ОҚО Түркістан қаласы

«Балдырған»-ясли б.б музыка мұғалімі

Құдайбергенова Бақтыгүл Жұмабаевна.

            «Музыка әлеміне саяхат»

                  (Ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті)      

 Білім беру саласы: шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің түрі: музыка
Тақырыбы: « Музыка әлеміне саяхат.»
Мақсаты: Балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге және музыкаларды тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын, музыканы қабылдау деңгейін дамыту.
Міндеттері:1. Ноталармен таныстыру.

  1. Аспап және аспаптардың үнімен таныстыру.

3.Балаларды өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, ойын түрінде.

Көрнекіліктер: Музыкалық аспаптар, жапсырма,тақта, слайд.

Сөздік жұмыс: жаңа сөздерді еңгізу до,ре,ми,фа,соль,ля,си ноталары.

Күтілетін нәтиже: Тақырыпқа сай жаңа сөздерді меңгереді. Балалар іс-әрекеттер барысында өзін-өзі топтық бағалау арқылы ізденімпаздыққа, жауапкершілікке үйренеді.

Сілтемелар: «Сиқырлы дыбыстар» Авторы: В.Гетманова, «Bilimder.kz» сайты
Сабақтың барысы:
І. Мотивациялық қозғаушы күш.
Балалар «марш» екпінімен залға кіреді, ортаны айналып шығып шеңбер жасап тұрады, музыка жетекшісі балалармен амандасады және шаттық шеңберін құрады.

«Шаттық» шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Музыка жетекшісі: Балалар бүгін біз сендермен өте қызықты ойындар ойнаймыз, ол үшін сендер екі топқа бөлінулерің  керек. Қане «өнерлі ұлдар»  және «тапқыр қыздар» болып екіге бөлініп отырыңдар.
Балалар жаңа сабағымызды бастамас бұрын өткен сабағымызды қайталап жіберейік.

 

 

Домбыраның дыбысы естіледі.

Мұғалім: Балалар бұл қандай аспаптың үні?

Балалар: Домбыра

Музыка жетекшісі «домбыра» аспабында ойнайды және балалардың білімін тексереді.

Домыраның қанша ішегі бар?

Домбыраның неше құлағы бар?

Домбыраның тегі қай жерде орналасқан?

Домбыраның қанша пернесі бар?

Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар, сендер өткен тақырыпты жақсы меңгеріпсіңдер.

 

Ұйымдастырушылық-ізденістік.

Ал енді балалар жаңа оқу қызметімізді бастаймыз. Бүгінгі жаңа тақырып «Музыка әлеміне саяхат». Музыка жетекшісі интерактивті тақтада жаңа сабақты түсіндіреді.

Музыка жетекшісі: Балалар, айтыңдаршы музыка шығару үшін ең алдымен бізге не керек?
Балалар: Ноталар керек.
Музыка жетекшісі: Ендеше, балалар бәріміз бірге айтып көрейікші:
бәрі бірге: до, ре, ми, фа, соль, ля, си.

Тақырыпқа байланысты қызықты бейнебаян тамашалайды.

Музыка жетекшісі: Жақсы балалар,ендеше  пойызға мініп саяхатқа шығайық. Саяхатта біз тапсырмалар орындаймыз,ойындар ойнаймыз. Дайынсыңдар ма? (әуенмен жүріп, залды бір айналады) «бірінші аялдамағакеліп тоқтайды».Балалар мына қорапшаны қараңдаршы? Ішінде не бар екен.

 

Музыка жетекшісі:Хат бар екен , мен сендерге оқып берейін.Сәлеметсіңдерме балалар мен Музыка әлемінің ханшайымымын.Сендерге арналған сыйлығам бар.Бірақ оны сендер тек қана мына үш тапсырманы дұрыс орындасаңдар ғана аласыңдар және менімен жүздесесіңдер!…

Музыка жетекшісі:Балалар « Музыка әлеміндегі ханшайымды» көргілерің келеме?  Ендеше сендерге тапсырманы оқып берейін.

1-«Ноталарды орналастыр»

2- «Күйсандықтағы әуенді тыңдап оны  сөзімен қосылып айту.» (Біздің бала бақшамыз.)
3- «Үнін тыңдап аспапты тап.»

Балалар орындарына жайғасады.

Бірінші тапсырма: «Ноталарды орналастыр»

Тапсырманың шарты: Екі топқа бөлінген балалар түрлі түсті қиылған ноталарды өз орындарына жылдамдықпен жапсыру қажет. Бірінші аяқтаған топ марапатталады.

Музыка жетекшісі:Жарайсыңдар балалар бірінші тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар. Ал енді екінші тапсырманы орындамас бұрын дауыс қыздыру жаттығуын жасап жіберейікші.

А-а-а-а-а-а-а…………………….

Балалар сиыр қандай дыбыс шығарады?

Балалар:муу

Музыка жетекшісі:дұрыс айтасыңдар-му деп үзіп-үзіп айтайық.

Му-му-му-му-му………………

Дауыс қыздыру жаттығуын жасап алдық.Ал енді балалар екінші тапсырманы орындауға дайынбыз ба?

 

Балалар көңілді әуенмен залды айналып келіп өз орындарына отырады.

 

Екінші тапсырманың шарты: Күйсандықтағы әуенді тыңдап оны  сөзімен қосып айту. «Біздің бала бақшамыз.»
 

Музыка жетекшісі: жарайсыңдар, балалар дұрыс, жақсы айттыңдар. Ендеше тағы да пойызға отырайық, (музыка ойналып тұрады.)

Үшінші аялдама: (музыка ойналып тұрады, үшінші аялдамаға келіп жетеді)

Музыка жетекшісі:Үнін тыңдап аспапты тап.

Үшінші аялдама :Әртүрлі аспаптардың  музыкасынан үзінді қойылады,ал сендер мұқият тыңдап,бірігіп ақылдасып қандай аспап екенін мына араласқан аспаптардың ішінен тауып көтересіңдер.Қай топ бірінші көтерсе сол топ жеңімпаз атанады және жұлдызша алады.

Музыка жетекшісі:Балалар сендер өте зерек екенсіңдер біріңнен бірің асып түсіп сүрақтарға жауап беріп тұрсыңдар. Енді балалар денемізді сергітіп алайықшы.
Музыка жетекшісі:Балалар, осындай тамаша көңіл — күймен соңғы аялдамағада  жетіпбіз.

Музыка әлемінің ханшайымы:Сәлеметсіңдер ме балалар мен музыка әлемінің ханшайымымын сендер үш тапсырманы өте жақсы орындап шықтыңдар әсіресе Аян, Раушангүл,Ерасыл,Айзере,Інжу,Нұржігіт,т.б. Мына қорапшада менің балаларға арнаған сыйлықтарым бар, оны балабақшаңызға барғаннан соң беріңіз, сау болыңыздар, балалар, менің әлеміме келіп тұрыңыздар! ( шығып кетеді.)
Музыка жетекшісі: Ноталар, яғни балалар: Біздің де балабақшаға қайтатын уақытымыз болып қалды. Мінекей пойыз да келді, қанекей кеттік. (музыка ойнап тұрады, залды бір айланып шығады)

Қортынды бөлім:

Музыка жетекшісі: Пойыздан түсіп, міне, балабақшаға келдік, балалар біз бүгін қайда бардық? (қайда барғанын, не көргендері туралы әңгімелеседі.)
Балалар: Бірінші аялдамада ноталармен таныстық , ал екінші аялдамада ән айттық,үшінші аялдамада  аспаптардың үнімен  таныстық,сергіту жаттығуын жасадық. Музыка әлемі Ханшайымының сұрақтарына жауап беріп онымен жүздестік.
Музыка жетекшісі: — Дұрыс айтасыңдар, тапсырмаларды дұрыс орындадық.Өте жақсы атсалысқан балалар Інжу,Айғаным,Аян,Аяулым,Нұржігіт,Ерасыл басқаларыңда жақсы атсалыстыңдар- деп,келген қонақтармен қоштасып музыка ырғағымен сапқа тізіліп залдан шығып кетеді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар ноталардың аттарын атай біледі.
Игереді: Музыканың үнін ажырата біледі, аспаптармен танысты.
Меңгереді: Балалардың музыка мәдениетіне деген көз — қарастарын қалыптастырады.