ТОКЕНОВА ЗАДА САПАРГАЗИНОВНА
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
«Т.Есімжанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ

Жасы бойынша топ:   мектепалды даярлық тобы.  Күні:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі:сауат ашу және жазу

Тақырыбы:Ш дыбысы және әрпі.

Мақсаты:Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Ш дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балаларды ш дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіртіп, сол сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Қостілді құрам: шана-санки, шырша-елка, киіз үй-юрта.

Негізгі іс-әрекеті Тәрбиешінің іс-әрекеті Дидактикалық көрнекіліктер Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

 

 

 

 

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Балалар  өткен оқу іс-әрекетінде танысқан дыбыстарымызды

қайталайықшы

  Жылы лебіздерін білдіреді.

 

Өткен дыбыстарды қайталайды.

 

Ұйымдастыру іздену

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақ шешу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті.

 

 

 

 

Тіл ұстарту.

 

 

Дәптермен жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дидактикалық ойын.

 

 

 

 

 

 

Жұмбақ шешу.

 

 

 

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

Ш дыбысы және әрпімен таныстыру.

-Балалар, кім ш дыбысына байланысты тақпақ, жаңылтпаш айтып береді?

Зулап түсіп төменге,

Шыға алмас менсіз бөгенге.  (ШАНА)

Шана сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

-Шана сөзін айтып көріңдерші, ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

Ш дыбысының баспа түрін көрсетіп, ауада жазып көрсету.

 

Отырып-ақ орнымда,

Айдын көлді кешемін.

Сен білмесең егерде,

Былай ескек есейін.

 

Шы-шы-шы

Әкем менің аңшы.

 

Ш дыбысына байланысты берілген суреттердің аттарын атап, оларға дыбыстық талдау жасайды. Қайшы, шаңырақ, ағаш сөздерінде ш дыбысы қай жерде тұрғанын талдайды.

Үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ш әрпінің баспа түрін жазады.

Торкөздегі ш дыбысының орналасқан орнына қарай сөз құрастырту. Сөзжұмбақ шешкізу.

 

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Ш дыбысына сөз ойлату, сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ ойыншықтардан бір-бірден беріп тұрады. Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған болса, көп ойыншыққа ие болады. Кімнің ойыншықтарының саны артық болса, сол бала ұтады.

 

Тікен-тікен тік пісте

Қысы-жазы бір түсте.  (ШЫРША)

 

Кеспе әріптер, вагондар. Шана, шырша суреттері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайшы, киіз үй,  әліппе дәптер.

Сұрақ тарға жауап береді.

 

 

 

Ш  дыбысымен танысады. Тақпақ, жаңылтпаш айтады.

Жұмбақ шешеді.

 

 

 

Ш дыбысы естіліп тұр.

Ауада жазады.

 

 

Қимылмен көрсетеді.

 

 

 

Қайталайды.

 

 

Тапсырмаларды орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақ шешеді.

 

 

Рефлексивті түзету Шырша сөзі қай дыбыстан басталады?

Ш дыбысы дауысты дыбыс па? Дауыссыз дыбыс па?

Шана сөзін текшемен жазамыз.

 

 

Балаларды мадақтау.

  Ш дыбысынан басталады.

Ш-дауыссыз дыбыс.

Алдарындағы текшелермен жазады.

 

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: Ш дыбысы  дауыссыз дыбыс  екенін   білді.

Қолданады: Ш дыбысына  сөздер құрайды , сөздер арасында  қолданады

Түсінеді: дыбыс,буын  туралы түсінеді