ОҚО Түркістан қаласы

«Балдырған»-ясли б.б музыка мұғалімі

Құдайбергенова Бақтыгүл Жұмабаевна.

Тақырыбы: «Музыкалық аспаптар»

Мақсаты: балаларды музыкалық аспаптармен таныстыру арқылы ұлттық мәдениетімізбен ұштастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: сылдырмақ,домбыра, акардион,гитара, фортепиано,..т.б

Жетекші: Балалар музыка залына музыка әуенімен кіреді.Шеңбер бойымен жүріп,шаттық шеңберін жасау.

Үйренсек нотаны,

Әнде саламыз.

Барлығын оп -оңай

Жаттап аламыз

Жетекші:Сәлем балалар!

Балалар:Сәлем мұғалім!

Музыка тыңдау:«Сылдырмақ»әнін.М.Сабиров сөзі.И.Сапарбаев.

Жетекші:балалар « Сылдырмақ» әні сендерге ұнадыма?

Балалар:Ия ұнады.

Жетекші:Сылдырмақ аспабын ұстап ойнап көргілерің келеме?

Балалар:Ұстап көргіміз келеді,ойнағымыз келеді.

Жетекші:Жарайды балалар, мінекей сылдырмақ аспабы.

Жетекші:Сендерге ұнады ма?

Балалар: Ұнады.

Жетекші:Қанекей кім шығады?

Балалар:Екі бала шығып аспапты ұрып ойнап көреді.

Жетекші:Жарайсыңдар балалар!

Жетекші:Балалар мына аспаптармен таныстырып өтейін домбыра,фортепияно,акардион,барабан.т.б Бұлар біздің музыкалық аспаптар естеріңе сақтап алыңдар.

 

 

Дауыс жаттығуы:Балалар қанекей бәріміз орнымыздан тұрып дауыс қыздыру жаттығуын жасайық.(лё-лё-лё-лё-лё)2-рет (му-му-му-му-му)2-рет

Даусымыз ашылды,

Бұлбұлдай сайраймыз,

Көңілді ән айтып,

Жадырап жайнаймыз.

Ән айту:Домбыра(Сөзі,Ә.Асылбеков Әнін,Ж.Тұрынбаев)

Жетекші:Балалар мен сендерге «Домбыра» әнін орындап берейін. Екпіні тездете айтылады екен.Ән туралы түсініктеріңді айтыңдаршы.Әннің мәтінін қайталап,әуенімен қосылып үйренеміз.

Балалар:Балалар ән туралы түсініктерін жеткізеді.

Жетекші:Балалар мен сендерге жұмбақ жасырам,шешуін табыңдар.

Ұзын мойын екі ішек,

Қатар-қатар тепкішек.

Басып қалсаң бір-бірлеп

Күй шығады күмбірлеп.

Бұл не?

Балалар:Домбыра

Би:«Қаражорға»

Қазақ халқының көнеден кележатқан ұлттық биі.

Әуенді-қимылды ырғақ:«Қақпа»

Жетекші:Бірінші бөлімінде балалар қақпа жасап,шеңбер бойында қолдарын жоғары ұстап тұрады.Ортада бір бала қақпадан кіріп –шығып жүгіріп жүреді.Музыка аяқталғанда қақпа жабылып,балалар қолдарын түсіреді.Балалар қақпаның ішінде қалып қойса,екінші бөліміндегі музыка әуенімен билейді.Шеңбердегі балалар қол шапалақтайды.

 

Балалар:Айыпты болған бала өз өнерін көрсетеді.

Жетекші:Балалар қандай аспаптармен таныстыңдар?

Балалар:Сылдырмақ,барабан,фортепияно,акардеон,домбыра.

Жетекші:«Сылдырмақ»әнінен қандай әсер алдыңдар?

Балалар:Өте жақсы әсер алдық сылдырмақ аспабында ойнаған ұнады.

Жетекші:Қандай би биледік?

Балалар:«Қаражорға»

Жетекші: Қандай ойын ойнадыңдар.Ойын сендерге ұнадыма?

Балалар:«Қақпа» ойыны бізге ұнады.

Жетекші:Жарайсыңдар балалар бүгінгі сабаққа өте жақсы атсалыстыңдар.

Мына жұлдызшалар сендерге сауболыңдар!

Балалар:Сауболыңыз!