«Сәкен Сейфуллин атындағы    № 2 орта мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп»  Мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Әдебиеттік оқу сабағы

 

Тақырыбы:

Ата-анамды құрметтеймін.Кей-Қауыс.Ата –ананы      құрметтеу туралы.

 

Бастауыш сынып мұғалімі: Чабденова Н.

 

Сабақ тақырыбы:Ата-анамды құрметтеймін.

Сабақтың оқыту мақсаттары:1.1.1.Шығарманың мазмұнын түсіну және қарапайым сұрақтарға жауап беру.

Оқушылардың бәрі: мәтінді оқиды,түсінеді,бағалауға қатысады,мәтінді бөліктерге бөліп оқиды.

Оқушылардың көпшілігі:тақырыпты болжайды,әңгіме құрастырады.

Кейбір оқушылар:мәтіндегі қиын сөздермен жұмыс жасайды.

Өткен сабақтардан алған білім:Жеті атамды білемін.Сұрақтар қойып,жеті ата туралы мәлімет алады.

Қызығушылықты ояту:

Сыныпты қалыпқа келтіру

Ой сергек. «Сәлемдесу» Сабақ барысында оқушылар сынып ішінде ары-бері жүріп,сәлемдеседі.

(«Ассалаумағалейкүм», «Сәлем», «Сәлеметсіз бе?», «Қалайсың?!», «Есен-амансың ба?!» т.б)

Мағынаны ажырату

Ой қозғау

Сендер үшін ең қымбат жандар кімдер?

Құт берекең –атаң қымбат.

Аймайлайтын-анаң қымбат,

Мейірімді –апаң қымбат.

Тақырыпты болжау.

Осы өлең жолдарына сүйене отырып, «Адасқан әріптер» арқылы жаңа сабақтың тақырыбын болжату.

«Арт-іааатыд ұқмменемтнй»

(Ата-атанамды құрметтеймін)

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Мақсатқа сәйкес оқушылармен бірлесе отырып,жетістік критерийін анықтау.

Тыңдалым.Мультимедиялық оқулықтан Кабуснамеден «Ата-ананы құрметтеу»жайлы мәтінді тыңдату.

Кабуснаме жайлы мәліметпен таныстыру.

Перзент-бала

Парасат-сана,ақыл-ой

Қаяу-реніш

Жұптық жұмыс.

Тапсырма:мәтіндегі өздеріңе қиын сөздерді теріп жазыңдар.

Жазған сөздерін талқылап,түсіндіру.

Бағалау.Бір жұпты басқа жұп ауызша бағалайды.

Топқа бөлу.Бір топқа киімінде қара түс барлар,екіншіге қызыл түс,үшіншіге ақ түс.

Тапсырма:Топта өзара бірлесе отырып,мәтінді төмендегідей бөліктерге бөліп,әр бөліктің шегін тауып оқу.

1.Ата-ананы құрметтеу.

2.Ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма.

3.Сен ата-анаңа не істесең,саған перзентің де соны  жасайды.

Бағалау.Топтар бір –бірін берілген кесте бойынша бағалайды.

Ой толғаныс

Жеке жұмыс

Жазылым

Ата-анаң саған қандай ақыл айтады, тізіп жаз.

Үйге: мәтіннің бір бөлігін жаттау.

Рефлексия.Жазылым.

«Ата-ананы қалай құрметтеу керек?» деген сұраққа бірнеше жауап жаз.