«Кокпекті орта мектебі»КММ

 «Оқу, тәрбие үрдісінде жаңа технология элементтерін тиімді  пайдалана отырып,білім,білік дағдыларын жетілдіру.»

(баяндама)

 Аяганова Айман Оралгазыевна

Көкпекті ауылы

2016 жыл

Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп отырған кезеңде білім беру мәселесін, әдіс-тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру көзделген. Осы орайда әрбір мұғалім озық технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы керек.Сонау ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген екен. «Сабақ – оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы», -деп А.Сухомлинский айтқандай, осы жаңа технологиялардың ішінде бастауыш сынып оқушыларына  тиімдісі, жарыққа шығарары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екен деп көп ойланғаным рас.Осы орайда мен бірінші деңгей бойынша оқыған Мукатаева Қ.Б жұмыс істедім әр сабағымды жоғары деңгейде дайындап оны видеоға түсіріп артық кемін артынан талдау арқылы жаңа технология элементтерін тиімді пайдалануды үйрене бастадым.Видеоға түсіру арқылы мұғалім артынан өз кемшілігін өзі көріп шыңдала түседі екен. Жаңа технология элементтерін сабақта қолдануды енгізе бастадым.Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды. Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.Жалпы менің оқытудағы өз міндетім оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Сондықтан сабақта оқушылардан жиі тақырып бойынша жеке , жұптық,топтық жұмыс яғни пирамидалық тәсіл түрлерін алып отырамын. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді.Мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудан арылуы тиіс. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деп елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпаратты техногиялармен қамтамасыз етуде. Яғни, ақпараттық технологиялардың білім беруде маңызы зор. Өйткені ол оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді.
ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады . Бұл баланың ой өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім деңгейін көтеруге үлкен үлесін қосады. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек.Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.
1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.
2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.
3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек
4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.
5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.
Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу — оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі. Адам тағдырына немқұрайлы қарамау керек. Оқушының жеке тұлға болып қалыптасу үшін мұғалімнің қателесуіне жол жоқ. Мұғалім білім беріп, ұрпақ тәрбилеуде негізгі тұлға, олай болса оқушыға берілетін білімді нәтижелі, жүйелі түрде жеткізіп қателеспей оқыту міндетін, парызың. Оқыту үшін оқытудың жаңа технологияларын орынды пайдалана білуі қажет.Жаңа технология элементтерін яғни  оқытудың 7 модульдік технологиясын ары қарай сабақта пайдалану үшін мектепте өткізілетін коучингтардан қалмай,әр модульдің өз сабағыма тиімді жағын қарай отырып коучтардан  кеңестер сұрау арқылы , олардың жаңаша тәсілде өткізілетін сабақтарына қатыса жүре сабағымды жаңаша тәсілде өткізуге тырысамын. Коучингкте көрген әдіс-тәсілдерді өз сабақтарымда пайдаланып жүрмін.Топпен жұмыс жасағанда сабақ өкізуде түрлендіріп, топты күнделікті сабақта алмастырып , сабақта екі рет топпен жұмыс болуын, оқушылардың түгел қамтылуын , сабақтан тыс қалмауын қадағалау. Оқушы нені ойлау керектігін ұғынуын, топтық жұмысты ұйымдастырғанда, олардың бірлесе жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау.
Оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдерді сабақтарда тиімді пайдаланып топтық жұмыс жасап , диологтік оқыту, АКТ, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын орынды қолданып бағалаудың түрлерін пайдалана отырып коучтардан үнемі кеңестер сұрап отырамын.

Оқушылар өздерінің құрдастарымен, сарапшыларымен диолог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой-әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі .Сол үшін мен оқушыларды 3 топқа бөліп зерттеушілік тапсырма бердім .

1-топқа«Көктем кезі  жаңбыр жауған күнде қандай киім модасын байқауға болады?». Оқушы жауабы: «Көктем кезі жаңбыр жауғанда адамдар қолына қолшатыр ұстайды,  жылы киінеді ,су өткізбетін плащ киеді, аяқтарына боти киеді» деді.

2-топқа: «Далада 40˚ ыстықтағы киім модасы қандай?» деген сұраққа оқушылар: «Далада 40˚ ыстық болса, адамдар қысқа жең көйлек, футболка, шорты және аяқтарына жеңіл жаздық аяқ киімдер киеді» деп жауап беріп, өз ойларын сурет салып та жеткізді.

3-топқа: «Сабақта отырған оқушылардың киімінің модасы қандай?». Оқушы жауабы: «Ұлдар костюм-шалбар, ақ көйлек, галстук, туфли киіп отыр. Қыздар ақ кеудеше, қара юбка, туфли киген» деп жауап берді.

Осындай зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істеді. Оларда ортақ проблема болды, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырды, идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылады, баға берді, ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырды. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтты, болжамдар ұсынып, талқылады. Талқылау кезінде олар мүмкін, «егер», «бәлкім» деген сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді.

(Семинарға қатысушы ұстаздар мен  жұмыс істеу.)

 

Қазіргі заманғы мұғалімнің басты мақсаты- оқушыны терең білім алу мен сапалы ойлауды дамытуға жетелеу болып есептеледі. Бірлескен топ жұмысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, алынған ақпаратты топ болып түсініп,талдап , синтездейді, салыстырып болжамдар жасай отырып ортақ шешімге келеді. Оқыту мен оқудың жаңаша әдіс-тәсілдерін ойдағыдай меңгерген мұғалім шәкіртін білім алуға қызықтыра алады және жеке іздеуге дағдыландырады. Нәтижесінде оқушы еркін, өзіндік дәлелдемелерін анық жеткізе білетін сенімді, сыни ой-пікірі мен көзқарастары дамыған болып қалыптасады . Топтық жұмыс арқылы ой қозғай отырып, өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін топ ішінде талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау екені мәлім. Білім беру және білім алудағы өзгерістер мұғалім мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Сондықтан өзімнің осы модуль төңірегінде жинаған теориялық білімімді тәжірибеде іске асыруға байланысты дүниетану пәні бойынша «Адам өміріндегі судың маңызы» тақырыбында ашық сабақ өткізіп , оқытудың 7 модульдік технологиясының бірнеше стратегияларын пайдаландым.

Нәтижесінде:
-Оқушының пәнге деген қызығуы артады;
-Оқушының шығармашылық қабілеті дамиды;

-Дұрыс ойлауға үйренеді:

-Шешім қабылдамас бұрын жан-жақты ойланады

-Өз қатесін түзеуге үйренеді.

-Сөйлеу дағдысы дами түседі.

-Кері байланыс жасау арқылы,ұсыныс айтуға үйренеді.

-Өзін өзі бағалауды үйренеді:
-Ізденушілік қабілеті артады;
-Жауапкершілігі жоғарлайды;
-Ақпаратты бағдарлау біліктілігі қалыптасады;
-Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті артады.

-Достық қарым қатынастары нығаяды.
Топтық жұмыстарда әр топ басшылары өз топ мүшелеріне міндеттерін белгілетіп, қабілеті төмен оқушының көшбасшы оқушыға ұмтылғандығы, ілескісі келетіндігін байқадым. Осындай тапсырмалар оқушының қызығушылығын, белсенділігін арттыратыны сөзсіз. Оқушылардың сабақты талқылағаннан байқағаным, топ басшысы оқушыларға атқаратын міндеттерін бөліп, әр оқушының не нәрсеге жауапты екенін белгілеп отырды. Оқушылар өзара бір-бірімен келісіп әр топтың жұмысына түрлі бағалаулар беріп отырды.Постер қорғап  кері байланыспен жұмыс жасағанда оқушылардың шығармашылығы артқанын аңғардым, алғашқыда бұл жұмысты білмейтін болатын, кейін бұл әдіс оқушыларға ұнағандарын айтты. Дәстүрлі сабақта, үндемей отырған оқушы, өзіне берілген жауапкершілікті сезінді. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы, балалардың көп ізденетініне көзім жетті. Рөлдік ойын арқылы оқушылардың сыни ойлайтынын байқадым, өйткені сыни ойлайтын оқушы жағдаятты сұрақты шеше алады. Осындай рөлдік ойындар арқылы оқушының қызығушылығы артады, өзіне сенімі молаяды, сол жағдаяттан шешу жолын таба алады.

Осындай сабақтардан кейін ой түйгенім
— Оқушылар топтық жұмыстар жасай отырып, бірі-білмегенді екіншісінен үйреніп , жақын арадағы даму аймағы жүрді
— Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталауды, емес құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
-Оқу оқушылардың әнгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

  • Оқушылар топтық, жұптық жұмыстар жасай отырып, бірі-білмегенді екіншісінен үйреніп, жақын арадағы даму аймағы жүрді
    2) Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталауды емес құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
    3) Оқу оқушылардың әнгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады. Топтық жұмыс арқылы оқушыларды диалогқа түсіру үшін мұғалім ашық және жабық сұрақтар ретін оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабылдау деңгейін ескеру қажет.
    Оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыс жасағанда диалогқа түскені жөн. Себебі қабілеті әртүрлі оқушылар, бір- бірімен жұмыс жасағанда, әрқайсысы өз пікірлерін айтады, яғни жауапкершілікті сезінеді. Топтық жұмыста оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі бағалау, немесе топаралық бағалау жүзеге асады. Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың белсенділігі, шығармашылығы артады.Топтық жұмысты жүзеге асыру, оқушылардың сыни ойлауын дамытуға,мүмкіндік беретініне сенімдімін. Себебі оқушыға сыни ойлауын жүзеге асыратындай тапсырма бергенде ғана, оқушы ойланады.

Жаңа әдіс –тәсілдердің  оқушылардың білімін, қызығушылығын жетілдіруге одан әрі септігін тигізетін жан –жақты , қазіргі заман талабына сай оқушылардың да білімге деген талпынысына өте қажет әдіс – тәсілдер екен, осындай әдіс – тәсілдерді қолдана отырып білім берген ұстаз мықты шәкірт дайындап шығады деген сенімдемін.

Енді мына алдыларынызда жаткан жауқазындарға «Т кестесін» елестету арқылы оқытудың жаңа технологияларының тиімді тиімсіз жақтарын толтыруларыңызды сұраймын.