Сабақтың  тақырыбы: Теңіз  жағалауы  құстарымен  таныстыру

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды  құстардың   түрлерімен  таныстыра

отырып, оларды  ажырата  білуге  үйрету.
Дамытушылық:  Құстарды  аялауға, қамқор  болуға  бейімдеу.

Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын

сүюге баулу.
Тәрбиелік:  Оқушылардың   құстар   туралы   ой — өрістерін,

түсініктерін   дамыту.
Сабақтың  түрі: жаңа  білімді  меңгерту
Сабақтың  әдіс — тәсілдері: Жигсо  әдісі, баяндау, түсіндіру, талдау, сұрақ —

жауап,тапсырмалар.
Сабақтың   көрнекілігі: мәтін, суреттер, мулляждар,түрлі  түсті  қағаздар,

бағалау  суреті,тапсырмалар, слайд.
Сабақтың   барысы:

І. Ұйымдастыру                              Сәлемдесу,түгендеу,оқушылардың  зейінін

жинақтау, шеңбер  құрып  жақсы  тілек

айтқызу.

 

Топқа  бөлу                                       1-3 дейін  санатып  3 топқа  бөлінеді

 

ІІ. Үй  тапсырмасы                            Бір ауыз  сөзбен  әр  оқушы  өткен

тақырып  бойынша  «Сен  білесіңбе?»,

«Ең,ең» деген  құстар  туралы  қызықты

мәлімет  және  мақал-мәтелдер  сұралады

 

Мұғалімнің  жаңа  тақырыпқа               Теңіз  жағалауында  тіршілік  ететін

кіріспе  жасауы                                       құстарды  атау,ерекшеліктеріне  тоқталу

 

Теңіз  құстары — теңіз  ортасында  өмір  сүретін  құстардың кез келген түрін  сипаттауға  қолданылатын жалпы  термин  болып  табылады. Теңіз құстары болып саналатын құстарға  бірқазандар, тырналар аққулар, кайр құсы, құтандар,кәдімгі  мұнтаздар,  дауылпазсуқұзғыныпингвиндер  мен  олуша  жатады. Теңіз құстары өмірлерінің  көп  бөлігін  жемтігін  іздеумен, мұхитты шарлаумен өтеді. Көпшілік   түрлері  азығын  өзі табуға  бейімденген. Алайда, мол әрі өтіп  бара  жатқан  азық  көздерін  аулау үшін топ болып бірігеді. Албатростар  мен  дауылпаз  сияқты су құстары басқа су құстарына қарағанда  ұзағырақ  өмір сүреді. Ата-аналық  міндеттер  екеуі  үшін де бірдей  болып  табылады. Түрлі  құстар  азығын  әр түрлі  жолдармен аулайды. Көпшілігі мұхит ағыстарымен  келетін  крильбалықкальмар, т.б. жейді. Көптеген  құстар азығын аулау үшін суға сүңгиді. Суқұзғындары, олушалар, тропиктік құстар, кейбір  бірқазандар   ұшып  барып, жылдам  қимылдайтын  жемтігін  аулай алады. Сонымен қатар, басқа  құстардың  тамағы  мен  жұмыртқаларын  ұрлайтын  құс  түрлері де бар.

Каспий теңізі көптеген құстардың көшу бағыттарында орналасқан және олардың көбісі Сібір-Азия өңірлерінен. Күзде  құстар Каспий теңізінің солтүстік-шығыс  пен солтүстік  жағалауларында  шоғырланады. Бірте-бірте олар батыс жағалаудың  бойымен  оңтүстікке  қарай  жылжиды. Жайық  және Жем өзендері  де маңызды  көшу жолдары болып табылады. Көктем кезінде көшу жолдары кері бағытта өзгереді. Көшу кезінде құстар жағалау қамыстарында тоқтап, сонда қоректенеді. Аққулар, қаздар, үйректер, балшықшылар және басқа да су және батпақ  құстары да осы  өңірде ұялап көбейеді. Осы  жағалаулық  аймақ  өте  сезімтал  болып  табылады. Қазақстанда Каспий теңізінің жағалауында  немесе  жағалаулық  аймақта  өмір сүретін  құс түрінің 31 Қызыл кітапқа енгізілген. Қызғылт бірқазан, бұйра бірқазан және аққұйрық субүркіт сияқты олардың көбісі су және жағалаулық  экожүйелерде өмір сүреді. 2000 жылдан  бастап консорциум құстардың қыстауын, маусым- дық көшуін және ұялау мекендерін жақсы түсіну мақсатында Маңғыстау және Атырау облыстарындағы  құс  түрлеріне  жыл сайынғы  бақылау жүргізіп  келеді. 2000 және 2009 жылдар  аралығында «Аджип ҚКО» компаниясы ұңғымаларды сынау жұмыстары   кезінде  құстарды  бақылау үшін 31 дара зерттеу жұмысын жүргізді.

ІІІ. Жаңа  сабақ

Жигсо  әдісі  бойынша  тапсырма: оқушылар  жаңа  тақырыпты  өз  топтарында  талқылап, келесі  топқа  барып  таныстырады.

         Бірқазан. Бірқазандар (Pelecanidae) – ескекаяқты құстар отрядына жататын құстар. Қазақстанда екі түрі: бұйра бірқазан және қызғылт бірқазан тараған. Олар Каспий және Арал теңіздерін, Балқаш, Сасықкөл көлдерінің алабын мекендейді. Дене тұрқы 1,8 м-дей, салмағы 13 килограмға дейін жетеді. Тұмсығы өте ұзын, төменгі жақ сүйегінің астында созылмалы тері қапшығы болады. Бұйра бірқазанның тұмсығының астындағы қапшығы әдетте ақшыл сары, ал көбейер кезде қызғылт сары болады. Аяқтары қысқа, қанаттары ұзын (60 – 80 см) және жалпақ, ал қауырсындары қызғылт немесе күміс түсті болып келеді. Бұйра бірқазанның желке қауырсыны жалданып, бұйра келеді, аты осыған сәйкес қойылған. Бірқазан – топтанып жүретін құстар.

Бұйра бірқазан. Олар қоректерін (балықтарды) көбіне су құзғындарымен бірлесіп аулайды. Суда жақсы жүзгенмен, сүңги алмайды, жемін суға басы мен мойнын батырып жіберіп ұстайды. Бірқазан – жыл құстары, наурыз айында ұшып келіп, өніп-өсіп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді. Жерорта, Каспий теңіздерінің оңтүстік жағалауында, Оңтүстік Азияда қыстайды. Судың тереңірек жеріне салған көлемді ұяларына бір – бес жұмыртқа салып, оны қоразы мен мекиені жұптасып басып, отыз – отыз бес күнде балапандарын өргізеді. Балапандары жетпіс – жетпіс бес күн өтісімен ұядан ұшады. Бірқазан 3-4 жасында жұмыртқалай бастайды. Олар саны аз құс болғандықтан, Қорғалжын қорығы мен Наурызым қорығында және Сарықопа, Торғай қорықшаларында қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау одағының және ұлттық «Қызыл кітапқа» (1996) енгізілген.

Ақ тырна. Ақ тырна (лат. Grus leucogeranus) — тырналар тұқымдасының бір түрі. Қазақстанның батыс және орталық аймақтарын көктемгі (сәуір — мамыр) және күзгі (тамыз — қазан) ұшу кезінде қоныстайды. Бұл кезде Наурызым қорығында, Ырғыз және Торғай өзендері мен Арал теңізі жағалауында жиі кездеседі. Сирағының төменгі жағы қауырсынсыз, құйрығы қысқа. Мойны, аяғы  ұзын. Қанатының қарымы 2 метрге, салмағы 10 кг-ға дейін жетеді. Қанаты ақ,  қанатының  ұшы  қара, тұмсығы қызыл. Суат маңын, көбінесе батпақты жерлерді мекен етеді. Өсімдік дәнімен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ұясын  шөп  арасына, кейде  тайыз  су  бетіне салады. Сәуір—мамырда 2-3 шұбар жұмыртқа  туып, оларды  мекиені 1 айға жуық  басады. Жыл  құсы. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
           Аққулар (лат. Cygnus) — қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар. Қазақстанда аққудың (Cugnus) екі түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу  кездеседі. Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді. Қысқа сирағы денесінің арт жағында орналасқан. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті (тек Австралия мен Тасманияда кездесетін бір түрі ғана шымқай қара). Салмағы 5 – 10 кг, ең ірісі 13 кг-ға жетеді. Қанатының ұзындығы 150 – 180 см. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққу – жұп құрып тіршілік етеді. Ұясына (су жағалауындағы өсімдіктердің арасындағы) 3 – 7-ге дейін жұмыртқа салады, оны көбіне аналығы басады. 29 – 40 күнде ширақ балапандар шығады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Жылына бір рет түлейді. Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді. Аққу – жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді. Аққудың алты-жеті түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жартышарды мекендесе, біреуі экватордың оңтүстік бетін қоныс етеді. Қазақстанды мекендейтін екеуі – сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар. Кіші аққу тундрадан қыстайтын жерлеріне ұшқан кезде Қазақстанда кездеседі.
Қазақтар аққуды киелі құс деген:
• Аққу құсы әдемі құс болғандықтан, жалпы  ақ түсті  болып  келеді — сұлулыққа теңеген. Қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген.
• Құстардың ішінен жұптасып өмір сүретін бірден-бір құс.
• Егер Жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі адамша қайғырып,ауырып өлуге барған. Осы жағдайдан кейін екінші аққуға қосылмайтын болған.Осыдан қазақ халқы «Аққуды атуға болмайды», «Махаббаттарың айдында жүзген қос аққудай болсын» — деген дана сөздер қалдырған.
Аққу  үш-төрт жасқа дейін аққа емес, сұр қу  боп өседі. Түсі көктен, көгілдірден гөрі күлге не шаңға аунатып алғандай сұрғылттанып тұрады. “Бесік баласы бес түлейді” деген мақалға сай ол да үш-төрт түлеп барып, шын аққуға айналады.
Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айларында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлақ деген екі түрі кездеседі. Тұмсығының жиегінде үлкенді — кішілі тісшелері болғандықтан тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен, су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып қамысы нулы, суы таза, тұщы көл жағасында салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады. Балапандары ширақ келеді. Ал аталығы ұясын, балапандарын қорғайды. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды. Халқымыз жас жұбайларды қос аққуға осы себептен теңеген.

            Сұңқылдақ аққу (лат. Cygnus cygnus) — Қазақстанда кең тараған болатын, кәзір республиканың Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс аудандарының    5-6 жерінде көлемді  ұяларын      жасыруға болатын қалың қамыс – қоғалы   ірі   көлдерді мекендейді. Кіші   аққудан ірірек келеді: ұзындығы 140-160 см, қанатжайымы — 205-235 см, ал салмағы 8-15 кг болады.
Каспий маңында қыстауға қалған бұл аққудың ең көбі 1983 жылы 400 -дей болған, одан  бері саны едәуір кеміді. Оның себебі: ұялауға  қолайлы  орынды  жиі       ауыстыруға  мәжбүр  болуы. Аққудың  бұл   түрін  Линнеус (Linnaeus) 1758 жылы ашты.Саны кеміп бара жатқан түр. Адам қызметінің әсеріне шыдай алмайды. Қазақстанда кең тараған болатын, кәзір   республиканың Солтүстік, Орталық және    Оңтүстік-Шығыс   аудандарының     5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға болатын қалың қамыс — қоғалы ірі көлдерді мекендейді. Каспий маңында қыстауға   қалған   бұл аққудың  ең көбі 1983 жылы 400 -дей болған, одан бері саны едәуір кеміді. Оның себебі: ұялауға қолайлы орынды жиі ауыстыруға мәжбүр болуы. Сұңқылдақ  аққудың  мойны  түзу, ал  сыбырлақ  аққудың  мойыны  латынның «S» әріпіне  ұқсас  болады. Сұңқылдақ  аққу  саны  азайып, сирегендіктен, Қазақстанның  «Қызыл  кітабына»  тіркелген.

Гага — Солтүстік теңіздің құсы, қаз  тәрізділер  отрядына  жататын  ірі, үйректер тұқымдастарына жатады.Европа  Шығыс  Сібірдің  теңіз  жағалауында  және  аралдарында  Беринг  және  Охот  теңізінің  жағалауында  таралған.кәдімгі  гаганың  салмағы  2-2,5кг. Жағадағы  бұталардың, тастардың  арасына  ұя  жасап, 5-8  жұмыртқа  салады.Ширақ  балапанды  құс. Негізгі  қорегі – моллюскалар, шаян тәрізділер, құрттар. Бір  ұясынан  17-20г бағалы  мамық  жинауға  болады. Мұндай  мамық  поляршыларға  жылы  киім  жасауға  жұмсалады.

Кайр құсы (Uria) дене  мөлшері  орташа  үшкір  қанатты,қысқа  құйрықты  теңіз  құстарының  бірі,чистик  тәрізділер  отрядына  жатады.. Екі  түрі  бар: ұзын тұмсықты  кайр және  қысқа  тұмсықты  кайр. Ұзын тұмсықты  кайр Атлант  және  Тынық  мұхиттарының  материк  жағалаулары  мен  солтүстік  бөлігіндегі  аралдарда  таралған, ал   қысқа  тұмсықты  кайр  Европаның  солтүстігі  мен  Азия  Атлант  және  Тынық  мұхитының  солтүстік  аралдарында  кездеседі. Жағалаудағы  жартастарда  басқа  құстармен  бірге  топ   құрып  тіршілік  етеді. Дене  тұрқы  40-48см, салмағы  800-1500г. Олар  жартастың  үсті  немесе  керегесіне  бір  ғана  жұмыртқа  салады. Жұмыртқасын  аталығымен  аналығы  12 сағат  сайын  ауысып  28-34  күнде  басып  шығарады. Балапандары  үш  апталық  болған  кезде  ұясынан ұша алмайтын  дәрежеде  болса  да, секіреді.  40метрден жоғарыдан төменге  суға  секірседе, жарақат  алмайды. Себебі  сол  уақыт  аралығында  жинаған  майлары  оларды  қорғайды.  Содан  кейін  ата-аналарымен  бірге  суға  шығады. Балапандары  өзбетінше  өмір  сүргенше   аталығы  көбірек  жауапты  болады. Оларды  қысқы  жолға  дайындауда  жүзуге  бірге  үйретеді. Олардың  көбісі  бүркіттің  ұясынан  1000км  жерде  жүреді. Аналығы  қыстайтын  жерге  яғни  отбасына  кейін  келіп  қосылады. Қысқа тұмсықты  кайр  ақ  жолағымен  анықтауға  болады. Басы  арқа  жағы  қара, жанында  сұр  жолақтары  болады. Қысқа   тұмсықты  кайр  ұзынтұмсықты  кайр  құсына  қарағанда  сәл  ірірек  болады. Шапшап  ұшады,суда  жақсы  жүзеді.Көбею  кезінен  басқа  уақыттарда  ашық  теңізде  болады. Негізгі  қорегі – балық.

Суқұзғын Қазақстанның оңтүстік аймағында тұрақты, ал батысы мен Солтүстігінде сирек ұялайды. 2 түрі: үлкен суқұзғын (P. carbo) және  кіші суқұзғын (P. pygmaeus) бар. Ұшып келіп-кету мерзімдерінде барлық жерде, тіпті Оңтүстік Алтай өңірінде де кездеседі. Балығы  мол әр түрлі суқоймаларында мекендейді. Қанатының ұзындығы 32 – 35 см, салмағы 1,6 – 3 кг. Пішіні ерекше: қауырсыны жылтыр қара, денесі созылыңқы, құйрығы ұзын. Ұзын тұмсығының түсі қоңыр, ұшы ілмек. Басының екі жағындағы жалаңаш терісі сарғыш түсті болады. Көктемде желкесінде ұзын қауырсындар өседі. Осы белгілері арқылы оны су құстарының арасынан бірден тануға болады.

Жас су құзғындары ағаш бұтақтарына жақсы өрмелейді. Шоғыр құрып топталып ұялайды. Ұясын суға батқан ағаштарға, қамыс  арасына, жағалаудағы жартастарға, ағаш басына салады. Қорегі – балықтар, оларды сүңгіп ұстайды. Көп жиналған жерінде  балық шаруашылығынана  зиян  келтіреді.

              Патша  пингвині  Пингвинтәрізділер  (лат. Spheniscidae) тұқымдасының  ұшпайтын  құсы. Патша   пингвиндердің  дене  тұрқының ұзындығы 91 см-ден 100 см-ге дейін жетеді.Қауырсындары  қысқа, тығыз, арқасы сұр, бауыры ақ түсті, басы сары теңбілді болады. Шөжелері  сұрбүлт түсті  болады. Төс бұлшық еттері жақсы жетілген, қанаты  ескекке  айналған, қабыршақ  тәрізді  қауырсынмен  қапталған. Жақсы жүзеді, сүңгиді, жарғақты саусақтары мен қысқа құйрығы руль қызметін атқарады. Жағалауға, мұз үстіне секіріп шығып, құрлықта көбіне екі жағына теңселе адымдап, баяу қозғалады, қар  үстінде бауырымен сырғанайды. Тері  астындағы  дәнекер ұлпадан тұратын май қабаттары жақсы жетілген, ол денесіндегі жылуды реттеп отырады. Патша  пингвиндер құрлықта түлейді, бұл кезде олар қоректенбейді. Моногамиялы, ұя салып, жұмыртқалау кезінде бірнеше мыңдаған дарабастары бірігіп үлкен топ құрады. Ұяларын жағалаулардағы жазық, тасты жерлерге, үңгірлерге, ағаш  тамырларының  қуыстарына салады. Ұяда  1 — 2 (кейде 3) жұмыртқа болады. Корльдік  пингвиндер  шаянтәрізділермен, басаяқты ұ луларменбалықтармен  қоректенеді.

Патша  пингвин  Антарктика   аралдарында: Оңтүстік ГеоргияОңтүстік Сандвич аралдарындаМарионКозеКергеленХердМаккуори аралдарында таралған.

Құтандар (лат. Ardeidae) – Ескекаяқты құстар отрядының бір тұқымдасы.

Ежелгі түрлері — олигоцен  дәуірінен, ал осы күнгілері — орта  миоценнен  белгілі. Дүние жүзінде (Антарктидадан басқа) барлық материкте таралған, 32 туысы, 66 түрі бар.

Қазақстанда 7 туысқа бірігетін 9 түрі кездеседі. Құтандардың тұмсығы ұзын, ұшы сүйірленіп келеді. Тұмсығының жиектерінде ұсақ “тісшелері” болады, сол арқылы су түбіндегі ұсақ омыртқасыздарды сүзіп алып қоректенеді. Құйымшақ бездері (қауырсындарын судан қорғайды), ұсақ мамықтары және кеуде-арқа тұсында өте майда мамықты қауырсындары болады.

Топтанып тіршілік етеді. Қазақстанда Каспий теңізінің солтүстік жағалауында, Еділ мен Жайық өзендерінің бойында, Маңғыстау өңірінің сулы-батпақты жерлерінде кіші аққұтан (Egretta garzetta) мен сары Құтан (А. ralloіdes) кеңінен таралған. Бұлардың қанаттарының ұзындығы 23 — 30 см, салм. 345 — 500 г-дай. Кіші аққұтанның түсі ақ, ал сары Құтанның басы мен мойны сары, бауыры ақ түсті, басында ұзын қауырсындардан тұратын айдаршасы болады.

Құтан — жыл құсы. Наурыздың аяғында ұшып келіп, ұяларына 4 — 6 жұмыртқа салып, оны мекиені мен қоразы кезектесіп 20 — 22 күндей басады.

Сары Құтанның бір ерекшелігі — ұясына адамдардың келгенін көрсе, ұясын тастап басқа жерге ұшып кетеді. Ұсақ балық шабақтарыменұлулармен, су жәндіктері және ұсақ кемірушілермен қоректенеді. Соңғы мәлімет бойынша кіші аққұтанның саны 500, ал сары Құтан 1 мыңға жуық (2003). Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Ал Құтанның Корея мен Қытайда ғана кездесетін, тіршілігі әлі толық зерттелмеген — сарытұмсық Құтан — Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.

                Мұнтаз құсы ( чистиктер)  кәдімгі  мұнтаз  құсы(Cepphus grylle).Атлантикалық  тынық  мұхитында  мекендейді. Қанатының  ұзындығы  58см, салмағы 480г. Көгершіндерден  сәл  кіші денесінің  ұзындығы  32см.Түсі жазда  қара, қыста күмңс түстес  болады.Жүре  алмайды  десе  болады.Аяғы  жартылай  жатырған  сияқты  орналасқан. Қозғалысы жай.Су  астындағы  ұсақ  жәндіктермен  20 м  тереңдікте  қорегін  ұстай  алады. Қосымша теңіз  шаяндарымен  моллюскалармен  қоректенеді. 1-2 жұмыртқа  салып аталығы  мен аналығы  кезек-кезек басып  шығарады.

             Дауылпаз тәрізділер  (лат.Procellariiformes немесе Tubinares) — теңіз құстары отрядының бірі. Ерекшеліктері: тұмсығы ұзын, ұшы имек және түтік тәрізді. Бұлардың көп кездесетін түрлері: сұр оцеанодрома, солтүстік оцеанодромасы, поляр фульмары, солтүстік дауылпазы, бізтұмсық дауылпаз, сұр дауылпаз, аққаптал альбатрос, қараяқ альбатрос. Дүние жүзінде 75, ал Кіші Азия түбегінде 2 түрі кездеседі: олар Кори Шируотер, Леванттық Шируотер

Олуш — ұзын құйрықты, жарғақ табанды, тұмсығы мен аяқтары көк түсті теңіз құсы. Кариб  теңізіндегі  Касумель  аралы   мен   Австралиялық   Рождество аралында жұмыртқа басады. О л у ш т а р биіктіктен өте тез жылдамдықпен төмен құлдилап, судағы балықтар мен кальмарларды опоңай қолға  түсіреді.

 

 «Кел ойнайық» сергіту  сәті

 

1.Өтірік  айту  жаман  қасиет  дегендерің, қол  соғайық.

  1. Жақсы адам болғыларың  келсе,орнымыздан  тұрайық

3.Жалқаулық  жаман  қасиет  дегендерің, отырайық

  1. Бүгін сабаққа жақсы  көңіл-күймен  келгендеріңіз, аяқты  еденге  соғайық.
  2. Адамгершілігі мол адамдар  орнымыздан  тұрайық.
  3. Осы мектеп туралы  жақсы  ой-пікірдегі  адамдар «Біз» деп  айқайлаңыздар.
  4. Бүгінгі кездесуге қуаныштылар  қол  шапалақтайық
  5. Оқушылар сабақтарын 5-4 оқысын  десеңіздер  бір-біріміздің  қолымызды  алысайық.

 «Түртіп  алу»  стратегиясы. Сөздік  жұмыс.

 

Бірқазандар – Пеликан -(лат. Pelecanidae)

Ақ тырна – Белый  журавль-(лат. Grus leucogeranus)

Сыбырлақ аққу – Лебедь  шипун — (лат.Cygnus olor)

Сұңқылдақ аққу – Лебедь кликун( лат. Cygnus cygnus )

Гага — Гага (лат. Somateria)

Кайр – Кайр ( Лат. Uria )

Үлкен  суқұзғын — Большой  баклан — (лат. Phalacrorax carbo)

 Кіші суқұзғын – Маленький баклан — (лат. Phalacrorax pygmaeus)

Патша  пингвин – Королевский  пингвин — (лат. Aptenodytes patagonicа)

Кіші аққұтан – Малая  белая  цапля — (лат. Egretta garzetta)

Сары құтан – Желтая  цапля — (лат. Аrdeola  ralloіdes)

Кәдімгі  мұнтаз  құсы -Чистик-(Cepphus grylle)

Дауылпаз тәрізділер – Буревесниковые — (лат. Procellariidae)

III. Жаңа  сабақты  бекіту

«Үш  қадамды  сұхбат» стратегиясы

А. интервью   алушы

Ә. интервью  беруші

Б.  Хатшы

Сұхбат  соңында  әр  топ  бір-бірін  бағалайды.

ІV. Қорытынды

«Бағдаршам»  ойыны. Жасыл-толық  түсіндім, сары-түсіндім  бірақ  сұрағым  бар,қызыл-түсініксіз.

Практикалық  сабақ: Осы  құстардың  тұмсықтарының  суретін  салып, ерекшеліктерін  жазу.