Коуч Момынқұлова Динара Махамбетқызы

Коучинг тақырыбы Lesson Study үдерісі арқылы оқыту сапасын арттыру

Жалпы мақсат Мұғалімдер Lesson Study үдерісінің түйінді идеясын түсінеді.

Сілтеме Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үлестірмелі материал. ОүБ әдістемелік көмекші. Интернет материалдары

Оқу нәтижесі 1.Мұғалімдер Lesson Study үдерісін оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын біледі. 2. Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын үйренеді, мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алады. 3. Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын қалай арттыруға болатынын анықтайды.

Түйінді идеялар

* Lesson Study — мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған сыныпты зерттеу нысандарының бірі. * Lesson Study — мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі. * Lesson Study — оқу сапасын арттыруды көздеген тәжірибені жақсарту үшін демократиялық тәсіл.

Ресурстар Презентация, мәтін парақшалары, постер, маркерлер, стикерлер

Оқыту әдістері: ,»Ойлан, жұптас, жарияла», АКТ, миға шабуыл, топтық жұмыс, кері байланыс, қалыптастырушы бағалау.

Коучинг барысы:

Негізгі жұмыс тар, уақыты Коуч іс-әрекеті Мұғалімдер іс-әрекеті Бағалау Ресурстар

1.Проб

леманы

айқын

дау

кезеңі.

10 мин. 1.Ынтымақтастық ахуал орнату. Шеңбер құрып,әрбір қатысушы өз есімін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есім қосады. Жаңылыспай, ұмытпай бәрін ретімен атау керек. Қалай ойлайсыздар, мұндай жаттығуларды сабақта қолданылған дұрыс па? Неге? 2. Топқа бөліну. Топ ережесін еске түсіру. Топ басшысын сайлау. 1. Ынтымақтастық орнатады, танысады. 2. Топқа бөлініп, топ ережесін еске түсіреді, топ басшысын белгілейді. Бәрекелді, жақсы, тамаша, керемет… Кеспе қағазда ры

2. Миға шабуыл. Әр топқа әртүрлі сұрақ. Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау. 1.Сабақты барлық оқушы меңгеріп, бірдей дәрежеде игеріп кетеді деп ойлайсыз ба? 2. Күнделікті сабақтарыңызда барлық оқушыны бақылай алуға мүмкіндігіңіз бола ма? Мұғалімге барлық балалармен жеке жұмыс жасауына мүмкіндігі бар ма? 3. Сабағыңызды жоспарлауда немесе сабақты өткізуде басқа әріптестеріңізбен бірлесіп жұмыс жасап жүрсіз бе? 3.Коучингтің тақырыбы мен табыс критерийлерін айқындау. Бірлескен жұмыс. Коучингтің эпиграфы: «Ең оңайы — еліктеу, Ең ащысы — тәжірибе, Ең мәртебелісі – ойлау» Конфуций 4.«Lesson Study» тақырыбында презентация түсіндіріледі, сол туралы бейнежазба көрсетіледі. 3. Ой бөліседі. Жеке ойланады, жұпта, топта талқылайды. Әр топ мүшелері сөйлейді, бір-бірлерін қайталамайтын пікір айтады. 3.Коучингтің табыс критерийлерін бірлесе жасайды. 4. .«Lesson Study» тақырыбында презентациямен танысады. Интерактивті экрандағы сұрақтар Презента ция, экран, проектор

2.Пробле

маны

шешу

кезеңі.

15 мин. 1.Топтық жұмыс. Әр топқа тапсырма беріледі. Постер жасау, қорғау. 1-топ. Lesson Study-дің басты мақсаты қандай? Lesson Study фокус сыныбы және бақылауға алынатын оқушылар қалай анықталады? 2-топ. Lesson Study циклдері қалай жоспарланады? 3-топ — Lesson Study жүргізілген соң ол нәтижесі қалай сараланады? 2. Әріптестерді Lesson Study-дің нәтижелерімен ресми түрде таныстыру. Презентация жасалады. 1. Әр топқа тапсырма беріледі. Постер жасайды, қорғайды. «Кызыл жұлдызша» — Lesson Study туралы ең жақсы түсінік берген мұғалімнің постеріне қадайды.«Көк жұлдызша»- Lesson Study-ді жүйелі түрде айшықтаған постерге қадалады. 2. Презентациямен танысады. Өзара бағалау Түрлі түсті маркер, формат қағаз, стикер лер, тапсырмалар парағы, қоңырау Презента ция, экран, проектор

3.Проб

лема

ның

шеші

мін Топтық жұмыс. «Өз жағыңды таңда» әдісімен пікірталас жүргізіледі. 1-топ: «Lesson Study» әдісін қолдануға болады. 2-топ: «Lesson Study» әдісі керегі жоқ. 1.Өз пікірлерін ортаға салып, қорғайды, қорытындылайды. Өзара бағалау Тапсырмалар

қолдану 20 мин. 3-топ: Екі топтың дәлелдерін тыңдап, біреуіне қосылады, қорытынды жасайды.

4.Қорыт

ынды

лау.

15 мин. 1. Қорытындылау. Коучингтің эпиграфына оралу, қорытынды жасау. 2.Бағалау. Коучингтің табыстылығын анықтау. Белсенді мұғалімдерге «Үздік ұстаз» белгісін ұсыну. 3.Кері байланыс. «Ширатылған жіп» стратегиясы . Жіпті « байланыстырушы желі» ретінде ассоциация жасай отырып, коуч мұғалімдерге қала мектеп мұғалімдері арасында кәсіби байланыс орнатылғандығы туралы айтады, барлық коучингке қатысушыларға білім алушылардың «Сенім» кәсіби қоғамдастығының мүшесі» деген төсбелгісін тағады. 1.Қорытынды жасайды. 2. Өзара бағалау жүргізеді. 3. Кері байланыс береді. Өзара бағалау, өзін-өзі бағалау

Мұғалімге арналған оқулық бойынша

LESSON STUDY

Мұғалімдердің білімін қалыптастыру және оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі Осы тарауды Іс-әрекеттегі зерттеу және Lesson Study нұсқаулығымен қатар оқыңыз.

Қысқаша ақпарат

Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады, бұл 1870-ші жылдары Жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған. Lesson Study тәсілі Макота Йошида Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бастап танымал бола бастады. Аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас танытты. Йошида бұл жетістік Lesson Study-дің жапон мектептерінде кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартады. Сондықтан қазіргі кезде Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Lesson Study мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр. Рефлексия Lesson Study нысанының бірі болып табылады деп айтуға болады. Соған қарамастан, Lesson Study тәсілін енгізу жөніндегі қызметті кәсіби деп атау үшін белгілі қағидаттар мен тәжірибелік амал-шаралар сақталуы керек. Нақты айтқанда, Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Lesson Study-дің түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілік оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдер бастамасы-мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher мен жасалады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді. Атап айтқанда, Lesson Study тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып табылады. Зерттеу жүргізетін топ әдетте кемінде үш мұғалімнен тұрады, бұл тәжірибесі мен білімдері бір-біріне жайлы әсер ететін фактор болып есептеледі. Топ мұғалімдері көп жағдайда бір мектепте жұмыс істейді, бірақ тәжірибені жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс істеу үшін басқа мектептердің мұғалімдері де тартылуы мүмкін. Кейде топты

кәсіби ұйымдастыру үшін белгілі бір тәсілдерді немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін пайдалану саласында мол жұмыс тәжірибесі бар, тиісті дайындықтан өткен мұғалімдер арнайы шақырылуы мүмкін. Зерттеу барысында барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске тартылады. Тек бір мұғалім ғана сабақ беретіндігіне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ өзіне жауапкершілік алады және оқыту мен сабаққа берілген кез келген баға жеке мұғалімге емес, тұтастай барлық топтың жұмысына қатысты беріледі. Lesson Study тәсілінің тағы бір демократиялық ерекшелігі мынада, мұғалім зерттеу барысында жинақтаған білімімен педагог қауыммен кеңінен бөлісе алады. Жапонияда мұғалімдердің тәжірибесін қолдауға және зерттеулердің жеке топтамаларын дайындауға көмегін тигізу үшін Lesson Study нәтижелері жүйелі түрде жарияланып тұрады. Lesson Study топтары сондай-ақ әріптестерімен бірлесіп жаңа тәсілді оқыту жолдарын және оқу бағдарламаларының аспектілерін модельдейді, бұнымен қоса жүргізілген зерттеулер туралы көпшілік талқысын ұйымдастырады. Жапонияда Lesson Study бүкіл мектептің қызметін үйлесімді етуге ықпал ету жолындағы оқушылардың құндылықтар жүйесі, атрибуттары және жеке қасиеттері тұрғысынан бағаланады. мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher мен жасалады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді.

Атап айтқанда, Lesson Study тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып табылады. Зерттеу жүргізетін топ әдетте кемінде үш мұғалімнен тұрады, бұл тәжірибесі мен білімдері бір-біріне жайлы әсер ететін фактор болып есептеледі. Топ мұғалімдері көп жағдайда бір мектепте жұмыс істейді, бірақ тәжірибені жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс істеу үшін басқа мектептердің мұғалімдері де тартылуы мүмкін. Кейде топты кәсіби ұйымдастыру үшін белгілі бір тәсілдерді немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін пайдалану саласында мол жұмыс тәжірибесі бар, тиісті дайындықтан өткен мұғалімдер арнайы шақырылуы мүмкін. Зерттеу барысында барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске тартылады. Тек бір мұғалім ғана сабақ беретіндігіне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ өзіне жауапкершілік алады және оқыту мен сабаққа берілген кез келген баға жеке мұғалімге емес, тұтастай барлық топтың жұмысына қатысты беріледі. Lesson Study тәсілінің тағы бір демократиялық ерекшелігі мынада, мұғалім зерттеу барысында жинақтаған білімімен педагог қауыммен кеңінен бөлісе алады. Жапонияда мұғалімдердің тәжірибесін қолдауға және зерттеулердің жеке топтамаларын дайындауға көмегін тигізу үшін Lesson Study нәтижелері жүйелі түрде жарияланып тұрады. Lesson Study топтары сондай-ақ әріптестерімен бірлесіп жаңа тәсілді

оқыту жолдарын және оқу бағдарламаларының аспектілерін модельдейді, бұнымен қоса жүргізілген зерттеулер туралы көпшілік талқысын ұйымдастырады. Жапонияда Lesson Study бүкіл мектептің қызметін үйлесімді етуге ықпал ету жолындағы оқушылардың құндылықтар жүйесі, атрибуттары және жеке қасиеттері тұрғысынан бағаланады. құрылым бойынша жүреді:

ü жоспарлау үдерісінде жасалған алдын ала болжамдарды салыстыра отырып, «зерттелетін оқушылардың» оқуын қадағалау және болған айырмашылықтардың себебін белгілеу;

ü сыныптың тұтастай оқытылуы;

ü зерттеу сабағының барысы және оқыту үдерісі;

ü белгіленген және зерделенген негізге сәйкес келесі зерттеу сабағының мақсатын белгілеу.

• келесі Lesson Study-ді топпен бірлесе жоспарлау.

Lesson Study топтамасынан кейін (ереже бойынша үш немесе одан көп сабақ) топ оқыту тәсілі мен оқу бағдарламаларына енгізілетін және көпшілікке таратылатын өзгерістерді келіседі

Пайданылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014

2. Мұқаметқали М. Мұғалімдердің кәсіби педагогикалық инновациялық іс-әрекетке даярлау жолдары. – Өскемен, 2004.

Момынқұлова Динара Махамбетқызы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектебінің жоғары санатты, бірінші деңгейлі, педагог-психолог.