ОҚО Түркістан қаласы

«Балдырған»-ясли б.б музыка мұғалімі

Құдайбергенова Бақтыгүл Жұмабаевна.

«  Тәуелсіздіктің 25 жыл  »

Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлау. 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

Көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері, ғарышкерлердің суреті «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты қанатты сөз,шарлар.

Мерекелік іс-шараның барысы:

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар,бүлдіршіндер. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген «Тәуелсіздігімізге 25 жыл » атты мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер. Қазақстан Республикалсының мемлекеттік туы кіргізілсін.

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі — Әнұраны!

 

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз  Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Ақ желкен тобының бүлдіршіні Мирастың «Мен Қазақпын» әнін қабыл алыңыздар.

Балалар Тәуелсіздігімізге 25 жыл, Тәуелсіздік бізге не әкелді?

Айкерім:Егеменді ел сыйлады.1991жылы Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев сайланды.

Аяру:1992 жылы еліміздің Әнұраны, Елтаңбасы, Жалауы, Туы бекітілді.

Аяулым:1993 жылы Конституция қабылданды,төлтеңгеміз айналымға түсті.

Мадина:1994 жылы 6-шілдеде Астана Ақмола қаласына көшірілді.

Алина:1998 жылы Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды.

Мирас:Астананың төрінде Елорданың символына айналған «Астана-Бәйтерек» монументі салынды.

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.

Балабақшамыздың бүлдіршіндерінің өлең шумақтарын ұсынамыз.

Күншуақ тобының бүлдіршіні Нағашбек Аян «Желтоқсан жаңғырығы»

Ортаңа келді бүгін шынар балаң,

Мен ақынмын бейбіт күн деп ұрандаған.

Арманмен қанат бітіп көкке самғап,

Тыныштықты сұраймын бір Алладан.

 

Мейрам келді төгілтем мен өлеңді,

Тыныштықтың бәрінен бөлек орны.

Қанша боздақ ат салысты жанын қиып,

Кеңейтуге қазақы керегемді.

 

Сол жамандық жақсылыққа көшкен десін,

Ұлы егемен еліміз төске өрлесін.

Боздақтар біздер үшін ұлы тұлға,

Ұлылыарды ұрпақ неге ескермесін.

 

Солар болып түзелді күнім бүгін,

Жанданып,жаңғырды ғой тілім,дінім.

Кеше болған желтоқсан құрбандары,

Аңыз боп қалар мәңгі бүгінгінің.

 

Еліміз өзгеден көмек сұрамасын,

Қазағыма берді Алла Нұр-ағасын.

25 дылдық мереке құтты болсын,

Көк байрағы елімнің құламасын,

Қазақ халқы енді қайтып жыламасын!!!

 

Көжегім тобының бүлдіршіні Абай Бақытжан

 

Бақытты болып жүргенім

Сенің арқаң ұлы Отан

Елім менің тірегім

Құшағында гүл атам

 

Шығысынан арайлы,

Күліп атқан құба таң

Сенен бақыт тарайды,

Баршамызға Ұлы Отан.

 

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегмсің Ұлы Отан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегмсің сен, Отан!

 

Көжегім тобының бүлдіршіні  Қалдан Саян

 

Отан-сен болмасаң нетер ем

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,

Өмірімде мен өксуменен өтер ем.

Құс ұясыз, жыртқыш інсіз болмайды

Отансыз жан өмірінде оңбайды

Өзін-өзі қорлайды да сорлайды

Адамға да сол қайғы

Күн көреді әкесіз де анасыз

Өмір сүрем әйелсіз де баласыз

Ал отансыз қазақ сорылы панасыз

Сен білесің бе Отанның не екенін?

Екі өмір жоқ,әрине жоқ екі өлім

Екі Отан жоқ жалғыз Отан мекенім.

 

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға,
Кең даланың жүрегі де үн қосты,
Биші қыздар биімен де үн қосты.

Мың бұралған  биші қыздарымыздың ұлттық билерін қабыл алыңыздар.

 

«Көп ұлттық» биі Балабақшаның мұғалімдері мен бүлдіршіндері.

 

Баратова Жанат апайымыздың «16 желтоқсан» қарсыалыңыздар.

 

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз — өзінен жүрегім ән салады.
Бақытжан ұлдарыңыздың орындауында «Батырлыр»әні

 

Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі.  Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.

 

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

Желтоқсан құрбандарын 1минут еске алайық.

 

12-топ балаларының өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

 

Лашын: Елбасыммен мен бүгін мақтанамын,

Өзіңді әлемге айтып шаттанамын.

Қазағым жетті бүгін арманына,

Елбасым айналайын атқан таңым.

 

Нұрислам:Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш жігері жастардың сарқылмаған.

Әлі де шығар алаңға Отан үшін,

Қарсы аққан өзеннен өтетіндер.

 

Нұрай: Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш жігері жастардың сарқылмаған.

Отан үшін олар шығып алаңға,

Қарсы ағып өзендей тасқындаған.

 

Мадина: Болмасам да сол кезде мен сеземін,

Жүректе намыс оты сөнбегенін.

Ызғарына аяздың төзгендерін,

Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

 

Айкерім: Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

 

Көжегім тобының бүлдіршіні Алиханның орындауында «Жаса Қазақыстан» әні.

 

Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
12-топ тәрбиешісі Бегентаева Жайдар «Тәуелсіздік таңы атты жайлауда»

 

Иә, төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде «Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, деп тілейік.

«Бірлігіміз жарасқан» компазициялық топтық би.

 

Тәуелсіздік — ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 25 жылда Қазақстан дамып өркендеді.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын.

 

Әнұран орындалады.

 

1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 25 жыл толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын! Бүгінгі мерекелік іс-шарамызды жабық деп жариялаймыз.

 

Есті ерлер жүрмейді желік ертіп,

Елеулі іске қосар емірентіп.

Бақшамыздың меңгерушісі,

Сөз сөйлесін баршаны тебірентіп,-дей отырып,Есетова  Салтанат Махамбетқызына сөз береміз.