Тақырыбы: «Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруде жаңа әдістердің ролі»
ШС  мақсаты мен міндеттері: Қазіргі заманғы ақпараттық технологияның ауқымды

даму кезеңінде заман

талабынасай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа

деген көзқарастарын

дамытуғакөмектесу, жұмысындағы нәтижесінің сапасын

арттырудың негізгі

бағыты — барлықтәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, 

жан-жақтықалыптастыруда талмай іздену мен

жаңалықтан қалмау қажеттігін

сезінуге   жетелеу 

Күтілетін нәтижелер: Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану мұғалімге оқу процесінің

құрылымынтүбегейлі өзгертуге,

 оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және

жекеқабілеттерін көре біліп, 

оны есепке ала отырып дамытуға, толық жағдай

жасауға

мүмкіндік беретінін

түсінеді.

Кімге жүргізіледі: мұғалімдерге
ШС  барысы: Ой шақыру, мағынаны ажырату, рефлексия
Әдістер мен тәсілдер: Психологиялық дайындық,  топқа бөлу, постер дайындау
Құрал-жабдықтар: Таныстырылым, АКТ , бейне таспа,  фламастер, қалам, қарандаш, 

стикер,

 қағаз, плакат. А4,

 

 

 

 

ШС кезеңдері Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
І. Мұғалімдерге жағымды ахуал қалыптастыру

 (3 мин)

Мақсаты: жағымды атмосфера қалыптастыру, тыңдаушылардың жұмысқа деген қызығушылығын ояту, көтеріңкі көңілмен кірісуін қамтамасыз ету.

 

Ұйымдастыру: (музыка ойнап тұрады.)
Жаттығу : «Картошка егу»
Қатысушылар бірінің артынан бірі бір қатарға тұрады, араларында ауа шары, бұл-құрт. Құрт қалай ұйықтайтынын, жылжитынын, керілетінін, жуынатынын көрсетуі керек.

 

Қатысушылар бірінің артынан бірі бір қатарға тұрады, араларында ауа шары, бұл-құрт. Құрт қалай ұйықтайтынын, жылжитынын, керілетінін, жуынатынын көрсетеді. Жаттығу жасау.

 

2. Топқа бөлу

/2 – мин/

Өлең шумақтарына сәйкес топқа бөліну.

1-топ.Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.

2-топ. Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.

3-топ. Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.

Өлең шумақтарына сәйкес топқа бөлінеді.
 

Ой шақыру

Таныстырылым көрсету.

                /10 — мин/

Таныстырылым көру: «Сіздің мұғалім екендігіңіздің 13 белгісі».

— Жаңашыл ұстаз болудың 13 критерийіне біздің жұмысымыз сай ма?

— Өзіңізге қандай баға берер едіңіз?

— Жер шарындағы барлық мұғалімдерге тән олардың ортақ қасиеттері қандай?

Рефлексия (Сын тұрғысынан ойлау)

 

Мұғалімдер таныстырылым тамашалап, өз ойларымен бөліседі.

Топтық жұмыс

Постер қорғау

 /15-мин /

 Топтарға тапсырмалар беріледі:

1-топқа: «Жаңа заманға — озық тәжірибе»  

2-топқа:  «ХХІ ғасырдағы мұғалім моделі»

3-топқа:  «Мұғалім беделі – мектеп абыройы»

Мұғалімдер тапсырмаларын топпен бірлесіп, ойласып жасайды. Топ басшысы өздерінің жұмыстарын қорғайды.
Сергіту  сәті /5-мин/  Мұғалімдер караокемен ән салады. Мұғалімдер ән салып, жақсы көңіл күй орнайды, демалады.
«Кір жаю» әдісі

/10 мин/

Мұғалімдерге ситуациялық сұрақтар беріледі.

Жауабын топта талдап, жауап жазып кір жаятын жіпке іліп қояды.

Олар өз топтарында талдап, сұрақтарға жауап жазып, жіпке апарып іліп қояды.
Шағын  эссе  жазу.

(10 мин)

Топтарға суреттер таратылады. Сол суреттерге қарап шағын эссе жазу тапсырылады. Тапсырманы мұқият орындайды, жұмыстарын, өз ойларын ортаға салады.
Рефлексия. Кері байланыс

 

(5 мин )

Жазбаша кері байланыс жасау үшін стикерлер таратылады.

Коучингке қатысушыларға рахмет айтып, жұмыстарына шығармашылық  табыстар  тілейді.

Рефлексияларын жазу, көшбасшылар өз топтарына бағалаулар жүргізеді.

Стикерге өз ойларын жазады

Коучердің іс-әрекеті туралы әріптестер бағалайды.