«№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ

ШҚО, Семей қаласы,

Габдуллина Айман Амангалиевна-

орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі.

Арыстанова Гүлнұр Әлібекқызы-

тарих пәні мұғалімі.

Коучинг тақырыбы:  Сабақ өткізу барысында қалыптастырушы бағалау.
Сілтеме:Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2 деңгей. 3басылым (104-109 бет)
Мақсаты:  Қалыптастырушы бағалау жайлы мұғалімдердің түсініктерін қалыптастрып кеңейту.

  • Қалыптастырушы бағалаумен таныстырып маңыздылығын ашу.
  • Қалыптастырушы бағалаудағы  ұйымдастыру жолдарын анықтау.

Оқыту нәтижелері: Мұғалімдер оқытудағы бағаның рөлін анықтайды, мұғалім қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығын түсінп оны жүзеге асыру жолдарын анықтайды.
Негізгі иделар: Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің тәжірибесін және оқушының білім деңгейін жоғары дәрежеге көтереді.
1. Ұйымдастыру кезеңі
1.1. Психологиялық ахуал  тудыр: «мен тілектеспін»                                                                                                                                                     Мұғалімдер шеңберде жұптасып тұрады, алақандарымен жанасып, саусақтармен бірі-біріне осы коучинг сабағында не тілейтінін айтады.
1.2 мұғалімдерді топқа бөлу 2 мин
1.3. Мұғалімдерді сабаққа тарту   Ауызша сұрақ:                                                                                                                                                1.Бағалау дегенді қалай түсінесіз?                                                                                                                                                                        2.Бағалау не үшін қажет?                                                                                                                                                                                                                      2. Мағынаны ажырату Презентация көрсету: Жалпы бағалау туралы
2.1. Топтарда постер құрастыру        Тапсырма: (5 мин)
1-топ Қалыптастырушы бағалау
2-топ Қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығы                                                                                                                                                         3- топ. Бағалау түрлері                                                                                                                                                                                                         4топ: Қалыптастырушы бағалаудың түрлері

Презентация көрсету. Қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі
2.3. Тренинг Гүл жасау(5 мин)                                                                                                                                               Тыңдаушылар түрлі түсті қағаздар, скотч, қайшы көмегімен гүлдеді жасайды.

  • Жұптасын мұғалім өз гүлін қоғайды.
  • Жұптасып өз жұбындағы мүшесінің гүлін бағалайды. 15 мин

2 Әр топ қарсы топты смайлдар және кері байланыс, жазбаша бағалау, ауызша бағалау арқылы бағалайды.

  1. Кері байланыс: Екі жұлдыз, бір тілек

    Рефлексивтік жазба

 

Шара, не әрекет атауы Өту барысының сипаттамасы Рефлексиялық түйін
1  

Коучинг

«сабақ өткізу барысында қалыптастырушы бағалау»

   Коучингке шығармашылық топ мүшелері,   І,ІІІ  деңгей мұғалімдері және  ұжым мүшелері  барлығы 28 мұғалім   қатысты.   Мұғалімдердің коучингке деген қызығушылығын  ояту мақсатында  коучинг  «мен тілектеспін» деген тенингпен басталды. Онда мұғалімдер бір біріне жақсы тілектер білдірді. Одан кейін мұғалімдерді топқа бөлу үшін жемістердің суретін пайдаланып, 4 топқа бөлдім . Сабақ тарту үшін  ауызша:

-бағалау дегенді қалай түсінесің?

-Бағалау не үшін қажет деген сұрақтарға мұғалімдер өз ойларымен жауап берілді.Мұғалімердің жауаптарын презентация арқылы толықтырылып өтілді.

4 топқа   берілген тапсырмалар:

1. бағалау түрлері

2. Қалыптастырушы бағалау

3. Қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығы

4. Қалыптастырушы бағалаудың түрлері.

Топтық жұмысқа 5 мин уақыт беріліп және мәтіндер үлестірілді.Топ  мүшелері  өздеріне  берілген  тапсырма  бойынша  жұмыстанды,постер әзірледі.      Әр топ тапсырмасын  тыңдау  2 минутқа созылды, әр топтан  тың, өзекті ,ұтымды ойлар айтылды, сұрақтарға жауаптар алынды, дәлелдерімен  түсіндіріп өтті.. Қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі туралы презентация көрсету арқылы толықтырылды.  Тренинг «Гүл жасау» 15 мин.

-Жұптасып мұғалім өз гүлін қорғайды.

-әр топ басқа топтың жұмысына қалыптастырушы бағалау береді.Сабақ соңында   «екі жұлдыз бір ұсыныс » айту  бойынша   бағалады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

      

 

    Қалыптастырушы  бағалау-оқу  үдерісіне  өзгеріс  енгізу мақсатында  оқушылардың  алға  ілгерілеуін  бағалау.  Формативтік  бағалау оқушыларға  өздерінің  прогрестерін  ұғынуға  және  бақылап отыруға,мұғалімнің  көмегімен  алдағы  қадамдарын  жоспарлауға  мүмкіндік береді. Формативтік бағалау белгілі бір сызбалар бойынша жүргізіледі және оқу үдерісінің тиімділігі мен дұрыс бағытынқамтамасыз етіп, оқушылардың оқудағы мұқтаждықтарын білуге мүмкіндік тудырады.

.Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты — оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының  кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім — оқушы  арасында кері байланысты орнату.

Жалпы қалыптастырушы бағалау  сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Қалыптастырушы бағалаудың маңызы – білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты– оқытудың қиындықтарын анықтау,оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу,болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері — оқушының күнделікті білім сапасы,  білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу,   оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау  дағдылары

 

Тақырыбы: Коучинг тақырыбыҚалыптастырушы бағалау арқылы оқуды жақсарту, білім сапасын арттыру
Мерзімі: 06.01.2018ж Өткізген мұғалімдер: А.А. Габдуллина, Г.Ә. Арыстанова.
Жалпы мақсат Мұғалімдерге оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалаудың оқыту жүйесіндегі маңыздылығын түсіндіру, критериалды бағалауды қолдануға бағыт-бағдар беру.
Күтілетін нәтиже: Мектептегі оқу үдересінде оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалауды қолданудың нәтижесінде білім сапасы артады.Оқушылардың бірін-бірі, өзін-өзі бағалауы жүзеге асады, сабаққа деген ынталары оянады.
Оқу нәтижелері: Критериалды бағалау туралы толық мағлұмат алдыру,мұғалімдерге бағалау критериалдарын құрастырып, оны тәжірибеде іс жүзінде қолдандыру.
Түйінді идеялар: «Өзіңді өзің бағаласаң, өзгені де бағалайсың» деген даналыққа сүйенсек, бағалау — адамның құнды қасиеттерінің бірі. Бүгінгі оқыту жүйесіне оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін еңгізу, оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалауды тәжірибеде қолдану оқушыларды ынталандыруға, өз мүмкіндіктерін тануға, өзін-өзі, бірін-бірі формативті бағалауға жол ашады.
Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: АКТ, Оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалау, СТО.

Топтық жұмыс, Өзіндік жұмыс, Формативті бағалау.

Тапсырмалар:«Шаттық шеңбері», «Жүректен жүрекке» тренингі, «Өз-өзіме хат» кері байланыс, рөлдік ойын, постер, БҮҮ, «Алтын балық».

Қосымша оқу: Мұғалімге арналған нұсқаулық. 65-70 бет.
Кезеңдері Уақыт Коучинг әрекеті. Коучингке қатысушылар әрекеті
Ұйымдастыру 2 мин Сәлемдесу. Жағымды көңіл-күй туғызу.

«Шаттық шеңберін» құрғызып, «Жүректен жүрекке» тренингін ұйымдастыру.

-Осы айтылған қасиеттер, жүрек жылулары әрқашан бойларыңыздан табылуға шын жүректен тілектеспін.

«Шаттық шеңберіне» тұрады, «Жүректен жүрекке» тренингіне қатысады. (Әркім өзінің жүрегінен шыққан жылуын, қасиеттерін айтады, бір-біріне таратады.
2 мин Түрлі –түсті қағаздардан ұшақ жасау арқылы топқа бөлдіру және топ аттарын шығару.

Топ ережесін құрғызып, тақтаға ілдіру.

 

Әр топтың жұмысынан соң

формативті бағалау жүргізу.

 

Кері байланыс. «Өз-өзіме хат» стикерлерге коучингке келу мақсаттарын жаздыру.

Бірден 3 топқа бөлінеді.

І топ – Ойлан

ІІ топ – Ізден

ІІІ топ – Бағала

Бірлесе отырып топтың ережесін шығарады, тақтаға іледі.

 

Смайликтер арқылы бағалайды.

 

Өз мақсаттарын жазып, іледі. Әр топтан бір «Өкіл» шығады.

«Ой шақыру кезеңі» 4 мин Бағалау парағын тарату, бағалау критерилері бойынша бағалату

/5 балл/.

Коуч тарапынан сұрақ:

-Сіздер бағалауды қалай және қандай бағалау формасын қолдандыңыздар?

-Бұл тапсырмалардың бүгінгі коучингке қандай қатысы бар деп ойлайсыздар?

Мақсатым: Бүгінгі коучингтің тақырыбын өздеріне айқындату.

 

Формативті бағалау. Басбармақ

5 балдық бағалау критерилері бойынша бағалайды.

Бүгінгі коучингтің тақырыбын өздері табуға еңбектенеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы кезеңдегі жұмыс барысын басбармақ арқылы бағалайды.

Топтық жұмыс. Постер қорғау.

 

 

 

Сергіту сәті

4 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І топ. Дәстүрлі бағалаудағы оқушы –мұғалім. Рөлдік ойын.

ІІ топ. Критериалды бағалаудағы оқушы-мұғалім.Постер.

ІІІ топ. Бағалаудағы кедергілер, шешу жолдары. Постер.

Топтық жұмысты критериалды бағалау.

І топ – айтады, ІІ топ – сұрақ қояды, ІІІ топ – бағалайды.

 

 

Жұмыс барысын формативті бағалау.

Түрлі түсті бағдаршамдар таратылады.

Қызыл – Жақсы

Жасыл – өте жақсы

Сары – орташа

Топтар берілген уақытта тапсырманы орындайды, қорғайды.

 

 

 

 

Топтық жұмысты өздері бағалайды,

 

 

 

 

Формативті бағалау /бағдаршам арқылы.

Теориялық материал, ақпараттар беру. 3 мин Оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалау туралы мұғалімге арналған нұсқаулықтан анықтама беру.

/64-70/бетін жазу. Презентациялау.

 

Кері байланыс орнату.

БҮҮ кестесін тарату.

Берілген мәліметтерден не алғанын, пікірімен бөлісу.

 

БҮҮ кестесін толтыру.

3 мин Өздік жұмысын жүргізу.

Алтын балықтың суретін берілген уақытта салдыру.

-Салынған жұмыстарын жұптарына бағалату.

-Соңынан критериалды бағалау парағын беру арқылы бағалату.

-Салынған суреттің толықтығы -3 балл

-Жартысы салынса – 2 балл

-Үштен бір бөлігі салынса – 1 балл

Түстері: 4 түс – 3балл

2,3 түс – 2 балл

1 түс – 1 балл

Балық мүшелерінің саны 5 – 3 балл

3,4 – 2 балл, 1,2 – 1 балл

Суреткер шеберлігі:

Өте шебер салынған – 3 балл

Ұқсайды – 2 балл

Ұқсатуға талаптанған – 1 балл

 

Формативті бағалау. Смайликтерді кеуделеріне жапсыру арқылы марапаттау.

Ақпаратты тәжірибемен ұштастыру, суретті салады, алдымен өздері бағалайды. Соңынан критериалды бағалау парағы арқылы бағалайды, тиімділігін ортаға салады.

 

 

 

 

Түрлі түсті бағдаршамдар арқылы жұмыс барысын бағалайды.

Рефлекция 2 мин «Алтын балық» кері байланыс. Стикерлерге пікірлерін жазу.

 

Коучингке рефлекциялық есеп

«Бірінші деңгей бaғдарламасы бойынша курсты aяқтаған мұғалімдер оқу қоғaмдастығын құрып, жаңа идеяларды іске асыру үшін өз мектебінде тәжірибеге өзгеріс енгізуді және әріптестерімен жүргізілетін жұмысты ойлaстырып, оны жоспарлaуды бастaйды»,- депМАН-ның 89-бетінде жазылғандай, бірінші деңгей бағдарламасының «Бетпе-бет» кезеңінде курс барысында алған білімімді іс-тәжірибеде жүзеге асыруда мектептегі тәжірибе кезеңінде табысты коуч болуымды түсіндім. «Бірінші деңгей бағдарламасының тәжірибелі мұғалімдері өз мектептерінде табысты коуч пен тәлімгерлік болуға үйретуге бағытталғандығын білдім»,- деп бағдарламада жазылғандай (МАН, 89-бет), коуч ретінде алған білімімді тәжірибемен ұштастыруда мектепке келіп, мектеп әкімшілігімен кездесіп, жоспарларыммен таныстырдым. Әдістемелік бірлестікте әріптестерімнің сұранысын анықтау үшін, сауалнама алдым. Нәтижесінде «Критериалды бағалаудың оқу сапасын арттырудағы тиімділігі» тақырыбында коучинг жүргізуді және жас мамандарды тартуды жоспарладым. Мақсаты:Мұғалімдерге оқыту үшін бағалау, оқудағы бағалаудың оқыту жүйесіндегі маңыздылығын түсіндіріп, критериалды бағалауды қолдануға бағыт- бағдар бердім. Коучингке — 15 мұғалім қатысты, І санаттағылар -0 , ІІ санаттағылар -2 , санаты жоқ жас мамандар — 13.

Коучингке жиналған әріптестеріме бағдарламаның жаңа идеялары мен қалыптастырушы бағалау арқылы оқытуды жақсартудың, білім сапасын арттырудың тиімділігін айттым, бағалау туралы білімдерін кеңейтіп, бағалаудың түрлерін түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қалай қолдануға болатынын көрсеттім.

Әріптестерімді «Шаттық шеңберіне» тізіп тұрғыза, «Жүректен жүрекке» тренингін ұйымдастырдым. «Осы айтылған қасиеттер, жүрек жылулары әрқашан бойларыңыздан табылуға шын жүректен тілектеспін»,- деген ниетпен коучингке келушілерді жадыратып, жағымды көңіл-күй туғыздым. Курс барысындағы топқа бөліну әдістерін тәжірибемде қолдануды көздеп, түрлі конфеттер беру арқылы топқа бөліп және топ аттарын, топ ережесін өздеріне құрғызып, тақтаға ілдірттім. Коучинг барысында осы ережелерді ескеруіміз керектігін талап еттім. Топтық жұмыстан кейінгі жүргізілген смайликтер арқылы бағалау әріптестерімнің көңіл-күйін көтерді деген ойдамын. Кері байланыс «Өз-өзіме» хат жаздыру арқылы мақсаттарын айқындаттым.

Топтарға берілген конфеттерді бағалау тапсырылды: формасы, түсі, дәмі т.б бағалау парағын тарату, бағалау критерилері арқылы коучингтің тақырыбын өздеріне айқындаттым. Тапсырмадан соң бас бармақ арқылы бағалау жүргізілді. Топтарға постер қорғау тапсырмасы ұсынылып, топ ережесін сақтау ескертілді. Топтық жұмысты бағдаршамдар арқылы бағалау: І топ – айтады, ІІ топ – сұрақ қояды, ІІІ топ – бағалады.   Коучинг барысында әріптестерімнің сұранысын орындау үшін қалыптастырушы бағалау туралы теориялық білім, МАН- тан оқу үшін бағалау туралы презентация беруді тиімді деп санадым, көрсеттім. Әріптестеріме қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудың ерекшелігі жайлы мағлұмат бердім. БҮҮ кестесі арқылы кері байланыс орнату тақырыптың терең меңгерілуіне көмегі зор деп түсіндім.

Тақырыпты меңгерту мақсатында теорияны практикамен ұштастыру үшін Алтын балықтың суретін берілген уақытта салдырып, жұмыстарын жұптарына бағалаттым. Осы сәтте бағалаудың қандай тәсіліне жүгінгендерін ортаға салдырып, пікір алмастырдым.

-Жұбыңыздың жұмысын қалай бағаладыңыз, қандай кедергілер туды?- деген сауалды қоя отырып, ойларын ортаға салдырдым. Соңынан критериалды бағалау парағымен бағалаттым, қорытындылаттым. Бұл жұмыста өзара екі бағалауды салыстыра отырып, әріптестерім критериалды бағалаудың тиімділігін айтты. Соңында смайликтерді кеуделеріне жапсыру арқылы марапаттауым оларды ынталандырып, сыныптағы атмосфераны өзгертті. «Алтын балық» кері байланысын орнату арқылы әріптестерімнің ұсыныстары, тілектері маңызды екенін түсіндім.

Коучингті жоспарлау барысында әріптестеріме қалыптастырушы бағалауды тәжірибелерінде қолдана білуге дағдыландырып, теориялық көмек, бағыт- бағдар беріп, оқу үшін бағалаудың оқуды жақсартатынын, оқушыларды ынталандырып, білім сапасының артуына негіз болатынын түсіндіріп, тәжірибеге еңгізуге ықпал еттім. Коуч ретінде өзімнің кәсіби шеберлігімді дағдыландырып, сыни ойлауға, өзара бағалауға, кері байланыс орнатуға шеберлік таныту керектігімді түсіндім.

Пайдаланған әдебиет:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2016

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ

 

 

 

 

 

 

 

Коучинг тақырыбы:

«Сабақ өткізу барысында қалыптастырушы бағалау».

06.01.2018жыл.

Өткізгендер: А.А. Габдуллина, Г.Ә. Арыстанова.