Қызылорда облысы, Шиелі кенті

Ы.Жақаев атындағы орта мектептің

химия және биология пәндерінің мұғалімі

Асанова Кенже Әбдіқайырқызы

Сыныбы 11 «Б»

Тақырыбы Спирттердің қасиеттері

Мақсаты 1.Оқушыларға спирттердің қасиеттері туралы түсінік беру; 2.Оқушылардың оттекті органикалық қосылыстар жөніндегі білімдерін тереңдету; 3.СТО әдістерін қолдана отырып, өз ойларын еркін айта білуге дағдыландыру; 4.Оқу үрдісінде тапсырма беру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.

Күтілетін

нәтижелер 1.Қаныққан біратомды спирттер туралы негізгі ақпаратты біледі; 2.Дегидратация реакцияларын есептер шығаруда қолдана алады; 3. Алған білімдерін іс жүзінде қолдана алады.

Сабақтың

түрі

Аралас

Сабақта

қолданылған

әдіс-тәсілдер

СТО әдістері, жеке, топтық жұмыстарға тапсырмалар, сұрақ-жауап

Сабақтың

көрнекілігі Интербелсенді тақта, слайдтар, постер, стикерлер, бағалау парағы, қажетті құралдар мен реактивтер

Сабақтың барысы:

Сабақтың

кезеңдері

Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі 1.Сәлемдесу 2.Қолайлы психологиялық көңіл-күй қалыптастыру 3.Сыныпты стикердің көмегімен топтарға бөлу Бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады,ұжымдасады, топтасады

Үй

тапсырмасын

сұрау Қызығушылығын ояту Ой қозғау ( Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру Үйге берілген тапсырма бойынша сын тұрғысынан ойлана отырып, сұрақтарға жауап береді

Жаңа сабақ Мағынаны тану Кел, танысалық! (Жаңа тақырыпты түсіндіру) Спирттер-молекула құрамында бір немесе бірнеше сутек атомдары гидроксил тобымен алмасқан, көмірсутектердің туындылары. Жалпы формуласы: R(OН)х Спирттердің физикалық қасиеттері: Қалыпты температурада С10-ға дейінгі спирттер-сұйық, С11-ден бастап-қатты заттар.Алғашқы үшеуі сумен кез келген мөлшерде араласады.Молекулалық массасының артуына қарай спирттердің суда ерігіштігі төмендейді.Қайнау және балқу температурасы молекулалық массасының артуына байланысты өседі.Спирттердің қайнау температуралары сәйкес көмірсутектердің қайнау температурасынан жоғары болады.Себебі, спирттерде Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау

молекулааралық сутектік байланыс түзіледі Спирттердің химиялық қасиеттері: 1) Белсенді металдармен әрекеттеседі: 2С2Н5ОН+2Nа→2С2Н5ОNа+Н2↑ 2) Күрделі эфирлер түзілуі (этерификация реакциясы) С2Н5ОН+СН3СООН→ СН3СООС2Н5+Н2О 3) Галогенсутектермен әрекеттеседі: С2Н5О Н+НСІ→С2Н5СІ+Н2О 4) Дегидратация реакциялары: А) Төменгі температурада: С2Н5ОН+НО-С2Н5→ С2Н5-О-С2Н5+Н2О Б) Жоғары температурада: (t›1400С) С2Н5ОН→С2Н4+Н2О 5) Тотығу реакциялары: Сапалық реакциясы: С2Н5ОН+СuО→СН3СОН+Н2О+Сu 6) Жануы: С2Н5ОН+3О2→2СО2+3Н2О+Q Спирттердің жеке өкілдері және олардың қолданылуы Айналмалы бекеттер (Постер қорғау) Әр топ өздеріне берілген тақырыпшаларға

1-топ.Метил спирті 2-топ.Этил спирті дайындалады.Әр топтан бір оқушы қалады.Қалған топ мүшелері айналып, келесі топқа барады.Әр топтан қалған оқушы берілген тапсырманы келген топқа түсіндіреді

Білгенге-

маржан

(Сұрақтарға

жауап беру)

Қане, есептер

шығарайық!

(Жаттығу

жұмыстарын

орындау)

Білім шыңы

Химиялық

эстафета

(Есептер

шығару)

1-топ №1-есепті шығару (170-бет) Метанолдың физикалық қасиеттері мен адам организміне физиологиялық әсері туралы айтыңдар 2-топ №2-есепті шығару (170-бет) Этанолдың адам организміне әсері туралы не білесіңдер? 1-топ №4-есепті шығару Пропанол толық тотыққанда (жанғанда) не түзіледі?Жану реакциясының теңдеуін жазыңдар 2-топ №5-есепті шығару Этанолдан диэтил эфирін қалай алуға болады?Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар 1-топ №8-есепті шығару Мына айналымдарды орындауға мүмкіндік беретін химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар: СН3СН2ОН→А→Ә→Б Топтарға бір сүрақ, бір жаттығу, бір есептен беріледі. Өз беттерімен сұрақтарға жауап береді, есептер шығарады, білімдерін шыңдайды, қасындағы оқушыларға түсіндіреді

2-топ №10-есепті шығару 9,2 г оттекті органикалық затты жаққанда, 17,2 г көмірқышқыл газы және 10,8 г су алынды.Бұл заттың сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 23-ке тең.Заттың молекулалық формуласын анықтаңдар

Үйге

тапсырма

беру

1) §3.3 2) №9-есепті шығару (170-бет) Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Кері байланыс

«Диктор сөз

алады» Дикторларды шақыру 1-диктор.Сабаққа дейінгі жағдайды баяндайды. 2-диктор.Сабақтың үстіндегі жағдайды баяндайды. 3-диктор.Сабақтың соңындағы жағдайды баяндайды. Дикторлар сөз алып, өз ойларын айтады

Бағалау

Өзара топпен

бағалау, бірін-

бірі бағалау Топ басшысына топ мүшелері өзара бағалап, бағалау парақшасына толтыруды тапсырады Өзара бағалайды, өздерінің жұмыстарымен салыстырады. Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды

Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату Оқушылар стикерлерге сабақтан алған әсерлерін және ұсыныстарын жазады