Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданы

Ақтай-сай ауылы

Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп – балабақшасының география және биология пәндерінің мұғалімі

Абилова Лариса Болатовна

Санаты: І

Сабақтың тақырыбы:  “Қан” тарауын қорытындылау.

Мақсаты:

Білімділік:           Қан тарауы бойынша алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық:  Ағзаның ішкі ортасы туралы түсінік қанның

“ағзаның айнасы” деп айтылуына тоқталу.

Тәрбиелік:  1. Денсаулық сақтауда қан топтары мен қан құюдың

маңызы

  1. Оқушыларды ұқыптылыққа, бауырмалдыққа баулу.

Түрі:             МОТ  элементтерін қолдану

Қолданылған әдебиеттер; 1. Биология 8 кл

  1. Қан-өмір өзегі.
    1. Биология және салауаттылық негізі.

(2009 ж. №2,2010 ж. № 5)

4.Тағам өнімдері көмегімен Қазақстандағы

теміртапшылық анемиясының алдын алу

(салауатты өмір салтын насихаттауға арналған

әдістемелік ұсынымдар)

Көрнекілігі: 1.Қан — өмір өзегі

2.Қан – тіршілік көзі.

3.Тағам – ең жақсы дәрмек. (Гипократ)

4.Қан – ағзаның айнасы.      (К.Бернер)

  1. Фишкалар.

Сынып екі топқа бөлінеді.

  1. Эритроциттер
  2. Лейкоциттер .

Қан – дегеніміз не?   (оқушыларға сұрақ қою)

Жауабы: Тіршілік көзі, қызыл түсті сұйықтық , қоректендіру дене қорғанышы , мүшелерді байланыстырумен , гуморалды реттеуші , өмір сыйлаушы.

Эпиграф. (слайдпен көрсету)

Қан айналады  жүректің әмірімен ,

Қан  тілдеседі  жүрек   деген  тәңірімен.

Ақ түсті  мөлдір және қызылданып ,

Адамға күш береді пәрменімен.

І кезең. Бәйге .     1..Қан қандай ұлпаға жатады?  (дәнекер)

                               2.Ересек  адамда қанша литр  қан болады? (4,5 – 5 л)

3.Қанның  қанша  пайызын  жоғалтқанда  адам өлімге

душар  болады ?  (50 %)

  1. Донор деп кімді атайды? (қан беретін адам)

5.Реципиент деген кім ? (қан алатын  (құйдыратын ) адам)

6.Ұю дегеніміз  не ? ( ағзаны қансыраудан сақтайтын

қорғаныштық  бейімделу )

7.Қанның түссіз  бөлігі ? (ұлпа сұйықтығы )

  1. Микробтарды ерітетін обар жасушалары ? (фагоциттер)

9.Қан ұйымайтын  ауру ? (гемофилия)

  1. Егу арқылы қалыптасатын иммунитет ? (жасанды)

11.Қаназдық  ауруы  (анемия )

12 Қанның неше тобы болады ( 4)

 

ІІ кезең . Биологиялық диктант.

                              Эритроцит тобына:

 

 

1.Қанның  қызыл түйіршігі  (эритроцит)

2.Қан айналыммен қан жүйесін зерттейтін ғылым қалай

аталады?  (гематология)

3.Эритрациттердің тіршілік ұзақтығы (120  күн)

4.Қанның ақ түйіршігі (лейкоцит) деп аталады.

  1. Қан плазмасы құрамында … (90-92%) су болады.

 

 

   Лейкоцит тобына:

1.Эритроцитте қанға қызыл түс беретін … (гемоглобин)

болады.

  1. Эритроциттерде … (ядро) болмайды.

3.Эритроциттер … (сүйек кемігенде) түзіледі.

4.Фагоцитоз құбылысын… (И.И. Мечников ) ашты.

5.Тромбоциттердің тіршілік ұзақтығы… (7) күн.

 

III кезең.   Биологиялық есептер шығару.

                              (топпен жұмыс)

 

Салмағы 60-62 кг адамдардың ағзасында неше литр қан болатынын анықтау. Қанның мөлшеріне дене салмағының  7% сай келеді және қанның меншікті салмағы  1,06 г см тең деп есептеу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV кезең.   Ойлан, тап.

1.Жанды мотор сынбайды,

Күні түні тынбайды.

Кейде оның жүрісін

Дәрігерлер тыңдайды.

(Жүрек)

  1. Тарам-тарам бір ғалам ,

Айқыш-ұйқыш шырғалаң (Қантамырлары)

 

  • Нобель сыйлығын алған ғалым (И.И.Мечников)

4.Эритроцит ( Қанның қызыл түйіршігі)

 

 

V кезең. Ребус шешу.

Әр топ бір-біріне дайындап әкелген ребустарын алмастырып,белгілі уақыт ішінде жауаптарын ұсынады.

 

 

 VI кезең.Кім көп біледі?

Бұл бөлімде топтар қанға байланысты әр түрлі тақырыптағы рефераттар оқып пікір алмасады.

 

Реферат тақырыптары:

  1. Қанның физиологиясы.
  2. Қанның ұюы.
  3. Қан-өмір өзегі.

 

 

Бағалау. Екі топ бірін-бірі басбармақ әдісі бойынша бағалайды.

 

Қорытындылау.

2 жұлдыз бір тілек