Сабақ  жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Су мен органикалық заттар

Мектеп:Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Бердибекова Жазира Жумантаевна
     
Сабақ тақырыбы Азық- түлік өнімдеріндегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар.

Зертханалық жұмыс: «Тамақ өнімдерін органикалық заттарға тестілеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.4.1.3. Азық- түлік өнімдерінің құрамында  көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар-жоғын дәлелдеу

 

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: азық-түлік өнімдеріндегі органикалық заттарды бар-жоғын анықтау.

Көпшілік оқушылар: органикалық заттардың түрлерін сипаттау.

Кейбір  оқушылар:  азық-түлік құрамында заттарды анықтайтын ерітінді туралы ақпараттарды ұғыну.

Бағалау критерийлері Оқушылар:  азық-түлік өнімдерінің құрамында  органикалық заттардың бар-жоғын тексереді
Сабақтың түрі Зертханалық жұмыс
Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар майлармен көмірсулардың тағамдарда кездесуін атай алады

Пәнге қатысты  лексика мен терминология

көмірсулар, нәруыздар, крахмал, глюкоза, , йод, этанол, Биурет ерітіндісі

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Нәруыздар …….. құрамында кездеседі.

Майлар …… құрамында кездеседі.

Майлар мен көмірсуларды ………………. арқылы анықтауға болады.

Құндылықтарды дарыту Құрмет

Негізгі ұғымдарды талдау кезінде оқушылардың бір-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі.

Ынтымақтастық

Жұпқа және топқа берілген  тапсырманы бірлесіп орындау, оқушылар арасындағы  ынтымақтастықты қамтамасыз етеді.

Ашықтық

Оқушылар құрылымдық деңгейлер туралы өз ойларын айтып, топқа берілген тапсырманы  бірге талдайды.

Еңбек және шығармашылық

Оқушылардың білімге қызығушылығы, өзін-өзі дамытуы.

Пәнаралық байланыстар химия – органикалық заттардың құрамындағы элементтерді анықтайды.
АКТ қолдану дағдылары Интербелсендітақта, ғаламтордағы ресурстар
Бастапқы білім

 

Оқушылар білу керек:

азық-түліктің құрамында крахмал, қант, майлар, нәруыздардың бар болуы (6 сынып)

Органикалық заттарды құрайтын элементтер (7 сынып)

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

0-2

 

 

2-5 мин.

 

 

 

Сабақтың

ортасы

 

 

 

5-6

 

6-7

 

 

 

 

 

 

 

 

7-8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9-12

 

12-14

 

 

 

14-16

 

 

16-18

 

 

 

 

 

 

18-20

 

 

 

 

20-22

 

 

Ұйымдастыру кезеңі І. Ынтымақтастыру атмосферасын ұйымдастыру. Сәлемдесу. Бір-бірімізге жақсы көңіл күй тілейміз.

ІІ. Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау үшін оқушыларға проблемалық сұрақ қою.

Сұрақ: Егер адам ағзасына органикалық заттар жетіспегенде  қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Оқушылардың пікірлерін тыңдау.  Оқушылардың пікірлерін тыңдағаннан кейін. «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» бейне таспаны көрсету. Бейнетаспа көрсетілгеннен кейін оқушылардан сабақтың мақсатын айқындауын сұрау.

Тақтадан сабақ тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру.

Топтық жұмысты ұйымдастыру «Жұбыңды тап» (азық-түліктің суреттері) Оқушыларға түрлі тағамдардың суреттері таратылып беріледі, берілген азық-түлік өнімдерді  құрамындағы адам ағзасына қажетті  заттардың болуына байланысты топтастыру

Суреттердің қиындыларынан 3 органикалық топ шығады.

1         – топ: Көмірсу

2         – топ: Нәруыз

3          — топ: Май

Топтық жұмыс : Оқушыларды топтастырып болғаннан кейін, әр топқа органикалық заттар туралы мәтін таратып беру.  Мәтінді оқып шығуына 3 минут беріледі. Уақыт аяқталған соң мұғалім  тақырыпқа байланысты «Кім жылдам?»тапсырмасы орындалады. Ол үшін бірнеше сұрақтар қойылады?

Барлық топтарға сұрақтар қою: (деңгейлік тапсырмалар)

А. Тағам мен қоректік заттар дегеніміз не?

В. Сенің ағзаң  жақсы  өсуі үшін қандай органикалық заттар керек деп ойлайсың?

С. Дұрыс тамақтану үшін не қажет екенін түсіндір

Қ. Бағалау: қолпаштау, мадақтау

·         Зертханалық жұмыстың тақырыбы қалай аталуы мүмкін?

Зертханалық жұмысты бастамас бұрын ,  сабақтың алдында 3 топ сапалық реакцияларды жүргізіп, оқушыларға салыстыруға арналған үлгілерді тапсырады.

Бақылау тестілерін жүргізу үшін, оқушыларға жеке парақша шығарып беру, зертханалық жұмыстың басында осы 3 бақылау тестісін жасап, қорытындысын кестеге толтырады. Себебі, зертханалық жұмыс барысында оқушылар алған нәтижелерін бақылау тестісімен салыстырады.

Бақылау тестісінің жұмыс парағы.

1 -топқа: Биурет реакциясы

1.     Жұмыртқаның ақуызынан 2 мл алып, сынауықта Биурет ерітіндісінен 2 мл қосып араластырыңыз.

2.     Ерітінді түсінің сия күлгінге айналуы нәруыздың болуын көрсетеді.

 

2- топқа:Майдың болуын тестілеу

1.     Сынауыққа 2 мл этил спиртін құйыңыз

2.     Сынауықа өсімдік майын 1 тамшы тамызыңыз

3.     Ерітіндіге 3 мл су құйып араластырыңыз

4.     Ерітіндінің лайланып кетуі онда майдың бар екеніне дәлел

 

3 топқа: Йод тестісі

1.       Сынауыққа 2 мл крахмал ерітіндісін құйыңыз

2.       Ерітіндіге 1 тамшы йод ерітіндісін тамызып, шыны таяқшамен араластыр.

3.       Ерітінді түсі қара көк немесе қара түске өзгереді. Бұл – ерітіндіде крахмалдың болуының дәлелі.

 

Оқушылар бақылау тестісінен алынған нәтижелерін кестеге толтырады.

 

Сапалық реакция Анықталатын зат түрі Ерітіндінің

бастапқы түсі

Реакциядан кейін пайда болатын түс
Биурет  
Йод  
Этил спирті  

Әр топ өздерінің нәтижелерін дұрыс жазылған кесте арқылы   дұрыс ақпарат алғандығын  тексереді.

Сапалық реакция Анықталатын зат түрі Ерітіндінің

бастапқы түсі

Реакциядан кейін пайда болатын түс
Биурет Нәруыз Көк Күлгін
Йод Крахмал Сарғыш Қара көк
Этил спирті Май Түссіз Лай

 

«Жарнамалау» әдісі арқылы әр топ жұмыстарымен танысады.

 

 

 

Презентация 1 бет

Презентация 2 бет. Ресурс видео Дұрыс тамақтану

 

 

Презентация 3 бет

Таратпа суреттер Презентация 4 бет

 

Презентация 5 бет

 

 

Таратпа материалдар 1

 

 

 

Презентация 8 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

Бақылау тестісінің  жұмыс парағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация 9 бет

 

 

 

 

 

23-42 мин.

Лабораториялық жұмыс

Тақырып:  «Тамақ өнімдерінің құрамында  көмірсулар, нәруыздар және майларды зерттеу»

 

Жұмыстың мақсаты: азық-түлік өнімдері құрамында нәруыздар, көмірсулар мен майлардың болуын дәлелдеу.

 

Болжам:  Егер  органикалық заттарға  әртүрлі тестілермен әсер ететін болсақ, онда  түс өзгерісі арқылы қандай органикалық зат бар екенін білуіміз мүмкін.

Экспериментке сәйкес келетін айнымалыларды анықтау

Тәуелсіз Тәуелді Бақыланатын
Азық-түлік өнімдері Түс өзгерісі Түс

Құрал-жабдықтар: азық-түлік өнімдерінің үлгілері: шикі ет, шикі жұмыртқа, шикі сүт, нан, картоп, жаңғақ, алма т.б.; күнбағыс майы, глюкоза ерітіндісі, йод ерітіндісі, сүзгі қағазы, 100 мл су, шыны таяқша, тамызғы, құйғы, стақан, келі мен келсап, Биурет ерітіндісі, крахмал ерітіндісі, сызғыш, секундомер, сынауық – 8 дана, этил спирті – 50 мл.

Қауіпсіздік ережелері:

—          Көзілдірік пен қолғап, халат кию қажет;

—          Ерітінділерді иіскеуге, көзге жақындатуға болмайды;

—          Шыны, кескіш, үккіш құралдармен жұмыс істеу кезінде абайлаңыз;

—          Йод, этил спирті, Биурет ерітінділермен жұмыс кезінде абай болу;

 

Жұмыс барысы:

 

1-топқа ТӘЖІРИБЕ

Биурет реакциясы

1.       Азық-түлік өнімі үлгісін келіде келсаппен ұсақтап, 5 мл су қосып езіңіз.

2.       Қоспаны шұқырақ пен сүзгі қағазы арқылы стақанға сүзіп құйыңыз.

3.       Стақаннан сынауыққа 2 мл құяды

4.       Сынауыққа Биурет  ерітіндісінен 3 мл қосып, шыны таяқшамен араластырыңыз.

5.       Ерітінді түсін бақылау тестімен салыстырып, кестеге толтырыңыз

 

Азық-түлік өнімдерінің үлгілері Ерітінді түсінің өзгерісі Түсіндірмесі
жуа  

 

 
фасоль  

 

 
балық немесе тауық еті  

 

 

 

2-топқа ТӘЖІРИБЕ

Этил спиртімен тестілеу

1.       Азық-түлік өнімі үлгісін келіде келсаппен ұсақтап, 5 мл спирт  қосып езіңіз.

2.       Қоспаны шұқырақ пен сүзгі қағазы арқылы стақанға сүзіңіз

3.       Стақаннан сынауыққа 2 мл құйыңыз.

4.       Сынауыққа 1 мл су құйып, араластырыңыз.

5.       Ерітінді түсін бақылау тестімен салыстырып, кестеге толтырыңыз

 

Азық-түлік өнімдерінің үлгілері Ерітінді түсінің өзгерісі Түсіндірмесі
жаңғақ  

 

 
ірімшік  

 

 
картоп  

 

 

 

3-топқа ТӘЖІРИБЕ

Йод тестісі

1.       Азық-түлік өнімі үлгісін келіде келсаппен ұсақтап, 5 мл су  қосып езіңіз.

2.       Қоспаны шұқырақ пен сүзгі қағазы арқылы стақанға сүзіңіз

3.       Стақаннан сынауыққа 2 мл құйыңыз.

4.       Сынауыққа йод ерітіндісінен 1 тамшы тамызып,  араластырыңыз.

5.       Ерітінді түсін бақылау тестімен салыстырып, кестеге толтырыңыз

 

Азық-түлік өнімдерінің үлгілері Ерітінді түсінің өзгерісі Түсіндірмесі
картоп  

 

 
жуа  

 

 
нан  

 

 

 

«Аялдама» әдісі арқылы әр топ өз жұмысын  келесі топқа түсіндіреді.

Жұмыс бағалау критерийі арқылы бағаланады.

Бағалау критерийі Дескриптор  
Тамақ өнімдерінің құрамында  көмірсулар, нәруыздар және майларды зерттеу Азық-түлік өнімдерінің құрамында  органикалық заттардың бар-жоғын анықтай алады  
Айнымалыларды дұрыс анықтай алады  
Ұсынылған деректерді дұрыс түсіндіреді

(Х … анықтау  үшін У … ерітіндісін қолданылады.

Х … реакция азық түліктегі У … анықтауда қолданылады.

Егер Х … боялса, … болуының дәлелі.)

 
Сұрақтың мазмұнын толық аша алады  
Түсіндіруде ғылыми терминологияны дұрыс пайдаланады  

Кейбір  оқушыларға:  Әр топтағы оқушыларға ауызша айтуға төмендегіше тапсырмалар беріледі.

Тапсырма:  Берілген химиялық элементтер қатарынан органикалық заттар құрамына кіретіндерін анықтаңдар:

Орг. заттардың  атауы C-көміртек О -оттегі Н-

сутегі

N-

азот

Нәруыздар        
Көмірсулар

 

       
Майлар        

Қ. Бағалау: «Жұлдызша» беру арқылы бағаланады.

Қосымша 2

Жұмыс парағы

 

 

Презентация 10 бет

 

 

Презентация 11 бет

 

 

 

 

 

Презентация 12 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация 13 бет

 

 

 

 

 

Презентация 14 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация 15 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация 16 бет

 

 

Презентация Презентбет

Сабақтың

соңы

42-45 мин.

Тақырыптың түйінін анықтау Рефлексия.

Сұраққа жауап бер:

«Тағам құрамындағы органикалық заттарды анықтаудың қандай маңызы бар?»

Оқушылар өз ойларын стикерлерге жазып, тақтаға жабыстырады.

Үйге: органикалық заттар туралы тірек сызба дайындау

Презентация 21 бет

 

 

Презентация 22 бет

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: азық-түлік өнімдеріндегі органикалық заттарды бар-жоғын анықтауды  біледі.

Көпшілік оқушылар: органикалық заттардың түрлерін сипаттау.

Кейбір  оқушылар:  азық-түлік құрамында заттарды анықтайтын ерітінді туралы ақпарат жазылғанын білу

Тапсырмалар  беру арқылы оқушылардың органикалық заттардың түрлерін атау және олардың ағза үшін маңыздылығы туралы сұрау.

Топта орындаған тәжірибе  нәтижелерін қорытындылап, бағалау  жүргізеді.

Практикалық жұмыс барысында бағалау жүреді.

Алынған  деректерді өңдеу және жұмыс істеу процесінде оқушылар креативтік және сындық келісті көрсетеді. Жұппен және топпен жұмыс істеу және олардың жұмысын басқа оқушылармен және оқытушымен талдау басқалардың пікірін сыйлауды, құрдастарымен және үлкендермен дұрыс қарым-қатынас құру қабілетін дамытады.

Белгілі дәрежеде басқалармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету қабілетін  көрсетеді, Оқушылардың денсаулығын қалай сақтауы және маңындағылардың қауіпсіздігін қалай қамқорлыққа алуы керектігін үйретеді