өнертапқыштыққа жету үшін математикалық терең білім қажетті.

Математиканың басқа ғылымдармен байланысын атап айта аламыз.

Математиканың тарихпен қандай байланысы бар? Тарих толығымен даталардан және соған сәйкес оқиғалардан тұрады. Оларды есте сақтау үшін математикалық ойлау қабілеті керек.

Дүниетанумен байланысына келсек, қалалардың арақашықтығын анықтағанда масштаб, қолда бар карталар есепке алынады, қарапайым математикалық есептеулер арқылы қажетті деректерді алуға болады.

Әдебиетпен байланысы: көз алдыңызға логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған адамды келтіріңіз. Егер ол бір шығарманың авторын жақсы білмесе де, оның туған, өлген жылын білу арқылы сол уақыт арасында болған оқиғаларды оңай еске түсіріп,шығарманың атын еске түсіре алады.

  • Автожүргізуші өзінің жүретін жолына қанша уақыт немесе қанша жанармай кететінін есептеу үшін қажет
  • Құрлысшыға қандай да бір нысананы салу үшін
  • Аспазшыға ас дайындау үшін қанша мөлшерде азық-түлік қажет екенін білү үшін
  • Дүкеншіге қабылдаған тауарды күнделікті кіріс пен шығысты есептеу үшін .
  • Астрономдарға алыс жұлдыздардың жолын білу үшін қажет.
  • Инженер математиканың көмегімен ұшақтардың, кемелердің немесе жаңа электрстанцияларды есептеп жасайды
  • Ғалымға ашқан заңдылықтарын есептеу үшін керек
  • Теңізшіге кеме бағытын анықтау үшін керек
  • Сатушыға дүкеннен түскен пайданы есептеу үшін
  • Тіпті музыка пәнінде ритмді сақтау ,ноталардың ұзақтығын сақтау, паузаны сақтау үшін де математика қажет.

Әрине есептеусіз, математикасыз бұл өмірде  ешнәрсе істей алмаймыз. ендеше матеманың өмірде алатын орны орасан зор.

Математиканың өмірмен байланысы анық. Миды жаттықтыру үшін адамға математиканы үйрену, есеп шығару қажет  және  математиканың бүкіл заңдарын басқа ғылымдарды оқығанда пайдаланамыз.

Шынында да математика өздігінен математикалық құндылықтарды туғызбайды, ауруларды емдемейді, жер қойнауындағы байлықтарды ашпайды, машиналарды жүргізбейді. Бірақ оның құнды пікірлері мен әдістерін ұқыпты қолдану арқылы материалдық құндылықтарды сақтап қалуға, аурудың алдын алуға, жер қойнауындағы қазына байлықтың мөлшерін анықтауға оны қолданудағы экономикалық тиімділікті есептеуге мүмкіндік береді .Қоғам үшін де математиканың рөлі ерекше, себебі, әр түрлі бағыттағы математикалык әдістерді қолданбаса ғылыми-прогрестің болуы мүмкін емес.

  1. Зерттеу бөлімі

 

  1. 1.Зерттеу жұмысы бойынша сауалнама

Біз математиканы күнделікті қолданатынымыз соншалық, тіпті оның  біздің өмірімізде қаншалықты орын алатынын сезбей де қаламыз. Математика ғылымы өмірмен байланысты қиын және өте қызық пән екендігімен ерекше.

Мен бұл жұмысым арқылы математиканың адамның өмірінде қаншалықты орын алатынын және математиканы оқу бізге қаншалықты қажет екенін анықтағым келді. Сол себептенде  өз сыныптастарыма және де сыныптастрымның ата-аналарынына арналған бірнеше сауалнамалар дайындадым.Мұндағы мақсатым  математиканың адам өміріне маңыздылығы мен қажеттілігі туралы бөлісу еді.

Сыныптастарыма да математика пәні туралы бірнеше анкеталық сұрақтар қойған болатынмын.

  1. Саған математика пәні ұнайды ма?  («иә» -23, «жоқ»-2, «кейде»-1)
  2. Математиканы қиын пән деп ойлайсыңдар ма? («иә» -13, «жоқ»-11, «кейде»-2)
  3. Математиканы оқу қажет па? («иә» -26, «жоқ»-0)
  4. Өмірде математика пәнінен алған біліміңді қолданасың ба? («иә» -25, «жоқ»-1)
  5. Математикада логикалық есептер шығарып үйренудің маңызы зор деп есептейсің бе? («иә» -25, «жоқ»-1)

Сауалнаманың нәтежиесіне қарап, менің сыныбымда оқитын 26 оқушының 23-іне математика пәні ұнайтынын, 13 оқушы математиканы қиын пән деп есептейтінін, 16 оқушының түгелдей математиканы оқу қажет деп білетінін, 25 оқушының математикадан алған білімдерін күнделікті пайдалана алатынын, ал 25 оқушы қазіргі таңда логикалық есеп шығарудың маңызы зор деп есептейтінін анықтадым.

Ал  сыныптастырымнан  2  оқушыға математика пәнінің  ұнамайтынын, 1 оқушыға кейде ғана ұнайтынын, 11 оқушы математиканы қиын десе және бір оқушының кейде ғана қиын деп есептейтінін,1 оқушы математикадан алған білімін өмірде қолдануды білмеймін деп жауап бергенін және 1 оқушы логикалық есеп шығаруды үйренудің қажеті жоқ деп есептейтінін анықтадым .

Ата-аналардмен өткізілген сауалнама нәтижесі төмендегідей болды:

1.Балаңызға математикадан үй тапсырмасын орындауға көмектесесіз бе? («иә» -0, «жоқ»- 10, «кейде»-15)

2.Математиканы сіздің балаңыздың болашағы үшін қажет деп санайсыз ба?                  («иә»-26)

3.Cіздің өміріңізде математика қажет болды ма? («иә» -26)

Ата-аналарға берілген үш сұрақ бойынша баласына үй тапсырмасын орындауға  15 ата-ананың кейде көмек беретінін, ал 10 ата-ананың мүлдем көмектеспейтінін және барлық ата-аналардың да математиканы балалардың болашағы үшін қажет деп есептейтінін және өз өмірлерінде математиканы пайдаланатынын білдім.

         Мамандық иелерімен кездесу

Математика қандай мамандық иелеріне қажет?

Мен оған іс жүзінде көз жеткізбек болып, бірнеше мамандық иелеріменен кездестім.

2.2    Математика  асханада.

Мен осы ғылыми  жұмысымның мамандық иелерімен кездесу тарауын өз мектебімнің бас аспазшысы Гулсима Сапарқызымен кездесуден бастадым. Ондағы мақсатым асханада математиканың қажеттілігі барма білу еді. Гулсима Сапарқызының  айтуы  бойынша  математиканы білудің  асханада үлкен маңызы бар екен. Кез — келген асты дайындау үшін, оған  қолданылатын  азық — түліктердің  құрамы, мөлшері  қатаң сақталуы  қажет. Асты дайындау барысында  азық — түліктерді өлшеу кезінде  салмағы мен көлемін білу  үшін   математикалық шамалар қолданылады, сонымен қатар  уақыт өлшемі де маңызды роль  атқарады. Гулсима Сапарқызы  асханада математиканың  қажеттілігін  түсіндіру үшін  ең қарапайым  омлет тағамын мысалға келтірді.

Қажетті азық — түліктер: 2- жұмыртқа, 20 гр сүт,20 гр май. Ал осындай

6 жұмыртқадан омлет жасау үшін, қанша грамм сүт пен май қажет етеді?

6/2= 3 яғни керек азық — түлік  құрамы 3-есеге көбейеді.20*3=60 гр cүт пен май қажет болады.

Гулсима Сапарқызы бұндай есептерді күнделікті ас дайындау  кезінде шешетінін айтты.

 

          2.3   Математиканың  медицинада  қажеттілігі.

Математика бізге туылған күннен бастап қажет екен. Сәби дүниеге келген кезде салмағы мен бойы өлшенеді, баланы әрбір  3 сағат сайын тамақтандырып тұру керек. Кішкене  нәрестені  6 айға дейін күнделікті шомылдырып тұру керек.Баланы жуындыратын бөлменің температурасы, 37°С , ал судың температурасын арнайы термометрмен тексеріледі.Сонымен қатар  ай сайын баланың салмағы мен бойын өлшеп тұрады.Салмағы нәрестенің жасына сәйкес келетіндігін анықтауға медицина қызметкері көмектеседі.Міне жоғарыда айтылғандай  математика тек есептеу ғылымы ғана емес, адам өмірі үшін де маңызы зор екен.Мысалыадам ағзасындағы қан  құрамында  эритроцит мен лейкоциттер болады. Қан — қызыл түсті ерекше сұйықтық. Адамның қан мөлшері 5-6 л бұл адамның жалпы дене массасының7%-ін құрайды. Лейкоциттер ағзада маңызды роль атқарады.Олар ағзадағы  ауру тудыратын микро  ағзадан   қорғайды.Егер адамның  қан құрамында  өзгерістер  болып, эритроцит азайса , аққандық немес  медицина  тілінде лейкемияға  шалдығады. Сол себептен де әр адам жылына кем дегенде 2-3 мәрте қан тапсырып  толықтай медициналық тексерілістен өтіп тұру керек  дейді біздің отбасылық дәрігеріміз Диана Секеновна.

 

2.4    Математика Темір жолда:

Барлық темір жол жұмысы поездардың жүру кестесіне байланысты жасалынады. Бұл жерде жолаушылар мен жүк поездарының келіп-кету кестесін жасауда математиканың алар орны өте жағары. Әр секунд, минут, сағат есепке алынады. Осы кестенің дұрыс жасалынуы, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, және де тасымалданатын жүктердің сенімді, уақытылы түрде жеткізілуі толықтай осыған байланысты.

Менің әкем теміржолшы. Әкемнің айтуынша белгілі бір жүкті бір станциядан екінші станцияға  жүк вагондарымен жеткізу үшін де математика керек екен. Мысалы: Біздің  күнделікті қолданылатын  кеңсе құралдарымызды Алматы  қаласынана  Шымкентке жеткізу үшін:Жіберетін жүктің салмағы 68 тоннадан артық болмауы қажет, өйткені жабық вагонның сыйымдылығы 68 тоннаға дейін ғана. Көрсетілген мөлшерден артық жүк тиеуге болмайды.

Алматы стансасынан Шымкент стансасына дейінгі ара қашықтық білу. Ол       жүктің қанша уақытта жеткізілетінін болжау үшін, және кеңсе жабдықтарын вагонмен жеткізу үшін қанша қаражат кететінін есептеу үшін математика керек.

 

2.5 Математика құрылыста.

Құрылыс… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға әрине кірпіш, цемент, құм, қиыршық тас, саз, әк т.с.с. құрылыс материалдары елестейді. Дұрыс, себебі құрылыс материалдарынсыз құрылыс жүрмейді. Тіпті, кез-келген елдің экономикасын құрылысына қарап-ақ білуге болады. Құрылыс жүріп жатса, онда айналым, ақша, жұмыс бар деген сөзҚұрылысшылар – елді-мекендерді көріктендіріп, көз тартарлық әртүрлі зәулім ғимараттарды салып, оларды қала тұрғындарының игілігіне пайдалануға берумен халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жақсартуға елеулі қызмет істеп келеді.
Құрылыс пен сәулет өнері адамның алғаш пайда болуынан басталған көне кәсіп. Ғасырлар ауысса да ол бізбен бірге дамып, жетілуде. Құрылыс саласының өзіне тән ережесі болады. Соған сәйкес әрбір құрылысшы кірпішті қалай қалау керек, оның нормасы қандай болады деген сияқты құрылыс технологиясын меңгеруі қажет. Сондай-ақ жобаны оқи білуі керек. Бір нысан мен екінші бір нысанның ерекшелігін білу, технологияны, адамды орнымен пайдалану, алған білімді тиімді жұмсай білу, дәл,нақты есептей білу керек.Яғни математикадағы масштабты жақсы түсініп, оны практикада қолдана білуіміз қажет.

Қорыта айтқанда, құрылыс саласы қазіргі таңда өте жақсы дамуда, сонымен қатар білікті, мықты мамандарға зәру. Егер де сурет салуға, түрлі сызба бағдарламалары- мен жұмыс жасауға икеміңіз болса, қала көркін келтіретін әсем де биік, мықты ғимараттар салғыңыз келсе, кірпіш қалап, арманыңыздағы үйіңізді өз қолыңызбен тұрғызғыңыз келсе, өз қажеттілігін ешқашан жоймайтын, қызықты да  қиынды математика ғылымын жақсы меңгер керек.

2.6   Менің қолөнерім:

Менің де болашақта сәулетші-құрлысшы болғым келеді. Мен әр түрлі конструктарларды  схемасына қарамай, шапшаң , әрі тез ойланып,  дұрыс құрастыруға тырысамын.

Қарапайым сіріңкенің көмегімен   үй құрастырып та көрдім. Ол үшін  бір қорап сіріңке және ең бастысы — математика  қажет.

Ең алдымен сіріңкенің қорабының  төрт бұрышын бірдей  қылып сызып аламыз, 4 сіріңкені қораптың төрт бұрышына орналастырамыз да желімнің көмегінсіз сіріңкелерді бір — бірімен байланыстырамыз . Осылайша үйдің қабырғасын тұрғызуға 115тал  сіріңке кетті.

Міне үйдің қабырғасы дайын болды. Енді үйдің шатырын жабуға  және терезелерін жасауға кірісемін ол  үшін бізге 72 тал  шырпы қажет болады.Шатырын жасаған кезде   өте абай болғанымыз жөн , өйткені  үйіміздің қабырғасы  әлі толықтай берік болған жоқ.

Міне мен өзімнің шағын үйімді  осымен  аяқтадым.

 

 

Қорытынды

 

Мен зерттеу жұмысының басында , егер математика күнделікті өмірде ешкімге қажет емес ғылым болса, онда қарапайым адамға  оның заңдылықтарын білу міндетті емес деп болжағанмын. Бұл пікірім дұрыс емес болды.

Математика тарихына көз жүгірте отырып, оның ғалымдардың бос қиялының жемісі емес, тікелей өмірдің қажетілігінен туындаған ғылым екеніне көз жеткізе аламыз.

Сандар арқылы адамның ой-санасының қалыптаса бастаған кезеңін , өмірге , қоршаған ортаға , өзіне деген көзқарасын байқаймыз. Сандар арқылы адамның қабілеті,ой- өрісі көрінеді.
Қазақ халқының тұрмыс- тіршілігінде және салт – дәстүрінде, дүниетанымындағы сандарға байланысты ұғым – түсініктерін зерделеп, зерттедім.

Математиканы оқып – үйрену есеп шығаруды үйрену үшін ғана емес, кез – келген проблеманы шеше білу, өз қабілетіңізді жетілдіре алу үшін қажет. Сондықтан, «Мен ақша санаймын, өз кірісім мен шығысымды есептей білемін, одан өзге математиканың маған қажеті шамалы» деуге болмайды. Егер олай десеңіз, адам өмірінің мәнін түсінбегеніңізді көрсетесіз, өмір деп отырғаныңыз шын мағынасында өмір емес, жай ғана тіршілік болады. Біз тек сол үшін жаратылмағанбыз, бізге ақыл – сана сол үшін берілмеген. Біз өз өмірімізді мағыналы қылып, барлық жетістіктерге жету үшін табиғатты, бүкіл білімді пайдалана білуіміз керек.

Зерттеу барысында әдебиеттерді оқып, ізденіп және мамандық иелерімен кездесіп тәжірибе жұмысын жүргізу арқылы, өткізген сауалнаманың қорытындысына  қарап «Математика — біздің өмірізде  маңызды орын алады » -деп тұжырымдадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қырық қазына.Ә.Доспамбетов-Алматы 1997

2. Қазақ халқының салт-дәстүрі.С.Қалиев, М.Оразаев-Алматы 1994.

3. Калегин Ю.М. Оганесян В.А. « Есеп шығаруды үйрен».

     Алматы «Мектеп» 1996 ж.

4. «Математика және физика» журналдары  2009- 2016ж.

5. «Қырық бір қазына».  Алматы

6. Интернет материалдары.