Оңтүстік Қазақстан облысы  білім   басқармасының«Тілінде ауыр кемістігі бар  балаларға арналған облыстық арнайы  мектеп-интернат» коммуналды мемлекеттік мекемесінің дефектолог,  бастауыш  топ тәрбиешісі  Карабекова Амина Омирзаковна.

ОҚО.Түркістан қаласы

Құрметті кауым! Сіздерді «Қазақтың нағыз жігіттері » сайысын тамашалауға шақырамыз,

Максаты: Оқушыларды ұлттық салт-дәстүр негізінде білімін кеңейту. Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздыңсалт — дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн -жоралғыларын  оқушылардың бойына сіңіру, батыл намысты ұлдарды тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар және қонактар! Сіздерді бүгінгі 3- 4сыныптар арасында өткізілетін «Қазақтың нағыз жігіттері» атты сайысына қош келіпсіздер!

Береке де осында ,

Мерекеде осында .

Болып жатыр той думай ,

Қырандардың косында,

Күмбірлеген күй дайын .

Ал кәнекей кырандар ,

Босқа қарап тұрмандар .

Бастап жігіт өнерін,

Алыстарға самғандар

Тәрбиеші: Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа катысушы серілерімізді қошеметпен ортаға шақырайық,

Жігіттер келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дамытуға,

Жігерленіп келіп жетті,

Әдеппен, ізетпен табысуға.

 

1 .Қуантады білімімен бізді Розбай,

Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.

Білімің серік болсын талабыңа.

Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.

 

  1. Өнер қуған жасынан,

Өнері судай тасыған .

Келесі біздің Бақтыбек,

Көрінген күштің басынан.

 

З.Біледі ол жаксыменен жаманды,

Өнерімен тамсандырған адамды

Қошеметпен шақыралық ортаға

атты жігіт болған сарбазды.

 

  1. Сүрінбей сыннан өтемін

Мақсатыма жетемін деп келе жатқан Абрар

 

5 .Жігіттің дара туған ірісіндей

Жүрісі батырлардың жүрісіндей

Келбетті батыр тұлға сом білек

Қажмұканның інісіндей Жармұқан

Тәрбиеші: Серінің бойында қандай ерекше қасиеттер болу керек.

Тәрбиеші:

Сіздерге артар міндет коп.

Көтер биік ата салтын құрметтеп,

Ақтай білсең ата- баба үмітін,

Әр бір сөзі- тәлімі мол бір мектеп.

 

Сайысымыздын кезеңдері

1.Таныстыру кезеңі.

2.Сұрақ жауап кезеңі.

З.Күш атасын танымас.

4.Жігітке жеті өнерде аз.

 

1 Таныстыру кезеңі

Жігіттер өздерін таныстырып өтеді.

Әділқазылар алқасы бағаларын берсе

Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,

Сен әкелген жаксылықтар көптегі.

Көңіліңді шат сезімге баурайды,

Халқымыздың бүгіні мен өткені.

2.Сұрак- жауап кезеңі;

Асыктар арқылы жауап береді.

№1 асық .Ұлттық ойындарды ата?

(Аксүйек, аркан тарту, тымпи, сақина салу т.б)

№2 асық. Үш арсызды ата ?

(Үйқы, тамақ, күлкі)

№3 асық. Жеті атаны талдап беру.

(Ата ,әке,бала, немере, шөбере,шөпшек, немене)

№4 асық. Аттың ер-тұрмандарына нелер жатады?

(Үзенгі, жүген,егер, тоқым, ат көрпе тартпа, қамшы,жабу)

№5 асык Ер жігіттің бес қаруын атаңыз?

( Берен мылтык,құмай тазы,жүйрік ат, арқан-садақ, нат.б)

№6 асық. Үш биді атаңыз?

Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би.

№7асық. Жігіттің үш жұртын атаңыз?

(Ағайын жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)

№8 асық Бес асыл созді атаңыз?

Талап,еңбек, терең ой,канағат ету, рақым жасау.

 

Әділқазылар алқасы бағаларын берсе

2- кезең: Күш атасын танымас.

Ата-бабаларымыздаң ұлан асыр жерімізді білектің күші, найзаның ұшымен талай жаудан қорғап қалғаны мәлім. Ал, енді біздің бүгінгі серілеріміздің өз намыстарын қолдан бермейтінін байқадық. Екі карсыласпен ортаға шығамыз. Қазылар күш теңестірсін.Қазылар бағаларын берсе

3 — кезең’. «Жігітке жеті өнерде аз»

 

 

«Еңбек ердің- санаты, білім елдің канаты »демекші адам ақыл- парасаты мен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?

Қазақтың жігіттерді былай деп атаған!

«Көсем жігіт»-ел басқарған жігіт,

«Шешен жігіт»-дау шешетін жігіт.

«Батыр жігіт»еліне қамқор жігіт,

«Сері жігіт»аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартып,  өнерлі жігіт болған екен. Олай болса сері жігіттеріміздің өнерін тамашалайық.

Жігіттер өнерлерін ортаға салады.

Міне бүгін сері жігіттеріміз бойындағы өнерлерін ортамызға паш етті. Олай болса бүгін мен серілерімізден қолқа сұрағым келіп отыр. Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер дегендей жігіттеріміз бата берсе.

Әділқазылар алқасы бағаларын беріп шешімдерін жария етсе.

Назар аударып көңіл. бөлгендеріңізге рахмет