Мектеп №207 «Жаңатұрмыс» орта мектебі  Пән мұғалімі: Молдажан Л

Сабақтың тақырыбы Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін

оқу мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме) 1.3.5.1. Оқудың түрлерін қолдану. Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба,сурет,белгілер қолдана отырып жай сөйлемдер құрастыру және жазу. 1.3.10.1. Сөздерді ажырата алу және оларды қолдана білу. 1.3.8.1.Бас әріптермен кіші әріптерді бір бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.

Сабақтың мақсаттары Барлығы:К дыбысына берілген сөздерді оқи алады. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: тапсырманы орынды орындап, ойын жүйелі жеткізе алады. Сөздерді орынды қолданып жаза алады.

Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

АКТ қолдану дағдылары Видиожазба

Тілдік құзыреттілік Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі.

Алдыңғы білім Оқушылар әртүрлі сөздерді оқып,негізгі ойын айта алады.

Сабақ барысы

Жоспарланған

кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық

атмосферасын

қалыптастыру

2 минут

4 минут

Шаттық шеңбері Балалар, сабағымызға қонақтар келіп отыр.Ендеше қонақтарға кішіпейілділігімізді көрсетіп, амандасайық. Үлкенге де сіз! Кішіге де сіз! Бар әлемнің баласын, Құрметтейміз біз. Балалар,бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше болмақ. Біз білеміз алда тәуелсіздік күні мерекесі келе жатыр.еліміз күннен күнге көркейіп келеді. Осының бәрі кімдердің арқасы? білімді ұрпақтың еңбегі,елбасымыздың мықты көрегендігінің, білімділігінің арқасы.бізде болашақтың мықты азаматы екенімізді қонақтарға көрсетейік.Келісеміз бе? Олай болса бүгін білім кемесіне мініп өзіміздің білімді ұрпақ екенімізді көрсетейік.Алдымен сол кемеге тапқырлығымызды танытып , жұмбақтың шешуін тауып билет алып алайық. Сөзі — дана, үні жоқ, Сөйлемейді, тілі жоқ. Қолыңа алсаң – шешен, Ақылы асқан көсем. (Кітап) -Қандай керемет,ендеше мынау сендердің билеттерің,әркім слайдтар Шаттық шебері Жұмбақ шешу Кеме арқылы топқа бөлу.

өз орнын тауып отырсын. -Енді осы «Кітап»сөзі қандай дыбыспен басталып тұр. Сонымен өткен сабақта не білдік? Енді балалар алда сол сөздерді қолдана білуді үйренеміз. Енді алдымен балалар,сабақ басында өзімізді бағалайық. Ол үшін жаңағы қолымыздағы кеме билетіне мынадай белгі соғып қояйық. Біз оқулығымыздан көзімізбен нені көреміз? Оны тілімізбен айтсақ не болады? Дыбыстарды қосып не оқимыз? Сөздерді қосып не оқимыз? Кереметсіңдер. Оқушыларға бағалау парақшасын таратып беру.

Сабақтың ортасы

22 минут

Ұжымдық жұмыс. Бағытталған оқу ретін сақтай отырып, қарамен жазылған сөздерді оқыту. Балалар,қарамен жазылған сөздерді қайталап оқып есімізге түсіріп алайық. Кісі,кіші,кеме,кесе,терек,шелек,кеше,кесте,ерлік,мереке, ескі,ешкі,елік,етік,кім,ешкім,кілт,кесіртке,текемет,керемет. Белсенділіктерің үшін жарайсыңдар. Балалар біз білімділер кемесімен келе жатқандықтан бұл кеме тек білімді балаларды ұнатады.сондықтан атсалысып блімімізді көрсетіп отырайық. Балалар,біздің кемемізді өте білімді бала алға жетелеп келе жатыр.Ол сендерді де өзі секілді өте білімді еткісі келеді.ол үшін сендерге түрлі тапсырмалар әкеліпті.Соны орындасақ ақыл ойымыз тола түседі және бізге тапсырма беріп отырған баланың есімін біліп аламыз. Орындаймыз ба? Топтық жұмыс. Айтылым 1-топ.балақай, қай әріп түсіп қалған? Еш..і, кө…е…, …іші, …өз. …арта. 2-топ. Сөзге дыбыстық талдау жаса. Текемет-…буын, …әріп, …дыбыс. 3-топ адасқан буындар. Кө тап Кі ке Ер та Кар ек Көк кін 4-топ Қай сөз түсіп қалған. Камила …. шай құйды. Ол -…. Үлкенге құрмет,…ізет. Керекті сөздер: кішіге, кесеге, карта. Топтық жұмыстарын қорғаған оқушыларға от шашу арқылы мадақтау беру. Топтық жұмыстарды алақан ұру арқылы бағалау. Жұптық жұмыс.Айтылым Берілген сөздерді кім? Не? сұрағына апарып ілу. Ірімшік,ешкі, кісі, кіші, кілт, Еркін, етікші, егінші,елік, кесе Басбармақ арқылы бағалау. Таныстырылым, оқулықпен жұмыс Топтық постерлер

Сергіту сәті 1 минут Ақ көбелек, көк көбелек, Ұшып қонған көп көбелек. Жалт бергенде топ көбелек, Таба алмайсың, жоқ көбелек Сергіту сәтіне арналған жинақ

Жеке жұмыс. Жазылым.Зейініңді көрсет, балақай! Тақтаға сөздер ілініп, оқытып,сөздерді жасырып есінде қаалған сөзді жазғызу. Дәптермен жұмыс. Әдемі аппақ баламыз. Сауатты көркем жазамыз. Бір-екі оқушының жазғанын оқыту. Оқулық, дәптерлер. Есте сақтауға арналған жаттығулар

Сабақтың соңы

6 минут

Рефлексия оқушының өзін –өзі бағалауы Кесте арқылы топтағы оқушыларды бағалау.

Аты -жөні Жүргізіп оқуы Топта бірлесіп жұмыс жасауы Жұптық тапсырмаға атсалысу Жеке жұмыс Сабаққа белсенді араласуы Жалпы ұпай саны 4-5 ұпай алған оқушыға жұлдызша тарату. Кеменің суреттері Бағалау парақшасы жұлдызшалар

Дифференциация –

оқушыларға көбірек

қолдау көрсетуді

қалай жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай

тапсырмалар қоюды

жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары

оқушылар

айтылған сөздер

мен сөйлемдердің

көпшілігін дұрыс

қайталай алады. Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.