Алғыс арқалаған хаттар !

 Әке көрген , оқ жонар! 

 Қандай   мағыналы да   мәні  терең     еді!    Бұл  мақалда   әке   аcқар тау  екені  де , әкенің  тәрбиесін алған баланың   алар  шыңдары  да   мол екені де  аңғарылады.

   Біз  қарапайым қазақ халқы  ,бір сөзді   де  тегін айтпағанбыз, өмірден ,көрген түйгенімізді айтқанбыз!

Біз   қазақ  халқы  осы  бір    мақалға   мән  беруіміз     тегін емес, себебі     жақсы  әкеден  үлгі -өнеге    алған  ұл  да    елдің, халықтың   ұлы   болып   өсері    хақ.

Мен  өзім, осы   Қаратау  қаласында Тұрар Рысқұлов көшесіндегі №2     үйде  тұрып келемін.  Үй  де 1964 жылғы  , мен  де  1964    жылғымыз.      Яғни,  жарты  ғасырдан астық.    Осы  4-5 жылдай болды, үй ағасымын.   Үй    ағасының     міндеті, әсіресе   қысты күні  көбейіп кетеді.   Құбырлар    жарылып, немесе  су   кетіп жатқаны, немесе        т.басқа да      қиындықтар туындап қалады.

Жақында   ғана      біздің      Тұрар  Рысқұлов   көшесі,   № 2   үйге  келетін ыстық су құбыры  шатырдан түскен           тоннадай    еріген    қардың    қатты  екпіні  мен  салмағына   шыдай алмай  , жарылып  кетті.       Сіздерге    айтуға    ыңғайсыз,      ыстық  су    әп — сәтте   бұрқаққа айналып,  ыстық  су  екпініне    көз      жіберуге       де       қорқып     ,   қарап қалдық. 3-қабатқа дейін  атқылаған  ыстық су  буы  бұрқырап, барған сайын күш   алып  барады.

Осындай   жағдайда   есіңе    не түседі?

Мен сол кезде былай ойладым,  үй ағасы ретінде    осынша тұрғын тұратын  үй  ыстық сумен   шайылып   жатқанда ,  жедел     іске     кірісу  қажет.

Есіме аудан  әкімшілігіндегі      беделді   ағалар түсті.  Аудан   әкімі   орынбасары  Серік  Ералыұлына   бір  рет    көмек  сұрай  барған едім, сол  кезде       телефон  номерін     де  жазып алғанмын. Ағаға     хабаласып,   мән -жайды  толық    айтып ,      суреттеп  шықтым.  Әдебиетшілігім    бар емес пе , аздап   «ыстық су    бүкіл   аймаққа       тарап  жатыр,    балконнан ішке   кіріп    жатыр»  деп   қалдым –ау  деймін. Шынында,    ыстық су       балконнан  аққаннан  ішке кіре, бастаған еді.

Сүт  пісірім     уақытта    «Игілік»    және    «Таза  су»   серіктестіктерінен    жұмысшылары     келіп   жетті.   Атқылап      жатқан   ыстық суды  жауып, бәрін қалпына келтіріп кетті.    Жаңа  құбыр салып, әп  сәтте     ыстық су да     пәтерлерге  берілді.

Талас ауданына   еңбегі    ерен  болған Ералы  Дадабаевтай    асыл   әкенің  ұрпағы     Серік   Ералыұлы    ағамыздың     осы  бір   адамгершілігі   көкейімнен  кетер емес.

Д..А. Қонаевтың       кітабында    суреті  бар   «Ералы   Дадабаев —  Талас ауданынде  ерен еңбек еткен  тұлға»    ,  бұл күнде асыл    әкенің     өнегесін  көрген  Серік Ералыұлына    осы бір  қаңтардағы  дағдарып   қалған сәтімізде , бір  ауыз сөзімізді   жерге тастамай  ,        жұмысшылармен        бірге         келіп,       біздің   жағдайымызға    қол    ұшын   бергені    үшін    айтар алғысымыз зор.

Тұрар Рысқұлов көшесі ,№ 2  үй атынан    үй ағасы ретінде  де     зор алғысымды білдіремін .

Серік  Ералыұлы  !   Сіз      осы  бір азаматтық    бейнеңізбен    көпке      үлгісіз!  Жаңа жылда   үлкен  табыстар мен  мол   денсаулық  болсын сізде!

Алима   Джұмабаева,

Қаратау  технология,білім және бизнес колледжі тарих пәні оқытушысы,

Қаратау  қаласы