«Қош келдің, әз Наурыз!»

 

ОҚО Түркістан қаласы

«Балдырған»-ясли

Балабақшасының

 музыка мұғалімі

Құдайбергенова Бақтыгүл Жұмабаевна.

Мақсаты: Қазақ халқының салт – дәстүрлерін қолдана отырып балалардың шығармашылығын арттыру, балаларға потриоттық тәрбие беру .

Хабаршы: Сүйінші!  Сүйінші!  Сүйінші! Көктем келді! «Манашы бөбекжайының» Наурыз тойы басталды! Естімегендер естіңдер! Тойдан қалып қоймаңдар.

Жүргізуші:   Келіңіздер, Наурыз тойға бәріңіз бүгін,

Аямас бүлдіршіндер ән мен жырын.

Тойлайық халық тойы Наурызымның,

Шуағын жерге төккен бақыт күнін.

Келіңіздер, Наурыз  күнін  қарсы  алайық,

Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.

Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді,

Арқаңды кеңге салшы, уа халайық!

Қүрметті  қонақтар!  Алыстан  арып  келсең айран ұсынып, «қонақ» десе құрт – майын сақтаған абзал  әжелер, күлкісі  әсем  аналар мен  жеңгелер, жақын  жүрсе  қылығымен  сүйсінткен  аяулы  апа – сіңлілер, ұстаздар мен балалар!   Төл мерекеміз  Наурыз мейрамы  құтты  болсын!

Коктем ару ән әуенімен залға кіреді. ( қыздармен бірге би бейлейді)

Жүргізуші: Қош келдіңіз Көктем аруы! Төрлетіңіз төрден орын алыңыз.

Ерәділ: Уа, ағайын халайық!

Мунда назар салайық.

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық!

 

Ю. Аяулым: Наурыз тойым,

Құтты болсын қалайық !

Қане достар!

Шырқап әнге салайық!

 

Елбарыс:  жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз  тойы  береке,

Тіршілік жаңа оянды!

Арай: Жылдың басы Наурыз

Жердің басы  Наурыз

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр – әніміз.

Ән: «Наурыз  біздің  жаңа  жыл»

Жүргізуші:  Наурыз – ұлыстың ұлы күні. Наурыз мұсылман қауымның ұлттық мейрамы. Наурызда табиғат оянады, қоршаған ортаның барі жаңарып күн мен түн теңеледі. Жұртшылық өз үйін, ауласын  тазартады. Әдемі киімдерін киіп, бір – біріне қонаққа барады, шын көңілден сыйлықтар сыйлайды. Бұл күні барлық реніштер ұмытылады.

( Әжелер қонаққа  келеді.)

Әже:  Сәлеметсіңдер ме, менің кішкентай немерелерім. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Қазақтың дәстүрі  бойынша ұлыстың ұлы күнінде Наурыз көже дайындалады. (Әже наурыз көженің дайындау ерекшеліктерін жайында айтады).

Жүргізуші:  Қош келдіңіздер, төрлетіңіздер немерелеріңіздің  өнерін  тамашалаңыздар.

Тақпақтар:

Меруерт:  Наурызбен құттықтап,

Алыс  жақын  қауышты.

Көктемдегі  жақын  сәт,

Көңілдерге  ауысты.

 

Інкар:  Наурыз  тойым,  наурыз  тойым,

Құтты  болсын  халайық!

Қане  достар,  қане  достар,

Шырқап  әнге  салайық.

 

Нұраман:  Мерені байырғы,

Алды  халқым  қабылдап.

Ақ дастархан  жайылды,

Ошақта  от  жалындап.

 

Айқын:  Армысың Наурыз!

Мереке ырыс  мереке.

Қош келдің бізге,

Күтуде сені кең өлке.

Жүргізуші:   Би:  Бүлдірген биі.  (қыздардың орындауында.)

 

Жүргізуші:   Балалардың орындауында тақпақ.

 

Әлібек: Наурыз тойы әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдемі,

Наурыз көже пісірді.

 

Бекарыс: Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Қуанышта ел енді,

Наурыз келді жүр енді.

 

Жайна; Наурыз келді сан құрып,

Жасарып  жанғырып.

Құлпырды  жер  мен көк,

Мейірім  таң күліп.

 

Бақдаулет: Кел, балалар тұрмайық,

Наурыз тойын тойлайық.

Боянды боп мереке,

Қыр гүліндей жайнайық.

 

Әже: Наурыз салт – дәстүр мерекесі! Сол салт дәстүріміздің бірі «Ашамайға мінгізу». Бүгін біз баламызды  азамат болсын деп атқа мінгіземіз. Ұл баланы атқа мінгізген кезде оған тілек айтылады.    Баланы әжесі атқа мінгізіп, қолына қамшы ұстатып, ауылды аралатады.

Ауылды аралап жүргенде шашу шашылады.

  • Қашанда құт – береке  орнасын! Бақытты бол! Үлкен азамат бол!

 

Жүргізуші:   Уа, қалайық, құлақ сал!

Жақсылыққа қашанда,

Жан баласы тоймаған,

Жаңа жылдың басы деп,

Ақ жаулықты аналар!

Көңілі коктем, жаны жаз,

Биязы мінез жеңгелер

Кер маралдай керілген

Кең пейіл керім жеңгелер!

Той шашуы шашылсын,

Шашудан құр қалмаңдар!

 (Қаңбақ шал ұшып келеді)

Қаңбақ шал: Армысыңдар ма, балалар, Наурыз тойы құтты болсын!

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, сіз кім боласыз?

Қаңбақ шал: Мен – қаңбақ шалмын! Өзім сондай жеңілмін, жел қайда соқса, мен сонда ұшамын. Сондықтан мені қаңбақ шал деп атайды.

Жүргізуші: Сізді мұнда кім айдап ала келді?

Қаңбақ  шал: Қу түлкі күн бермеді. Мен одан кетіп қалдым.

Жүргізуші: Ендеше бізбен бірге болыңыз.  Біз Наурызды тойлап жатырмыз. Бізбен бірге ойнап, балалардың биін тамашалаңыз.

Жүргізуші:   Би:  «Батырлар биі» (ер балдардың орындауында)

(Таусоғар кіріп келеді)

Таусоғар: Шал қайда барасың?

Қаңбақ шал: Әлем кең, әлемде көп жол бар. Батырды кездестірсем өзім Батыр боламын.

Таусоғар: Охо! Сен көріпкелсің  ғой.Батыр болғың келсе, кел күшімізді сынайық. Тас лақтырып көрейік. (тасты алып лақтырады). Енді сенің кезегің. Қаңбақ шал тасты алып,  жоғарыға,  төменге қарайды.

Таусоғар:  Лақтырсаңшы.

Қаңбақ шал: Егерде мына тасты жоғарыға лақтырсам, онда аспан айналып жерге түседі.

Таусоғар: Ой, шал, сенің күшіңе сенемін. Тек тасты тастай көрме, екумізгеде қиын болады. Бұл жерден тезірек кетейік.

Жүргізуші: Тоқтаңыздар! Тоқтаңыздар! Бүгін жылдың бысы Наурыз мерекесі.

Біз балалармен бірге мерекені тойлап жатырмыз, төрлетіп төрден орын алып балалардың өнерін тамашаланыздар.

Тақпақтар:

Аружан:  Наурыз тойы – тамаша,

Наурыз  тойы  — жаңаша.

Табиғат  та  тамаша,

Тамылжып  тұр  жараса.

 

 

Б. Аяулым:  Наурыз  келді  еліме,

Наурыз келді  жеріме.

Байлық  бақыт  тілеймін,

Бүкіл  қазақ  еліне.

 

Ш. Аяулым:  Наурыз  бұл  мереке,

Құтты болсын  береке.

Қыдыр ата келсін,

Жақсы тілек акелсін.

 

Абылай:  Ата – бабам тойлаған,

Наурызым, армысың!

Қызығына  тоймаған,

Дархан дала, қарлы  шың.

 

Жүргізуші:  Наурыз тойың, Наурыз тойың,

Құтты  болсын  қалайық.

Күй  төгілсін, күй  төгілсін,

Шырқап әнге салайық.

 

Жүргізуші:   Ән:  «Наурыз тойы»

Тақпақтар:

Мейіргүл:  Жаңа  ағытқан  қозыдай,

Жамырасып  өрістен.

Ұлыс күні кәрі – жас,

Құшақтасып  көріскен.
Олжас: Наурыз тойын тойлайық,

Жалқау бала болайық.

Бөбектерді жубатып,

Үлкендерді сыйлайық.

 

Айкөркем: Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге тойлашы.

Дастарқаныма көп-көп,

Береке, ырыс сыйлашы.

 

Берекет: Наурыз тойы салтымыз,

Аман болсын халқымыз.

Ұлыс ақ болсын,

Ақ мол болсын.

Жүргізуші:  Қане Қаңбақ шал сіздің бізге дайындап  келген өнеріңіз немесе ойыныз бар болу мүмкін.

Қаңбақ шал: Әрине мен балалармен ойын ойнағым келіп тұр.

Келіңдер балалар «Тенге алу» ойынын ойнаймыз.

Ойынның шарты: Қазақтың ұлттық ат спорты. Ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде ойналады. Ойыншылар атқа мінгізіп, жерде жатқан түйілген орамалды іліп алып кетулерің керек. Кім жерден іліп алып кетсе  сол ойыншы жеңімпаз болады.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, өте тамаша.  Олай болса балалар орындарымыздан тұрып әжемізден бата алайық.

Әже; Бата беру.

Жүргізуші:  Рахмет сізге әже.

Ілесіп Наурызбенен  көктем  жетсін,

Көңілін  үлкен  кіші  көкке  өрлетсін.

Еңсесі  көтеріліп  ер  азамат,

Ескі  жылмен  реніш  өкпе  кетсін- дегендей  жаңа  мешін  жылы  кутты  болсын!  Жаңа  жыл  бақыт  табыс,  достық  әкелсін – дей  отырып осымен мерекелік  ертеңгілігімізді  аяқтаймыз.