Жаңартылған бағдарлама-білімнің   қайнар көзі

Білім негізі — бастауыштан басталады демекші,қазіргі таңда жаңартылған білім бағдарламасы1 ,2 сыныптардан басталып жатыр. Білім саласында болып жатқан үлкен өзгерістер, яғни, жаңартылған білім беру мазмұнына көшу кезеңінде де бұл игі бастаманың көш басында бастауыш сынып мұғалімдері тұрады.Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі үнемі ізденісте болуы  қажет.Өйткені қазіргі заман талабы жаңартылған білімге бет бұруда.

Жаңартылған оқу бағдарламасының негізгі мақсаты- оқушының төрт дағдыны меңгеруін талап етеді.Тыңдалым,айтылым,оқылым,жазылым әрекетіне бағытталған.Бұл дағдылар оқу мақсатында «шиыршық»тәсілімен берілген.Оқушыға білім қарапайымнан күрделіге қарай қалыптасады. Оқу мақсаттары әр  оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді үйренуді талап  етеді.

Қзіргі таңдағы жаңа оқулықтардағы  берілген тапсырмалар мәтінді оқу, оның мазмұнын айтумен ғана шектелмей, мәтінге қатысты өзі сұрақтар құрастыруына, себебін анықтауына, мәтін тақырыбына қарап,болжам жасау мен өзіндік бағалауына, сұраққа жауап болатын ақпаратты  табу ретін білуіне, жаман мен жақсыны айыра білуіне жетелейді.

Сонымен қатар,бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске еніп, критериалдық бағалау жүйесіне өтуде. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы – баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді.

Қорыта айтқанда, жаңартылған  бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру болып табылады.

 

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Сыздықова Айгүл Мүсілімқызы

№161 жалпы орта мектеп