САБАҚ Алгебра
Күні: Оқытушының аты-жөні: Жеңсікбаева Шынар Яхудақызы
СЫНЫП: 8 Барлық оқушы саны: 21 Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері. Есептер шығару
Сабақ негізделген оқу мақсаты  Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері

арқылы өз бетінше есептер шығара алуын, квадрат түбірге арналған есептерді тиімді жолмен шығара алу дағдыларын қалыптастыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсат 8.1.1.2 — санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірі анықтамаларын білу және ұғымдарын ажырату;

8.1.2.1 — арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану;

8.1.2.2 — квадрат түбірдің мәнін бағалау;

8.1.2.5 —  құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау;

Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:
Арифметикалық квадрат түбірді белгілеп және оны оқи алады;
Оқушылардың басым бөлігі:
 Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерінің формуласын анықтап, сипаттайды;
Кейбір оқушылар:
Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерінің формуласын пайдаланып есептер шығара алады;
Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер:

Арифметикалық түбір,модуль;

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер:

·         Арифметикалық түбір деп нені атайды?

·         Көбейтіндіден квадрат түбір табу деп нені атайды?

·         Дәрежеден квадрат түбір табу деп нені атайды?

Талдауға арналған тармақтар: 

Формулаларды мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Есептер шығарады

Ресурстар «Алгебра» оқулық, жұмыс дәптері, интербелсенді тақта, плакат, стикер, маркерлер.
Алдыңғы білім Квадрат түбір, алгебралық өрнек.
Жоспарланған әрекеттер
Басы

10 мин

3 мин

 

 

5 мин

 

1 мин

1 мин

І. Ұйымдастыру.  Әр оқушыға арналған жұмыс дәптерлері таратылып сол бойынша жұмыс жасайды, әр топқа А парағы және бағалау парағы ұсынылады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Мен саған, сен маған»  әдісі бойынша қатар отырған оқушылар өзара тексереді.

ІІІ. Ой қозғау

Өткенді қайталау «Ұтқыр ойдан ұтымды жауап»

1.Екінші дәрежеге шығару және көбейтінді мен бөлшектен квадрат түбір табу арасында қандай ұқсастық және айырмашылық бар? Сіз неге олай ойлайсыз?

2.3-теореманы дәлелдеу кезінде қандай ұғымдарды  қолдануға болады? Тағы кім басқа пікір, не ұсыныс қоса алады?  (ашық сұрақтар қойылады)

Ұтымды, нақты ,пікір білдірген оқушыларды марапаттап  смайлик беремін.

ІҮ.Топқа бөлінуге нұсқау жасаймын.

Карточка таңдап есептің шешімін тауып, жауаптары бірдей оқушылар топтасады

Ортасы

10 мин

 

 

 

 

8 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

Топтық жұмыс: «Ойлан,бірік,бөліс» тапсырмасы.  Есепті  шығарту жолын  постермен көрсету.

1 топ          2топ          3топ                  4топ

Есепті шығарып болған соң әр топ өз есептерін келесі топқа тексеруге береді. Тексеру дескриптор арқылы бағаланады

1 Бөлшектің алымындағы түбір астындағы сандардың дәрежесін екінші дәрежеге шығара алады 1 ұпай
2 Бөлшектің бөліміндегі түбір астындағы сандардың дәрежесін екінші  дәрежеге шығара алады 1 ұпай
3 Бөлшектің алымы мен бөлімдегі сандарды қысқарта алады 1 ұпай
4 Бөліндіні табады 1 ұпай

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі  бойынша әр топ алдыңғы топқа ұпайларын есептеп, қорытындыларын айтып топты бағалайды және ұсыныстарын береді

Соңы

20 мин

 

 

 

15 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

4 мин

 

1 мин

Жеке жұмыс: Тізбектелген есeптер топтамасы. «АВС» әдісі

Тізбектелген есeптер топтамасына  әрбір оқушы мұғалім алдынан деңгейлік есептер алып  тапсырмаларды орындайды және келесі деңгейге көшеді.

№ 56 А деңгейі 1 балл
№60 В деңгейі 2 балл
№61 В деңгейі 2 балл
№64, №65 С деңгейі 3 балл
2. 1.

2.

1.

2.3

 

Бағалау: Мұғалім тарапынан «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» (сабақтан тыс уақытта)

Кері байланыс: «Смайлик» арқылы

Үйге тапсырма

1)Арифметикалық квадрат түбір және оның қасиеттері

2) №57, №62 есептерді  шығару

 

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?