Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту. 

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның шығармашылық
қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес»
В.А Сухомлинский.

Жаңа қоғамға лайықты тұлғаны қалыптастыруда баланың жасын, даму ерекшелігін, айрықша қабілетін ескере отырып, ақыл-ой, еңбек, дене, эстетикалық тәрбие, сапасын жақсарту қажет. Баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа технологиялар қызықтырады. Бала тәрбиесінде жаңа технологияны қолдану – баланы жан− жақты терең ашуға, оған бағыт бағдар беріп жағымды әсер етуге, зейінін көтеруге, белсенділігін арттыруға септігін тигізеді. Мектеп жасына дейінгі балалар білуге тиісті қарапайым білім негіздерін неғұрлым тереңірек меңгеріп отырып олардың ой− өрісін, білім дағдысы деңгейін,кеңейту, сана сезімін, таным қабылдау әрекетін дамыту, білімге қызығушылыққа баулып, баланың өздігінен еңбектену белсенділігін қалыптастыру қажет. Осындай мақсатта қоғам дамуының айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі- ақпараттану болғандықтан, бүгінгі адамзаттың шығармашылық әрекетінің нәтижесі компьютердің де маңызы зор. Оқу іс-әрекеттерінде интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қызықты өткізуге тырысамын.
Инновациялық технологиялардың ерекшелігі – білімді жатқа меңгерту емес, балалардың өз бетінше меңгеруіне ұмтылатындығында. Ол есту, көру қабілеттерін арттыруға, сөздік қорын ауызша дамытуға бағытталады. Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқыту арқылы балаларды мынадай жетістіктерге қол жеткіздім.
Әр бала өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланды, әр баланың жеке қабілеті анықталды;
бір−бірімен бәсекеге түсе алады, өзін – өзі бағалай алады, қорытынды жасай алады.
Білім саласындағы өзгерістерді нәтижелі шешу үшін, оқыту үрдісінде инновациялық технологияларын, соның ішінде шет елдік тәжірибелерді, З. А Михайлова, Мария Монтессори мектебінің элементтерін біз пайдаланып келеміз. Себебі, осы авторлардың педагогикасының негізі әдіс тәсілі дамытушы ортадағы балалардың еркін іс-қимылы, ойыны мен қызығушылығын дамытады.
Ойынның барлық кезеңдерінде баланың қабілеттерін дамытудың алдын алуға жағдай жасайды; өз деңгейіне өзінше көтеріле отырып, бала одан әрі нәтижелі дамиды. Бала ұқыптылыққа үйренеді, өз бетінше әрекет етуге тәрбиелейді, тез әрі тереңнен ойлау қабілетін дамытады.
Еліміздің өсіп –өркендеуіне сай, заман талабына жауап беретін рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырған, қоғамдық өмірге икемделген, білім мен өмір заңдылықтарын түсінген, қоғам мен мемлекет және отбасы алдындағы жауапкершілікті сезінетін, салауатты өмір салтын саналы түрде, таңдаған өркениетті елдің азаматын тәрбиелеу білім беру ұйымдарына жүктеледі.
“Адамның адамшылдығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады ”деп ұлы Абай айтқандай, Елбасы Жолдауында да “білім беру жүйесінің басты міндеті- оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау”- деп ерекше атап көрсетілген. Біздің болашаққа барар жолымыз Қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді» − деген аталы сөздің сырына жүгінсек, мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ойынға деген ынтасы, қарым− қатынасы, мінез- құлық көріністері − олар өсіп есейгенде де жалғаса беретіні сөзсіз.
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны, ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің түрлері: қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру,қоршаған ортамен таныстыру,экология негіздері, құрастыру арқылы жүзеге асады.
Ойын есептерін балалармен бірлесе отырып, әрқилы әрекеттер арқылы шешуге тырысамын. Қоғам дамуының айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі-ақпараттану болғандықтан, осы ойындар арқылы түрлі құбылыстарға тап болып, сырын білуге талпынамын. Қай кезде де балаларды өзімнің дегеніме, ықпалыма көндіруге тырыспаймын.Ойындық таным есептерін көрнекіліктер мен түрлі құралдарды қолдана отырып, бірге шешеміз. «Таным» оқу іс− әрекетінде қарапайым математикалық ұғымдарды дамыта меңгертуді, жетілдіруді өз мақсатым деп білемін. Мысалы «Не артық», «Лабиринт», «Көршісін тап», «Кім шапшаң?» сияқты ойындар арқылы есту, байқағыштық, зейінін жетілідіріп, тапқырлық мақсатын көздедім. Өзім еңбек ете жүріп көңіліме түйгенім – баланың тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыстармен қатар математикалық ұғымдарды оларды терең меңгеруіне, ойлауына мүмкіндік беру бүгінгі өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің ертеңгі болашағын айқындауда, тәрбиешілердің өз ісінің жеткілікті нәтижесін бағамдауы тиімді екені сөзсіз.
«Дәріхана», «Супермаркет», «Шаштараз», «Пошта», «Асхана» т.б ойындар арқылы жүргізілген жұмыстар баланың танымын, түсінігін жан − жақты байыта түседі.Түрлі жаттығулар арқылы балалардың зейінін ашу. «Зейін» деп психикалық әрекеттердің айналадағы заттар және құбылыстарға бет алып, бағытталып түйдектелуін айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру үшін психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақталуымыз үшін қажет. Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылып, толығырақ, ашығырақ сәулелендіру үшін психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақтауымыз үшін қажет. Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға болмас еді. Адамның күнделікті тұрмысында да, еңбекте де зейін үлкен орын алады. Тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында “Ғажайып қоржын”, “Кім не істеді?”, “Дыбысына қарап таны”, “Төлдерін ата”, т.б. ойын түрлерін пайдалану арқылы балалардың сөздік қоры молайып, есте сақтау қабілеті дамитынын байқаймыз.
Математика сабақтарында қолданған “Кім тапқыр?”, “Сиқырлы сандық”, “Қай сан жоқ?”, “Тез жина”, “Қай пішін жоқ?” сияқты ойындар барысында қызығушылығы туып, белсенділігі артатынын және логикалық ойлау қабілеті дамитынын аңғарамыз. Ал айналамен танысу сабақтарында қолданған “Қай мезгіл?”, “Жеміс жинау”, “Не қайда өседі?”, “Жапырағынан таны”, “Кім жылдам?”, т.с.с. ойындардың тапсырмаларын орындау кезінде балалар өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады және табиғатты аялауға, қорғай білуге үйренеді.
Дидактикалық ойындар балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, әдептілікке, мейірімділікке, үлкендерді қадірлеуге, құрметтеуге баулиды. Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, әділ болуға, қиындық кезінде көмектесуге, өз ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына, қиындықты ақылмен жеңе білуге жаттығады. Ойын барысында балаларды анық, асықпай сөйлеуге және айтқан сөзді, сөйлемді дұрыс түсініп қабылдай білуге, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады. Баланың ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара-бара шын мәніндегі еңбекке айналады. Осының бәрі баланы мектепке даярлайды.
Ойын – балалар үшін қоршаған ортаны танып-білудің ең жеңіл де ұтымды тәсілі. Сюжетті-рөлді ойынның ерекшелігі сол, оны балалар өздері жасайды. Мысалы, “Дүкен” ойнағанда балалар сатушы мен тұтынушының, “Кітапханада” кітапханашы мен оқырман, “Отбасыда” әке мен бала немесе ана мен бала, “Емхана” ойынында дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Көптеген балалар дәрігерлерден қорқады. Бала санасында дәрігерлердің жағымды бейнесін құруға көмектесетін – “Емхана” ойыны. Ол үшін емделуші мен дәрігер рөлдік ойынын пайдаланамыз. Дәрігер міндетті түрде ақ халатта болуы керек және тәрбиешінің өзі болғаны абзал. Келесіде дәрігер мен науқастың рөлдерін ауыстыруға да болады. Оған заттар дайындалады: дәке, мақта, дәрілер, т.б. Балаларға ойын барысында шын дәрілерді, инесі бар шприцті беруге мүлде болмайды, тіпті, бала тәрбиешілердің көз алдында болса да рұқсат етілмейді. Қазіргі кезде дүкендерден “Емхана” ойынына арналған көптеген ойыншықтарды кездестіруге болады. Олар пластмассадан жасалған және өте қолайлы. Балаларға “103” жедел жәрдемге қоңырау шалуды үйрете отыра, ойын барысында ненің қауіпті және ненің қауіпсіз екенін түсіндіріп отыру керек. Қуыршақтың іші ауырған болса, ең алдымен себебін анықтап аламыз. Себептері мынадай болуы мүмкін: қол жумай тамақ ішуі, жемістер мен көкөністерді шала жуып жеуі, кез келген затты ауызына салуы сияқты жайттар. Аю аяғын жарақаттап алған болса, жол үстінде ойнауы, оның абайсыздығы, т.б. Мұның тигізер кесірін де айта кету артық етпейді. Мысалы: олар енді ұзақ уақыт ауруханада жатады. Кей жағдайларда мүгедек болып қалу қаупі де бар деп түсіндіре кеткен жөн. Осы ойынды ойнау барысында балалар дұрыс, қате әрекеттерді ажыратуға үйренеді, мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық, қамқорлық сияқты сезімдері оянады. Міне, осындай және басқа да сюжетті-рөлді ойындар барысында балалардың танымдық қабілеті қалыптасады, балалар өзін-өзі танып, ойы шыңдалады, қоғамдық тәжірибені меңгереді, ұжымдық қарым-қатынасқа үйренеді.