Атырау облысы , Исатай ауданы, Исатай селосы

Исатай орта мектебінің

 шағын орталық тәрбиешісі

Кабдулова Салтанат Касымгалиевна

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің түрі: Сурет салу

Тақырыбы: Аквариумдағы балықтар

Мақсаты: Аквариумдағы балықтардың ерекшеліктерін білуге, сурет салғанда бір бояудың үстіне екінші бояуды жағуға үйрету, суда өсетін өсімдіктермен және оның ерекшеліктерімен таныстыру. Композиция құра білу дағдыларын қалыптастыру, қиялын дамыту, бейнелерді қағаз бетіне түсірудің түрлі техникасын пайдалануға машықтандыру, іскерлікке, еңбек етуге тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекі құралдар: аквариумның суреті

Билингвальды компонент: балықтар- рыбы

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Психологиялық сәт: «Мен бәрін жасай аламын» ойыны.

Мақсаты:жануарлардың дене бітімін,қимылын ымдап,дененің ырғақты көмегімен қимылы көмегімен бейнелеуге үйрету.

Балалар кезекпен бір жануардардың атын атамастан қимылмен көрсетеді,өзге балалар оның нені көрсетіп тұрғанын табады.
Ұйымдастыру

шылық- ізденістік

Балалардын балықтар суда не істейтіні туралы сұрайды (жүзеді,ойнайды,қашады)

-Балалар,мен сендерге әртүрлі аквариум дайындап қойдым.Олар үшбұрышты,дөңгелек, сопақ пішінді.Оларда балықтар жүзетін болады.

Балықтар туралы түсінік береді.

Су өсімдігімен таныстыру үшін аквриумнан өсімдіктің бірін алып ыдысқа салып, оны балаларға ұстап көруді ұсынуға болады. Олардың назарын көптеген өсімдік жапырақтарының қте нәзік екеніне аудару керек. Бұл өсімдіктер сусыз өмір сүре алмайды, тез солып қалатындығын түсіндіру қажет.

Ж. Әбдірейұлының « Аквариум» әңгімесі. Оқу. Талдау.

« Аквариумдағы балықтардың әдемі, сұлу, дені сау болып өсуі олардың үнемі дұрыс күтіп, баптап уақытында суын ауыстырып, жем шашып отыру қажет. Егер аквариум үлкен болса, суын ауыстыру қиынға соғады, сондықтан оған арнайы суды тазартатын құрылғы « компрессор»  қойылады. Кішкентай аквриумның суын ауыстырғанда , ішін, ондағы өсімдіктерді тазалап жуады. Үлкен аквариумдарға арнайы жарық қойып, суық уақытта қалыпты қызуды ұстап тұруы керек.

 

Үлгіге қарап аквариум балықтарының алдымен сопақша етіп денесін,одан кейін құйрығы мен жүзу қанаттарын салуға болатынын айтады.(үлгіні көрсетеді.)

Балықтарды салып болғаннан кейін бояулармен олардың әртүрлі реңін қалай беруге болатынын,басқа бояудың үстінен екінші түспен бояу арқылы балықтардың түс реңктерін өзгертуге болатынын түсіндіреді.

Түс реңктерін жасауды тәрбиеші өзі бірнеше бояуды ретімен,кезектестіріп жағып,араластырып көрсетеді..

Балықтардың суретін салғызудың ең оңай жолы-әдістеме бойынша бір нүктеден жоғары және төменге қисықсызық салу арқылы салғызу.,ол үшін бір нүктеден жоғарыдан төмен қарай қисық сызық сызады, дәл осы қимыл қозғалысты сол нүктеден бастап төменнен жоғары қарай қайталап,соңғы бөліктерін айқастырып жіберсе балықтың құйрығы да дайын болады.

Тек оның  шеткі бөліктерін бір-бірімен  толқынды немесе ішке қарай қисық сызықпен қосады. Сонда үш сызықпен балықтардың суретін салуға болады.

Көздерін,қанаттарын толықтырып,қалаған түстерімен бояуға болады.

Сергіту сәті:

Балықтарды аулаймыз.

Ауды суға саламыз

1,2,3,4,5;1,2,3,4,5.

Ауды қайта тартамыз

Балықтарды санаймыз.

Жандандыру:Ұжымдық жұмыс:

1-ші топ: Балаларға ақ тұңғиық гүлін жапсыруды ұсыну. Гүлін ақ түсті, жапырағы мен сабағын жасыл түсті қағздан қиып алып, көгілдір түсті үлкен қағазға жапсырады.

2-топ: Өздеріне ұнаған су өсімдіктерінің суретін саламыз.

3-топ: Суда және құрғақ жерде өсетін өсімдіктердің контуры салынған суретті алып, соның ішінде тек қана су өсімдіктерін бояйды.

Тәрбиеші балдырларды жіңішке қылқаламмен төменнен жоғарыға қарай толқынды сызық жүргізу арқылы салуға болатынын,содан кейін барып,ұсақ жапырақтарын бейнелеу қажеттілігін түсіндіреді.

 

Балалар толық жауап береді.

 

-Әдемі,кішкентай,үлкен,сары,қызыл.

 

 

Балалар аквариумдағы өсімдіктерге мұқият қарап, олардың әр түрлі екенін көреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар балықтардың құйрығы әртүрлі болатынына назар аударып,үшбұрышты ұшы айыр болып келген балықтарды қылқаламды тік бағытта ұстап салады.

Балықтардың түстерін(ала,ноқатты,дақтары бар) губкамен,қылқаламмен салады.

Аквариумда болатын  балықтардан өзге балдырлар мен тастарды қалың және толқынды сызықтармен салады.

 

Тастардың суретін губкамен және саусақпен салып көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар берілген тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар балықтар сияқты жүзіп,қолдарын қимылдатады.

Рефлексиялық- түзетушілік Тәрбиеші балаларды мақтап,мадақтайды.

Суреттерін көрмеге іліп,салыстырады.

Балалар жұмыстарын жолдастарына көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі: сурет салғанда бір бояудың үстінен екінші бояуды жағуды.

Болуы: композиция құра білу дағдыларын.

Жасай білуі: аквариумдағы балықтардың ерекшеліктерін ажырата білуді.