ОҚО Түркістан қаласы

«Балдырған»-ясли балабақшасының

 музыка мұғалімі

Құдайбергенова Бақтыгүл Жұмабаевна.

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ МУЗЫКА САБАҒЫНДА

ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Мазмұны

 

І. Кіріспе.

 

ІІ. Негізгі бөлім: 

  1. Мектепке дейінгі мекемеде АКТ арқылы музыкалық-дидактикалық ойындарды тиімді қолданудың жолдары.
  2. Дидактикалық ойындарды музыка сабағында қолданудың әдіс — тәсілдері

ІІІ. Қорытынды бөлім:


ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

І. Кіріспе:

«Шығармашылық»  саласында музыка оқу әрекетінің басты мақсаттары-балалардың эстетикалық талғамын қалаптастыру, музыкалық шығармашылық іс-әрекеттер арқылы эмоциялық қатынасын білдіруге баулу, әдемілік пен сұлулыққа тәрбиелеу.

Балаларға қоршаған ортаның кейбір құбылыстарын бейнелейтін музыкалық шығармаларды таныстыру, олардың түрлері мен мәнерлілігі туралы түсініктерінің қалыптасуына әсер ету, музыканың дыбысын естіп, түсінуге, адамгершілік-эстетикалық сезімдерге тәрбиелеу- осы саланың негізгі міндеттері болып табылады.

Жас ерекшеліктеріне, қабілеттеріне байланысты әрбір бала музыканы қызығушылықпен қабылдайды. Баланың есту қабілеті музыканың дыбыс биіктігін, сипатын, ырғағын, тембрін ажыратып, түсінуіне әсер етеді.

Дидактикалық ойындар музыка жетекшілерінің оқу іс-әрекетін түрлендіріп, мазмұнын байыта, көркемдей түседі.Ойындар балалардың бойындағы музыкаға деген қызығушылығы мен құмарлығын оятады, балалық қиялдарын қозғап,түсініктерін кеңейте түседі. Балалардың  шығармашылық қабілетерін дамытып, оларды әдемілікке, музыкалық үндестікке баулиды.
Жұмыстың өзектілігі:
Еліміз егемендік алып, Қазақстан өз алдына дербес мемлекет болып қалыптасқалы жеткіншектерімізге жеткілікті көңіл бөлінуде. Бүлдіршіндерімізді жан- жақты етіп тәрбиелеуге, отансүйгіштікке, мейірімділікке, әсемдікті сүюге тәрбиелеуде музыканың алар орны ерекше. Баланың музыкалық мәдениетін, эстетикалық талғамын, ұлттық сана- сезімін қалыптастыруда сөзбен жеткізе алмайтын әсемдікті музыка тілімен жеткізуге болады. Балалардың ой- өрісін, талғампаздығын, есту қабілетін арттыруда атқаратын рөлі зор. Музыкалық тәрбие беру әдістері мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық жағынан жетілдіріп, тәрбиелеудегі қызметтің барлық түрінде сенім мен жүйелі жаттықтырудың қажеттігін айқындайды. Тәрбиеші мен балалар арасындағы қарым – қатынасты, ересек адамның балаға музыка туралы қарапайым білімдерді үйретіп, оның музыкалық қабілетін дамытуға көмектесетін практикалық дағды мен шеберлікті меңгеруіне мүмкіндік туғызатын мақсаты іс- қимылдарды оқыту әдістері деп түсіну керек. Балалардың ән айтуда, би билеуде, аспапта ойнауда белсенділік танытуына және музыкалық- эстетикалық дамыту саласындағы тәрбиелік міндеттердің ойдағыдай шешуне көмектеседі.
Жұмыстың мақсаты: ойын арқылы балалардың музыкалық қабілетін дамыту.
Жұмыстың міндеті:
1.Мектеп жасына дейінгі балаларға алуан түрлі музыкалық шығармалрмен таныстырып, алған әсерлерін байыту.
2. Балалардың эмоциялық әсер алғыштығын, дыбыстың биіктігін айыра білуін, ырғақты сезінуін дамыту.
3. Балаларды музыкангың ең қарапайым ұғымдарымен таныстыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер тәрбиеші жан- жақты болса тиімді жоспар құрып, нәтижелі сабақ өткізе білсе онда балалардың шығармашылық қабілеті, музыкаға деген ынта жігері жоғары болары анық.
Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар
Зерттеу базасы: Түркістан қаласы, «Балдырған» ясли – бақшасы

 

ІІ. Негізгі бөлім: 

  1. Мектепке дейінгі мекемеде АКТ арқылы музыкалық-дидактикалық ойындарды тиімді қолданудың жолдары.

Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің болашағы. Бүгінгі заманның талабына сай зерделі, ой- өрісі жоғары, дамыған азаматты қалыптастыру жөніндегі мемлекетіміздің стратегиясын жүзеге асыру- біздің ең басты міндетіміз болып саналады. Сондықтан қазіргі заманның ұстаздарына қойылатын басты талап- ақпараттандырылған, жан- жақты, дүниетанымы  кең, тәрбиелі әрі саналы, өзінің көзқарасы, ой- тұжырымы бар, білікті де кәсіпті маман тәрбиелеу.

Саналы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етіп, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеру талабы қойылып отыр. Мектепке дейінгі мекемелерде баланы оқыту мен тәрбиелеудегі  негізгі мақсат – жасөспірімдердің жеке тұлға болып қалыптасуы мен дамуында педагогикалық технологияларды  кеңінен қолдану. Қазіргі кезде білім кеңістігін ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Балабақшаларда инновациялық білім беруді қолданудың  маңызы зор.

Білім берудегі оқытудың жаңа инновациялық технологиялары:модульдік, деңгейлеп оқыту, АКТ технологиясы, ойын арқылы, дамыта оқыту, тірек сигналдары, жеке ізгілендіре оқыту.

 

      Инновациялық білім беруге: аудио, видео құралдар, компьютер, интерактивтік тақта, электрондық оқулықтар, инновациялық сайт т.б жатады.  АКТ-ны мектепке дейінгі мекемелерде қолданудағы мақсат- баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, оқу іс-әрекеттерге белсенділігін, білімнің сапалы болуына, жағымды мінез- құлықтарының пайда болуына мүмкіндік туғыза білу.

АКТ-келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашады.

Ақпараттық-ақпарат, жаңалық, коммуникативтік – байланыс , қатынас, технология-іскерлік, шеберлік деген ұғымдарды білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, ақпараттық коммуникативтік технологиялар — жеке тұлғаға жаңа ұғымдарды түсіндіру мен қабылдауын жеңілдететін маңызды жүйе.  Олай болса, бүгінгі ұстаздың алдында балаға білім, білік дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, ерік-жігерін, яғни өзбетімен жұмыс  жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту. АКТ әр баланың түрлі мақсаттарын, қызығушылығын іске асыруға көмектеседі, баланың  өзіндік ұйымдастыру қабілетін, белсенділігін, шығармашылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі мекемеде музыка сабағы балаларға музыкалық- эстетикалық тәрбие беруде алдын ала құрылған жоспар бойынша жүзеге асырылады. Музыкалық репертуарларды  қабылдауда сабақтың құрылымы мен мазмұны  тартымды,  балалардың  музыкалық сауаттылығын жетілдіруде әртүрлі әдістер мен тәсілдерді шеберлікпен қолдана білудің маңызы зор.

Балалар бақшасында музыка ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіндегі басты қызмет түрлері: музыка тыңдау, ән салу, музыкалық ырғақтық- қимылдар, балалар аспаптарында ойнау, музыка сауаттылығын меңгерту.

Баланың өзбетімен әрекет ету жолдары жан-жақты да алуан түрлі, соның ең негізгілерінің бірі –музыкалық-дидактикалық ойындар. Музыкалық-дидактикалық ойындар баланың музыка сауаттылығын  жете меңгертуде, есту қабілетін, ырғақ сезімін, шығарма сипатын, тембрлік, динамикалық өзгерістерін терең ұғына білуге жетелейді. Музыкалық ойындар баланы жаңа сезімдер мен әсерлерге бөлей отырып, өзбетімен әрекет етуіне, музыканы қабылдай білу қабілеттері мен бала белсенділігін арттыра отырып, музыкалық дыбыстардың негізгі қасиеттерін айыра білуге үйретеді.

Музыкалық-дидактикалық ойындардың педагогикалық құндылығы баланың алған білімдерін өмірде практикалық түрде қолдана алуында, яғни балалардың музыкалық қабілеттерін жан-жақты дамыту, меңгерту, ұйымдастыру ойын барысында жүзеге асырылып отырады. Мыс: «Ырғағынан әуенді тап», «Сипатын айыра біл»,   «Әуенін еске түсір» ойындары әуенді таза және ырғақ сезімін дәл орындауға үйретеді. Музыкалық-дидактикалық ойындар қарапайым, бала меңгеруіне жеңіл, қызғылықты да тартымды болуы қажет. Сонда ғана баланың  ән айтуға, тыңдауға, ойнап , билеуге деген сезімі оянады. Ойын барысында балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы  орнайды, жауапкершілігі пайда болып, жеке адамгершілік қасиеттері дами түседі. Балаларға үлестірілген карточкалар әсерлі бояулармен беріліп, ойынның жалпы мағынасын толық аша түсетіндей тартымды болуы тиіс. Балалардың өз ынталарымен, белсенділігімен ұйымдастырылған ойындар бала үшін ең қажетті, ең сүйікті ойындар болып табылады. Мыс: фланелеграфқа салынған ноталар үлгісі т.б. Музыкалық-дидактикалық ойындар әсіресе балалардың музыка сабағында, бос уақыттарында және басқа сабақтар барысында кеңінен қолданылады.

Балалар әртүрлі сипаттағы, жанрдағы аспаптық, вокалдық шығармаларды  тыңдай отырып, ерекше сезімге бөленеді. Музыкалық-дидактикалық ойындар шығарманы терең ұғынуға, қайталап тыңдағанда еркін меңгеруге жетелейді. Мыс: «Музыка жанрын анықта» ойынында ән, би, марш, күй  жанрларын интерактивтік тақта арқылы тыңдау барысында шығармаларды дәл анықтауға үйренеді. Сонымен қатар,  балалар мыс:  И.Нүсіпбаев «Ойыншықтар», Н.Тілендиев «Құттықтаймын мама туған күніңмен», Б.Ғизатов «Біз өмірдің гүліміз»  әндерінде тыңдалған репертуарларды кіріспесінен, қайырмасынан, соңғы фразасынан айыра  білуге үйренеді. Музыкалық репертуарлардың сипатын  тыңдау кезінде сәйкес суреттер арқылы көрсете алады. Мыс: «Музыка сипатын анықта» (көңілді, мұңды).

Кіші топтарда музыка тыңдауда әртүрлі тартымды ойыншықтар балалармен сөйлеседі, жүреді, бұл әдістер балалардың материалды есте сақтауына, қабылдауына  толық мүмкіндік береді. Ойын  балалардың қызығушылығын оятып,  кейіпкерлермен белсенді  араласып  сөйлесуіне жағдай жасайды. Мыс: «Музыкалық калейдоскоп»  ойыны барысында әндерді тыңдау арқылы әуенін танып, интерактивті тақтадағы калейдоскоптың сағат  тілін сол ойыншыққа  бұрып қояды немесе  ойыншықты таңдап алады.

Балалар  сабақ барысында  атақты композиторлар, олардың шығармашылығы туралы толық мәлімет алады. Ересек топтарда балалар әртүрлі музыкалық шығармалармен орыс, қазақ, шетел композиторлары: П.Чайковский, Д.Кабалевский, М.Глинки, Б.Дәлденбаев, И.Нүсіпбаев, А.Меңжановалармен танысады. «Музыкалық шығармалардың композиторын ата» немесе «Кім көп біледі?» ойындарында бір композитордың портреті балаларға көрсетіліп,  оның шығармаларын немесе орындалған әндердің авторларын атау ұсынылады. Көп  білген баланың қолына фишка беріледі.

Музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі басты қызмет түрлерінің бірі-ән салу. Балабақшада балалардың ән салу дағдыларын дамытып, қалыптастыра білу басты міндеттердің бірі болып табылады. Мерекелік ертеңгіліктер мен ойын сауықтарда орындалған әндер, ойындар, хороводтар балалардың шығармашылығын дамытуда әсері зор. Балалардың ән салу кезіндегі музыкалық – дидактикалық ойындар әнді мәнерлеп еркін орындауға, бірге бастап, бірге аяқтауға, фраза аралығында тыныс ала білуге үйретеді.

Балалар әртүрлі сипаттағы әндерді орындау арқылы әннің мағынасын ұғынып,  репертуарды сипатына сай орындау қажет екендігін түсінеді. Педагогтың басты міндеті — балалардың әнді өзбетімен орындауға тарта білуі. Балалардың үйренген әндерін бекіту мақсатында «Музыкалық телефон», «Неше бала ән айтып тұр?», «Әуеннің жалғасын тап» ойындары балалардың есту қабілетін дамытып, жеке немесе хормен орындалған шығармаларды айыра білуге және ән мәтінін жалғап орындауға үйретеді. Сөйтіп балалардың музыкалық репертуарлар қоры жинақталады.

 

 

Ересек топтардың музыкалық бұрышында балалардың дербес әрекет сәттерінен,  балалар аспапта ойнап жатыр, ән, би , марш, орындап жатырғаны бейнеленген фото материалдар жинағы болады. Сонымен қатар,  музыкалық аспаптар мен  музыкалық – дидактикалық ойындар, композиторлардың портреттері көрініс табады. Ал кішкентайлар тобының музыкалық бұрышында: ойын – ермектер (қоян секіреді, қуыршақ билейді), ойыншықтар, сылдырмақтар, қуыршақ театрлары орналасады. Балалардың қызығушылығын, шығармашылығын үнемі дамытып отыру мақсатында айына бір – екі рет музыка бұрышын жаңартып немесе жаңа материалдармен толықтырып отыру қажет.

Балалар музыка сабағында үйренген ән репертуарларын шын көңілдерімен, шығармашылықпен,  музыкалық- дидактикалық ойындар барысында көрсете алады. Олар үйренген әндерінің  мағынасын терең ұғынғандығын сурет салу арқылы да бейнелей алады. Мысалы, А.Филипенконың  «Пришла весна» әнін орындай отырып, Paint бағдарламасы бойынша мағынасын мәтініне сай интерактивті тақтадан элементтерді біріктіру арқылы сурет салу негізінде  бейнелеп көрсетеді.

Музыка сауаттылығын жете ұғындырудағы балалардың есту қабілеті мен ырғақ сезімін дамытуда, ән айтар алдындағы  шағын әуендер мен жаттығулардың  да әсері зор. Мыс: «Музыкалық баспалдақ» ойынында балалар жаттығулар арқылы дыбыс бағытын айыруға үйренеді.

Сонымен қатар «Таба ғой», «Құс және оның балапаны» «Нота сызығындағы жеті дыбыс» ойындары арқылы дыбыстың жуан, жіңішке болатындығы немесе 7 нота дыбысының біртіндеп жоғарлау, төмендеу бағытын ұғынады.

Музыка сабағының басым бөлігі әуенмен әртүрлі қимылдар орындауға кетеді. Жүйелі орындалған тапсырмалар нәтижесінде балалардың есту қабілеттері мен орындаушылық қасиеттері артады. Сабақ барысында балаларды өз еріктерімен  қызықтырып жеке  әрекет етуге жетелеу қажет.

Кішкентайлар тобында балалар ойын, билерге тәрбиешінің қимылына еліктеушілік сипатын білдірсе, ал ересек топтар ырғақ сезімін дәл көрсете отырып, музыканы мәнерлі қимылмен орындай алады.

Музыкалық — дидактикалық ойындарда балаларды өзбетімен әрекет етуге мүмкіндік беру керек. Балаға неғұрлым сенім артсаң, сеніммен еркін, дәл орындауға талпынады. Дұрыс, тартымды ұйымдастырылған ойын келесі күндері де қайталанып отырады.

Балалардың күнделікті өмірінде кеңінен қолданылатын қызметтің қызғылықты да тартымды түрі — музыкалық аспаптарда ойнау. Бұл балаларға үлкен қуаныш әкеліп, қызығушылық пен белсенділік сыйлайды. Кіші топтарда балалар негізінен соқпалы аспаптар: металлофон, бубен, сылдырмақ, барабандармен танысып, ойнап үйренеді.

Егер балабақшада музыкалық тәрбие жұмысы дұрыс жолға қойылған жағдайда ересек топтың балалары барлық аспаптарда жеке, ансамбльде, оркестрде ойнай алады. Оркестрге топтың барлық балалары қатыса алады. Мыс: «Қандай аспапта ойнап тұр?» ойынында балалар музыкалық аспаптардың тембрлік дауыстарын дұрыс айыра білуге үйренеді. Аспаптарда ойнау балаларды ұжымдыққа, жауапкершілік пен тәртіпке үйретеді.  Жетістіктеріне бірге қуанып, балалардың өзара қарым-қатынасын үйлестіруге талпындырады. Әр топтарда балалардың жас ерекшеліктеріне сай «Музыка бұрышы» ұйымдастырылады.

 

Ересек топтардың музыкалық бұрышында балалардың дербес әрекет сәттерінен,  балалар аспапта ойнап жатыр, ән, би , марш, орындап жатырғаны бейнеленген фото материалдар жинағы болады. Сонымен қатар,  музыкалық аспаптар мен  музыкалық – дидактикалық ойындар, композиторлардың портреттері көрініс табады. Ал кішкентайлар тобының музыкалық бұрышында: ойын – ермектер (қоян секіреді, қуыршақ билейді), ойыншықтар, сылдырмақтар, қуыршақ театрлары орналасады. Балалардың қызығушылығын, шығармашылығын үнемі дамытып отыру мақсатында айына бір – екі рет музыка бұрышын жаңартып немесе жаңа материалдармен толықтырып отыру қажет.

      Музыкалық – дидактикалық  ойындар барысында бала бойында төмендегідей  қабілеттіліктер қалыптасады:

  • шығармашылығы
  • белсенділігі
  • ұйымшылдығы
  • қабылдаушылығы
  • музыкалық сауаттылығы

Тәрбиеші — бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға қойылатын талаптар — студенттерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.

 

ІІ. Негізгі бөлім: 

  1. Дидактикалық ойындарды музыка сабағында қолданудың  әдіс — тәсілдері

Музыкалық дидактикалық ойындардың бірнеше түрлері бар:

1.Дыбыс биіктігін естуге арналған музыкалық – дидактикалық ойындар

2.Ырғақ сезімдерін дамытуға арналған ойындар.

3.Диатоникалық естуге арналған ойындар.

4.Тембрлік естуге арналған ойындар.

5.Есте сақтау және естуге арналған ойындар.

6.Музыкалық бейнені, қиял мен шығармашылық қабілеттерін ажыратуға      арналған ойындар.

Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық – ойындарды ойнағанда: байсалды, асықпай және көңілді, шаттанған көңілді жеткізуге талпындырады. Балалардың ой-өрісін, есте сақтау, қабылдау, орындаушылық қабілеттерін арттырады және де музыкаға деген қызығушылықтарын оятады.

Әр ойынды ойнағанда әр баланың шығармашылық бастамасын, ойынды өз бетінше құру және ойлаған ойын іске асыру, өзін ойын желісі мен ережесін сәйкес ұстау қасиетін қалыптастырады. Ойын құру үдерісінде жолдастарына тілектестік қарым-қатынасын, олармен санаса білуді, қиын жағдайларда көмекке келуді, ойын материалын қолдануда келісім жасауды, дауларды әділ шешуді қалыптастырады. Ән-күй сабағында музыкалық дидактикалық ойындарды қолданудың мәні өте зор. Әнді орындағанда ойнап айтуға болады. Мысалы, екінші сәби топтарында әнді тірек сызба арқылы және де әнге сәйкес қимыл-қозғалыстар жасап орындауға болады, осы сәтте балалардың ой-өрісі дамып әнді тез жаттап алуларына мүмкіндік тудырады.Осы музыкалық дидактикалық ойындарды ән-күй сабағында, топта, серуенде, үйде ойнауға болады.  Мысалы:

1.Дыбыс биіктігін естуге арналған музыкалық – дидактикалық ойын.

«Анасын тап» ойыны

Ойынның шарты: Әнді немесе әуенді тыңдап, жануарлар мен төлдерінің жүрісін, қимыл-қозғалысын көрсете білуге, олардың дауыс ырғақтарын ажыратып, есте сақтауға үйрету.

Ойынның шарты: Жануарлардың және олардың төлдерінің суреттері бейнеленген карточкалар беріледі. Музыка жетекшісі шығарманы ойнап, балалар әуенге сәйкес суреттегі жануардың төлін тауып, енесінің жанына қояды. Олардың жүрісін, қимылын көрсетіп, дауысын салады.

«Аспаптың даусын ажырат» ойыны

Ойынның мақсаты: Балаларды музыкалық аспаптардың тембрын ажыратуға баулу, есту қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру.

Ойынның шарты:Карточкада пианино, скрипка, гитара, сырнай, домбыра, жетіген, қобыз, шертер аспаптарының суреттері бейнеленген. Үнтаспада аспаптардың орындауында пьесадан үзінді орындалып, балалар аспаптың үніне сәйкес суретін көрсетеді.

 

«Қай аспапта ойнаймын?» ойыны

Ойынның мақсаты: Қазақтың ұлттық аспаптарының (ішекті,ұрмалы,үрлемелі) өзіндік тембрлік дыбысталуымен таныстыру, ажырата білуге үйрету. Аспаптарда ойнауға машықтандыру, қызығушылықтарын арттыру.

Ойынның шарты: Балаларға аспаптардың (домбыра, қобыз, сазсырнай, асатаяқ, дауылпаз, т.б.) суреттері бейнеленген карточкалар ұсынылады. Музыка жетекшісі ширма артында жасырып бір аспапта ойнайды. Балалар мұқият тыңдап, аспаптың дауысын ажыратып, лайықты суретті көрсетеді.

 

«Музыкалық аспаптар дүкені» ойыны

Ойынның мақсаты: Балаларға арналған музыкалық аспаптардың дауыс тембрін ажыратуға үйрету. Аспаптарда өз еріктерінше ойнауға, шығармашылыққа баулу.

Ойынның шарты: Балалар аспап түрлеріне сәйкес бірнеше қатар болып отырады. Муыка жетекшісі ширма артында аспапта ойнайды, балалар дауысын ажыратып, суретті карточкалардан көрсетеді.

 

 

2.Ырғақ сезімдерін дамытуға арналған ойындар

Біздің саяхат

Ойын шарты:Балалар шеңберде отырады, ән – күй жетекшісі балаларға саяхатқа баратындарын айтады.Бізге музыкалық балға көмектеседіКөз алдарыңа елестетіп, қимыл қозғалыстарды орындаймыз

  1. Баспалдақтан баяу, асықпай түсеміз;
  2. Далаға шықтық күннің көзіне қуанып жүгірдік;
  3. Айгерім допты алып жерге соға бастады;
  4. Балалар тез секірді;

Бірақ күн күркіреп жаңбыр жауа бастады, алдымен ақырын, сосын қатты жауды.Балалар қорқып тез-тез балабақшаға оралды.(осы қимылдардыңбарлығын ән-күй жетекшісі музыкалық балғамен ойнайды.

«Күн мен жаңбыр» ойыны

Ойынның мақсаты: Балаларды музыканың әртүрлі сипатын ажыратуға баулу(көңілді,ойнақы,сабырлы,мұңды).Шығармалардың көңіл-күйін сезіне білуге үйретеді.

Ойынның шарты: Көңілді күн мен бұлт суреттері бейнеленген карточкалар таратылады.Балалар екі түрлі шығарманы тыңдап,әуен сипатына сәйкес суретті көрсетеді

 

«Төмен және жоғары дыбыстар» ойыны

Ойынның мақсаты: Балаларды шығарманы тыңдай отырып, динамикалық бояуларын,дауыс күштілігін ажырата білуге баулу.

Ойынның шарты: Түстері бірдей,әртүрлі көлемдегі сары қоңыраулар суреті салынған карточкалар үлестіріледі.Шығарманы тыңдап,төменгі дыбысқа үлкен қоңырау,орташа дыбысқа орташа қоңырау,жіңішке дауыстағы әуенге кіші қоңырау бейнеленген сәйкес карточканы көрсетеді.

 

 

Әнді орналастыру

Ойын шарты:Музыкалық үйшік, осы үйшіктің ішінде әндерге сәйкес суреттер, балалар ең алдымен күйсандықта берілген әуенді тындап, дұрыс шешімін тауып барып керек әннің карточкасын апарып салады.

Кім қалай жүреді?

 

Ойын шарты: Ән-күй жетекшісі күйсандықта балаларға әр-түрлі жануарлар характеріне сай, әуенді ойнайды балалар әуенді тындап, әуенге сай қимыл-қозғалысты орындаулары керек.

3.Диатоникалық естуге арналған ойындар

Қатты және ақырын ән

Ойын шарты:Топтан бір бал ортаға шығады.Қалған балалар ойыншықты залдың бір жеріне тығып қоюға кіріседі.Тандалған бала шығып ойыншықты іздей бастайды, балалар егерде қатты әндетсе, соғырлұм ойыншық жақын жерде, ал егерде балалар ақырын әндетсе ойыншық алыста дегенді білдіреді.

Тандалған бала омыны пайдалана отырып, ойыншықты тауып алуы керек.

«Теңіз» ойыны

Ойынның мақсаты: Музыканың ауыспалы сипатын естіп, сезіну қабілеттерін дамыту. Әуенді мұқият тыңдап, табиғат құбылыстарымен байланыстыра сезініп, елестете білуге үйрету.

Ойынның шарты: Балалар үнтаспадан Н.Римский-Корсаковтың «Теңіз» шығармасын тыңдайды. Теңіздің үш түрл і қалыптағы күйі бейнеленген карточкалар беріледі. Шығарма тыңдалып, жетекші теңіздің әртүрлі күйдегі суреттерімен таныстырады («тыныш жатқан» теңіз, «толқынды» теңіз, «буырқанған» теңіз). Шығарма екінші рет тыңдалып, әуеннің көңіл-күйі карточкалар арқылы көрсетіледі.

 

«Бұл қай кезде болады?» ойыны

Ойынның мақсаты:Жыл мезгілдері туралы ән, әуендерді тыңдап, ерекшеліктерін сипаттай білуге баулу. Тыңдалған шығармадан алған өз әсерлерін әңгімелей білуге дағдыландыру.

Ойынның шарты: Балаларға жылдың төрт мезгілі бейнеленген суретті карточкалар таратылады. Шығармаларды тыңдап, мазмұнына , мәтініне сәйкес суретті карточканы көрсете білу.

«Ноталарды үйренейік» ойыны

Ойынның мақсаты:Әуенді тыңдап,ноталарды дұрыс орналастыруға үйрету.

Ойынның шарты:Музыка жетекшісі халық әні «Еркемайды»өзі орындап береді,екінші рет ноталардың атын атап,орналастырып отырып айтып көрсетеді.Балалар әнді қайталап орындайды,ноталардың атын атап,нота сызықтарына орналастыруға үйренеді.Балаларға нотаны үйрету жеңіл әндерден бастап,бірте-бірте күрделендіреді.

4.Тембрлік естуге арналған ән

«Ғажайып үйшік» ойыны

Ойынның мақсаты: Баспалдақпен жоғары шығу және төмен түсу арқылы әуеннің бағытын дауыспен айтуға үйрету. Жануарлардың суретін қолдана отырып, балаларды олардың жүрісін, қимылын, дыбыстауын көрсете білуге,шығармашылыққа баулу.

Ойынның шарты: Балаларға үйшіктің және қоян, балапан, бақа, күшік, т.б. суреттері ұсынылады. Музыка жетекшісі «Жоғарығы шығымын» деп әндетеді.Балалар әуенді қайталап, өздері қалаған суретін басқышпен жоғарыға жүргізеді. Үйшікке жақындап, «Қандай ғажап үйшік?» деп әндетеді. Келесі кезекте терезеден сурет көрсетіліп,балалар әуенді тыңдап, сәйкес келетін аңдардың , жануарлардың, балапанның, бақаның, т.б. суреттерін басқыштармен жүргізіп,үйшікке кіргізеді. Балалар терезеден көрінген суретке қарап,олардың қимыл-қозғалысын салып көрсетеді.

 

 

«Әуенді сағат» ойыны

Ойынның мақсаты: Үйренген ән,әуендерді есте сақтап,бекіту үшін қолданылады. Әртүрлі көңіл күйдегі әуендерді кіріспесінен немесе үзіндісінен табуға машықтандырады.

Ойынның шарты:Әртүрлі шығармадағы кейіпкерлер суреті салынған сағат бейнелі карточкалар беріледі.Жетекші таныс ән немесе әуенді ойнап,балалар «Әуенді сағаттан» сол әннің мазмұнын сай суреті сағат тілін қозғау арқылы тауып береді.

«Үш гүл — үш түрлі көңіл күй» ойыны

Ойынның мақсаты: Көңілді, сабырлы, мұңды музыкалық шығармаларды ажырата білуге үйрету. Есту қабілеттерін дамыту, тапқырлыққа баулу.

Ойынның шарты: Әр балаға үш гүлдің суреті бейнеленген карточкалар беріледі. Гүлдерде күлімсіреге , жылап тұрған және сабырлы адамның кейпі бейнеленген. Балалар шығарманы тыңдап, көңіл күйін анықтап, сәйкес карточканы көрсетеді.

 

«Әуеннің дауысын ажырат» ойыны

Ойынның мақсаты: Балаларды дыбыстың ұзақтығын ажырата білуге үйрету. Әуенді тыңдап, қысқа және ұзақ дыбыстарды анықтауға баулу.

Ойынның шарты: Көлемдері бірдей, түстері әртүрлі қоңырау суреттері беріледі. Орындалған шығарманы тыңдап, әуеннің төменгі дыбысын жасыл қоңыраумен, орташа дыбысты сары қоңыраумен, жіңішке дыбысты қызыл қоңыраумен көрсетіп, карточкалардан табу.

 «Үш би» ойыны

Ойынның мақсаты: Балаларды би жанрларын (полька, ұлттық би, вальс) ажырата білуге, би түрлерін еске сақтауға, әуенді естіп қабылдауға баулиды.

Ойынның шарты: Полька, вальс, ұлттық би түрлерінің суреті салынған карточкалармен таныстыру. Музыка жетекшісі аспапта үш түрлі пьеса ойнап, балалар әуенге сай бейнеленген суретті дәл көрсетулері тиіс

 

«Қанша дыбыс?» ойыны

Ойынның мақсаты: Белгілі бір аспапта ойналған әуендегі дыбыстардың санын немесе қайтадан дыбысталуын ажырата білуге үйрету.

Ойынның шарты: Жеміс бұтағында ілінген шиелер суреті салынған үш түрлі карточкалар ұсынылады. Музыка тыңдап, әуендегі дыбыс санын естіп, сәйкес келетін шие саны бар карточкаларды көрсету.

 

 

«Көңілді күлдіргіштер» ойыны

Ойынның мақсаты: Әуендегі дыбыс ұзақтығын естіп, ажырату үшін қолданылады. Қысқа және ұзақ дыбыстардың санын анықтап көрсете білуге үйретеді.

Ойынның шарты: Көңілді күлдіргіштер және әртүрлі көлемдегі шарлар суреті бейнеленген карточкалармен таныстырады. Таныс шығарма ойналып, балалар әуенді тыңдап, шапалақпен қысқа және ұзын дыбыстарды көрсетеді. Күлдіргіштердің қолында жіптер бар. Үлкен шарлардың жібін ұзын дыбысқа, кішкентай шарлардың жібін қысқа дыбыстарға лайықтап, жіптерді жалғайды.

 

«Айналмалы дөңгелек» ойыны

Ойынның мақсаты: Шығарманы тыңдау арқылы балаларға музыка жанрларын ажырата білуді үйретеді.

Ойынның шарты: Дөңгелек бетіне көбелек,барабан, Ай, доп суреттері салынған карточка ұсынылады. Балалар әуенді тыңдап, дөңгелекті айналдыру арқылы вальс ойналғанда көбелекті, марш әуенінде барабанды, бесік жыры ойналғанда Айдың, полька биінде доптың суреттерін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Сиқырлы ағаш» ойыны

Ойынның мақсаты: Нота сызығы мен ноталар туралы түсінік беру. Әуеннің дыбыс биіктігін ажыратып, естіген әуенді нота сызықтарына орналастыруға үйрету.

Ойынның шарты: Балалардың әрқайсысына алма ағашының суреті және қиып алынған жеті алма үлестіріледі. Орындалған шығарманы тыңдап, сиқырлы ағаш бұтақтарына алмаларды дыбыс биіктігіне сәйкес орналастырады. Ағашта бейнеленген бұтақтар нота сызықтары, ал алмалар нота ретінде қолданылады.

 

 «Музыка бояулары» ойыны

Ойынның мақсаты: Музыка сипатын ажырату. Ән, Би, Вальс, Марш жанрларын ажырата білуге ықпал ету. Түрлі-түсті желпуіштердің түсіне қарай жанрларды ажырату.

Ойынның шарты: Жасыл түс-ән айту, Қызыл түс-көңілді билеу, Сары түс-вальс ырғағы, Көк түс-марш ырғағы екенін түсіндіру. Музыкалық шығарма тыңдалады, бірнеше рет қайталап, желпуіштермен жаттығу жасай білуге үйретеді. Балалар түрлі жанрдағы музыканы тыңдап, желпуіштерді көтеруге үйренеді.

 

 

ІІІ. Қорытынды бөлім:

Қорыта келе музыка сабағында көп қолданылатын шаралар мен анаграммалар дидактикалық ойындары оқушылардың байқампаздығын, іздемпаздығын тәрбиелейді

Осындай ойындар арқылы оқушылар сөз қадірін түсінуге дағдыланып, жаман қылықтардан бойларын аулақ салуға үйренеді. Мақал-мәтелдерді табу, оқушылардың тілін дамутымен қатар олардың әсерлі ән орындауына, сөйлеу дағдыларын да қалыптастырады.

Осыған байланысты оқушылардың әуен шығаратын қабілеттері дамып, сөйлеу мәдениеті дұрыс қалыптасады.

Мұндай ойындар оқушының ой жалғастыру, сөйлемді дұрыс құрау дағдыларын жетілдіріп, шығармашылық ойлау қабілеттерін тәрбиелейді.

Музыканың құдіретті күшін бала бойына дарыту, сіңіру мақсатында музыка, сазды әуен баланың күнделікті өмірінде орын алуы қажет.     Музыкалық оқу іс — әрекетінің музыка тыңдау бөлімі бойынша ән, күй, халық әуендерін, басқа ұлттық шығармаларды қолдана отырып, музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, ажырата білумен қатар, оның мазмұнын, көркемдік қасиетін түсіндіру қажет.
Әнді музыкамен, музыкасыз жеке, көппен қосылып, орындау кезінде дауысын дамытуға, өлең сөзін дұрыс, анық айтуға, ырғақты қимылмен музыка үндестігін сезіне, денесін дұрыс ұстап, әдемі қозғала білуіне ерекше мән беріледі. Музыканы басқа пәндермен байланыстыруда (тіл дамыту, сахналау, дене шынықтыру, бейнелеу т. б) баланың көңіл хошы, өз күші мен ептілігіне қызығушылығы арта түседі.
Ән баламен ойын — сауықтарда, музыкалық кештерде, ертеңгіліктерде, билерде, ойындарда бірге жүреді. Демек, ойнай жүріп, баланың әнге деген құштарлығы арта түседі. Музыкалық – дидактикалық ойындарды ойнау, балалардың музыкаға қызығушылығын арттырады және музыкалық іс — әрекет түрлерін тез, әрі дұрыс үйренуге көмектеседі.
Музыкалық оқу іс — әрекеттерінде музыкалық — дидактикалық ойындарды жүйелі түрде пайдалану – музыканы сипатына, көңіл — күйіне, динамикалық реңкіне қарай ажыратуды үйретеді. Балаларды әр түрлі музыкалық шараларға тек жеке өзін қатыстырмай, үлкендермен, ата — аналармен бірге қатыстырудың мәні зор. Бұл баланың өзіне — өзінің сенімін ұштап, шығармашылығын шыңдайды.
Музыкалық — ырғақты қимылдарды орындауда, би билеуде музыкалық аспаптарды қолдану музыканың ырғағын, динамикалық үнін, екпінін ажыратуға үйретіп, орындаушылық шеберліктерін шыңдайды.
Мерекелік ертеңгіліктердің, ойын — сауықтардың, сахналық қойылымдардың кезінде бала образдық бейнелерді дәл бере білуге, сахна мәдениетіне жауапкершілікке, көпшілікпен жұмыс істеуге үйренеді.
Қазіргі оқу — тәрбие жұмысын жан — жақты дамыту мақсатындағы басты міндеттердің бірі бала тәрбиесіне қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан тұрмыс — салтына, әдет — ғұрпына, ұлттық дәстүріне байланысты әдебиет пен мәдениетке, өнерге үйрете отырып, баулу. Белгілі бір өнер иесіне арналған әсерлі әдеби — музыкалық кештер өткізу де бала санасында із қалдырады. Жақсыға, әдемілікке, үлкеннің маңызды да пайдалы ісін қайталауға, ұқсап бағуға талпындырады. Әр сазгердің немесе әншінің шығармашылығындағы, репертуарындағы әндерді, шығармаларды тереңірек талдау арқылы бала тағы да музыканың эмоциялық әсерін, бейнелеу күшін түсініп, жақсы мен жаманды ажырата алуға үйренеді.
Сол сияқты баламен жеке жұмыс жасауда әр баланың бойындағы қабілетін тауып, дамытуға жол ашады.
Ал, музыканы түсіне шығарма кейіпкерімен бірге жетіле, әсемдік пен әдемілікті сезіне өскен бала қоғамға тек пайдасын тигізетін, ұлттық қазынаны бағалай білетін, саналы да білімді, отансүйгіш, тәрбиелі, адал азамат болып өсері сөзсіз.

 

 

                                  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Алекторов Е.А. «Праздничные игры и забавы Киргизов» «Оренбургский листок» 1888. №42

 

  1. Атаев А.К. «Исследование эффективности применения элементов национальных видов спорта, народных игр и специальных упражнений для развития физических качеств школьников Узбекистана» Дис.канд.пед.наук Ленинград 1969.

 

  1. Ахметов М.Ш. «Адыгей халықтарының ұлттық ойындары» дис.пед.ғыл.канд Майкоп 1970.

 

  1. Ахундова С.М. «Использование азербайжанских народных игр в детских дошкольных учреждениях» дис.канд.пед.наук Баку 1975.

 

  1. Әлімбаева «Халық – қапысыз тәрбиеші» Алматы Қазақ ССР «Білім» 1977. 3-4 б.

 

  1. «Дидактикалық ойындар»Т.Т.Сарыбаева,Г.А.Абдрахманова Алматыкітап баспасы 2013 жыл