Мұғалімі Абишбаева Майра

Тақырыбы Абайдың қарасөздері

Мақсаты Қазақтың ұлы ақыны Абайдың қарасөздері туралы мәлімет ала отырып, қарасөздерінің тәрбиелік, танымдық мағынасын ажырату және идеялық мазмұнын түсіну.

Күтілетін

нәтиже 1. Қарасөздер туралы жалпы мағлұмат алады; 2.Қарасөздердің тақырыптық жағынан талдау жасай алады; 3. Қарасөздерінің танымдық идеясына өзіндік баға беріп, бүгінгі қолданыстағы маңыздылығы зор екенін түсінеді.

7 модульдің

қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”, Диалогтік оқыту

Қолданылатын

әдіс-тәсілдер Миға шабуыл, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, ортадағы қаламсап

Дереккөздер

мен жабдықтар Абай портреті, слайдтар, үлестірме материалдары, А4 қағазы, интербелсенді тақта, стикер, флипчарт, маркер, смайликтер

Ұйымдастыру

кезеңі *Сәлемдесу *Топқа бөлу *Сабақ мақсатын айқындау І топ-АҚЫЛ (6,18,19). ІІ топ-ҚАЙРАТ (25,29). ІІІ топ-ҒЫЛЫМ (33,37) сандары арқылы топқа бөлініп, ол сандар жайлы өз пікірлерін ортаға салады.

Психологиялық

ахуал Оқушылар адам бойындағы адами қасиеттер мен құндылықтарды тізбектеп айтып шығады.

Сабақ эпиграфы Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес. Мағжан Жұмабаев

Ой қозғау Заман келбеті Заман адамы Заман табиғаты Заман емі Азаматтық толғаныс

Аудиожазба Үнтаспадан тыңдату (Бірінші қарасөзі).

Кіріспе

(мұғалім сөзі) Абайдың толық жинағында 1890 — 1898 жылдар аралығында жазылған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Абай қарасөздері — өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы. Сол арқылы ұлы ақын әңгіме-сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланған. Бірінші қарасөзінде Абай жазуға қалай кіріскені туралы сөйлейді. Мұнда өмірбаяндық дерек бар және өзінің жалпы шығармашылық еңбегіне қатысты ойлы түсінік береді. Бірақ кейін осы тақырыпқа өзге қарасөздерінде оралмайды. Бірінші қарасөзі алда айтатын қара сөздерінің «әлқиссасы» іспетті… Абай қарасөз жазудағы өз мақсатын осылай түсіндіреді. Қарасөздер арқылы кейінгі ұрпаққа ақыл-өнеге, өсиет, ғибрат қалдыруды көздейді. Абай қарасөздерінің тақырыптары қандай? * Қарасөздерін оқу, тақырыбына қарай топтастыру · Өмірбаяндық: 1 — сөз. · Халықтарды салыстыру: 2 — сөз. · Қазақ сахарасын билейтін әкім, тергеуші, соттар жайында: 3 — сөз. · Күлкі туралы ойлаған ойы, сыны. 4 — сөз.

· Қазақтың мақал — мәтелдері туралы: 5 — сөз, 29, 24 — сөз. · Ел мінезін суреттеу: 6, 8, 9, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 26, 29, 30, 33, 39, 40, 41, 42, 43 — сөздер. · Жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз: 7 — сөз. · Білім, ғылым, өнер туралы: 18, 25, 31, 32 — сөздер. · Дін, мораль, тәрбие жайындағы ойлар: 12, 13, 16, 27, 28, 35, 36, 38, 44,45. · Адамгершілік, ар — ұят мәселелері: 11, 15, 17, 18 — сөз. · Өмір туралы толғаныстары: 20 — сөз, 34 – сөз · Нақыл сөздерден ғана тұратын қарасөзі: 37-сөз

Мағынаны

тану

Абайдың

қарасөздерін

бөліп оқыту,

талдау, идеясын

ашу. І топ. 6, 18, 19- қарасөздерінің ерекше тұстары. Себебі… · Адам мінезіндегі жалқаулық, еріншектік, кертартпалық, ездік қасиеттерді ашады. ІІ топ. 25, 29- қарасөзіндегі Абайдың негізгі идеясы қандай? * Халықтың көкірек көзін ашуға шақырады. *Адал жолмен еңбек етіп, арамдықтан алыс болуға шақырады. ІІІ топ. 33, 37- қарасөзі. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерінің үндестігі неде? * Абай пікірі. * Сенің пікірің. 1.Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, қолөнер жұтамайды. 2.Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселерден озады. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер ақымақтық.

Ортадағы

қаламсап Абайдың қарасөздеріндегі кездесетін адам бойындағы бейәдеп нормалары

Оқу

сауаттылығы 17-қарасөз (геометриялық фигуралармен бағалау)

Жинақтау 1. Абайдың қарасөз жазудағы мақсаты не? 2. Қарасөз деген не? 3. Абайдың қарасөздерінің тақырыптары? 4. Қарасөздерінің ерекшеліктерін атаңдар. 5. Абай қарасөздеріндегі кірме сөздердің қолданысы? 6. Абай қарасөздерінен қандай тәлімдік ой түйдің?

Қорытынды Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр. Мұхтар Әуезов

Рефлексия Бүгінгі сабақ ұнады ма? Сабақта қандай қиыншылықтар кездесті? Қиыншылықты кімнің көмегімен жеңдің? Қай топтың жауабы сәтті шықты? Бүгінгі ең үздік топ басшысы деп кімді атар едің?

Үйге тапсырма Абай қарасөздерін жаттау, 25-қарасөзі бойынша оқу сауаттылығы үлгісінде тест құрау