ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ-  МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ КӨРІНІСІ

Джумабаева Алима

Қаратау технология,білім және бизнес колледжі ,

 Қаратау қаласы.

      В   статье     автор    хочет показать     сложный  процесс  образования   степной  государственности ,сложения   казахского ханства, расширения территории ,защиты границ, обогащении    материальной  и     духовной    жизни    казахов, благодаря      государственности  . Автор     старается  показать    историческую миссию   -Керея  и Жанибека, сыгравшых     важную    историческию   миссию   в образовании казахского ханства.

 

The author wants to show the complex process of steppe state, the addition of the Kazakh Khanate , territorial expansion , border protection , enrichment material and spiritual life of the Kazakhs , thanks to statehood. The author tries to show the historical mission and -Kereya Zhanibek , played an important historical mission in the formation of the Kazakh Khanate .

 

 

Ұлы Жібек жолындағы қалалар- мәдениет пен  қолөнер,сауданың орталығы болғаны соншалықты ХІҮ  ғасыр мен ХҮ ғасырларда  да  олардың  маңызы кеміген жоқ. Себебі,  Алтын Орда мен  Ақ Орда ,Мәуереннахр   билеушілері өздері билік  құрған аймақтарға қалалар салдырып, сауданың  қауіпсіздігіне  өте  ынталы еді

Сол кезде еліміздің батыс шетінде  Сарай Бату, Сарай Берке ,  Сарайшық, және Сыр бойындағы Сығанақ, Сауран  және басқа да  қалалар тарихи   деректерде   жиі- жиі кездеседі.

1457-1459  жылдары Керей мен Жәнібектің Әбілхайыр ханнан  бөлінуіне әсер еткен сыртқы  факторлар  да бар еді. Әбілқайырдың  ойраттардан  жеңілісі  және олармен жасасқан масқара бітімі оны жергілікті халық алдында абыройдан біржола  жұрдай етті. Ол қатал шаралар қолданып, өз иелігінде күшпен тәртіп орнатуға кірісті. Бұл  оның саясатына  деген жергілікті ру мен    тайпаластардың наразылығын өршітті. Халық Керей мен Жәнібектің  артынан  топасты.

ХҮғасырдан бастап  Керей мен Жәнібек еліміз үшін   орасан маңызды   тарихи шешім қабылдап,  қазақ мемлекетін құрды.  Ғылыми  жұмысымда   Қазақ хандығының  550  жылдығын     тойлаудың   еліміз  жастарының    отаншылдығын   нығайту сияқты   үлкен   тағылымы  мол   екендігін  дәлелдегім келеді.

ХҮ  ғасыр –Еуразия халықтарының   тарихындағы белесті    тарихи кезеңдердің  біріне  жатады. Әсіресе, қазақ халқының тарихында бұл  ғасырдың   алатын орны ерекше. ХҮ ғасыр –сапалы өзгерістерге толы ғасыр болды. Өйткені, ХҮ ғасырда сонау  сақ дәуірінен жалғасып келе жатқан мемлекеттілік процесі ХҮ ғасырда ұлттық сипатқа ие болды. Екіншіден ,ХҮ ғасырда    үзілмей келе жатқан  этникалық процесс аяқталып, жаңа сатыға көтерілді.

Қазақ этносының  қалыптасуы аяқталды. Үшіншіден, Қазақ хандығының  құрылуы   мен қазақ этносының қалыптасуы –Қазақстан атауын дүниеге  әкелді. [1]

Мемлекеттілік барлық негізгі элементтері билік иесі –хан, оның нөкерлері-сұлтандар, мұрагерлері,  соттары-дауды шешіп отыратын   билер, сарайдағы ақын-жыраулар, халық –мал баққан  шаруалар ,   олардың   кедейлеу бөліктерінің   туыстарының малын бағып,күнелткені  және Түркістан,Сайрам, Сығанақ,Сауран, тағы басқа қалалар     елдігіміздің айқын жемісі болып табылады. [2]

Көш ,қонуға  негізделген мемлекеттіліктің   басты  ерекшеліктері   бар еді.  1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ   тайпаларын   бастап —  Шығыс Дешті – Қыпшақтан   батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді.  Сөйтіп,  1465-1466   жылдары Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды.Тұңғыш   тарих аренасына  далалық мемлекеттіліктің  үлгісі ретінде  көшпелі мал шаруашылығын  дамытқан, материалдық және рухани  мәдениеті  бай  қазақ хандығы   құрылған еді.
1458 жылдың көктемінде   Керейді ақ  киізге   көтеріп хан   сайлайды. Әбілқайыр ханға     наразы сұлтандар, әмірлер,ру-тайпа басылары -Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан      асып түседі.

Қазақ хандығының құрылуы- осыған    дейін  бүкіл   Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және   этно- саяси процестердің заңды қорытындысы еді.

1468жыл   Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып, Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келуші ру мен тайпалардың барлығы да   Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинап ,Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей , Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.Деректерде Мұхамед Шайбанидың  Сыр бойындағы қалалар үшін соғыстар 30 жылға  созылды.

Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандығының  бесігі  болған ежелден келе жатқан жерлер еді. Қазақ хандары осы жерлер үшін   ең басты қарсыластарымен үздіксіз   соғысты.

70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Тарихи деректерден   білетініміздей     Сыр бойындағы   қалалар  Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды.

Осындай шайқастардың  көпшілігіне  көрнекті қолбасшы Керей    ханның  ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды.

Соның нәтижесінде ХҮ ғ. 70-жылдарында қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді.

Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады.

Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты.

Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті.

Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.

Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды.

Оның басты кезеңі — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға —

Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың «өзбек-қазақтар», кейін тек «қазақтар» деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібек    Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алды.  Мемлекеттің  басты  белгісі  оның  шекарасы екендігі  белгілі,   ХҮІ- ХҮІІ ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті.

Және  осы бір жер мәселесіне келгенде  біздің  билер мен шешендер     өте  жігерлі  және   ешбір жаудан тайсалмай  күресті.

Әлемде жері  жағынан  алдыңғы орында тұрған       еліміз  үшін     сол кездегі  Керей мен Жәнібек  және Мұрындық пен Қасым    хандар      « күндіз отырмады, түнде  ұйықтамады.»

Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым болды.   [3,201б.]

Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. «Қасым  өте ақылды ,   көреген  еді,   ол Мұрындық  ханға  бой  ұсына білді»    деп жазды  атақты тарихшы М.Х.Дулати. Қасым хан  асқан дипломат және ақылды, жігерлі   хан болған. Ол туралы М.Х.Дулати «бізде  асыл тастар да , бау –бақша да жоқ. Бар асылдарымыз     осы  жылықы. Жылқыны  қызықтаймыз. Осы екі жылқының біреуін ғана  беремін,  таңдап алыңыз   »  деген екен Моғолстан    ханы Саид  ханға    , осы  сөздерін    «Тарих-и Рашиди» шығармасында   келтірген  екен.

Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен- тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты.    Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Қасым хан Ұлы князь ІІІ Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді. «Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.[4]

Атақты тарихшы    өз  шығармасында     Керей мен Жәнібек, Мұрындық пен  Қасым  ,тағы да басқа хандар турасында өте  көп еңбектер  қалдырды.   М.Х.Дулати   еңбегі  қазақ хандығының  құрылған  жылы ,орналасқан бөлігі турасындағы жазылған  жазба  ескерткіш болып   табылады.  Тараз  қаласында Мұхамед Хайдар Дулати атында  Мемлекеттік университет   және    ғұлама -тарихшыға арналған ескерткіш   бар.

Керей мен Жәнібек хандар- дала мемлекеттілігінің  алғашқы негізін   қалаушылар    ретінде тарихта  қалды.Археологтар мен зерттеуші-тарихшылар көптеген деректер  тауып жатыр.

 

 

 

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы, Алматы, «Мәдени мұра» , 5-том,2010,5-б.
  2. Жұмаханов Т., Жұматаев Б. Қазақ хандығы . .Астана ,2010, 5-11б.
  3. Қазақ халқының тарихи тұлғалары, Алматы,2011,209-211 б.
  4. Қ.Бегалин .Алтын Орда, Алматы,2000, 250-269 б.