Атырау облысы , Исатай ауданы, Исатай селосы

Исатай орта мектебінің

 шағын орталық тәрбиешісі

Кабдулова Салтанат Касымгалиевна

Ұйымдастырылған оқу- іс әрекетінің технологиялық картасы

Ай-апта 14.11.17 Мақсаты
Білім саласы Таным Ұзындығы жағынан бір-біріне қарама -қарсы затты ұзын-қысқа салыстыру.Шаршыны нүкте бойымен салу және оның көлемі жағынан әртүрлі болатынын түсіну.
Бөлімдері ҚМҰҚ
Блок Дені саудың-жаны сау.
Апта тақырыбы Өзім туралы. Менің көшелерім.
Тақырыбы Ұзын-қысқа. Сол жақта-оң жақта.
Әдістер Салыстыру, түсіндіру
Қос тілділік Ұзын-длинный, қысқа-короткий,сол-левый, оң — правый
Сөздік жұмыс Оң жақ, сол жақ
Көрнекіліктер Ұзын-қысқа заттар, шаршы
Әрекет  кезеңдері     Тәрбиешінің іс-әрекеті  Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық

қозғаушылық

 

Амандасу рәсімі.

Ал балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ шытқан не керек,

Көңілді болып жүрейік.

Жарайсыңдар, балалар, бүгін сендер өте мейірімді, жүздеріңнен күн нұры төгіліп тұрғандай әсемсіңдер.

Орнымызға жайғасып отырайық.

Балалар мен сендерге бір ертегі айтып берейін.

Шаттық шеңберін айтып қимылмен орындайды.
Ұйымдастыру

шылық-ізденістік

 

 

Ертеде байдың үш қызы болыпты. Үлкені Айнұр-ең ұзыны ортада, ортаншысы Айгүл- аласа бойлы оң жақта, кішкентайы Айжан- ең тапалы сол жақта.

Ең ұзын қыздың аты кім ? ( Айнұр)

Айгүлден қысқа қыздың аты.

Үлестірме материалмен жұмыс.

·         Әр қыздың қай үйде тұратындығын ойлап тауып, олардың үйлеріне жол салыңдар.

·            Оң жақ, сол жақ ұғымдары туралы

·             айтылады.

Биік үй қай жақта ?(оң жақта)

Одан аласа үй қай жақта?( ортада)

Ең тапал үй қай жақта? (сол жақта)

Бір күні қыздар орманға жидек тере барыпты. Орманға барар жолда өзенге тап болады қыздар.Өзен жағасында екі ағаш өсіп тұр екен, оның аласасы шырша екен де, биігі қарағай екен.

Суреті тақтаға ілінеді.

·         Шырша қай жерде өсіп тұр? Қарағай ше?

Орманда қыздар нені кезіктіргенін жұмбақ шешу арқылы табыңдар

Үсті толы инелер,

Бірақ та іс тігіп,

Қадамайдытүймені.(Кірпі)

 

Бұтақтарға секіріп

Әр жерден қылт етеді.

Кейде жаңғақ кеміріп,

Жоғары өрлеп кетеді.( Ақтиін)

 

Қорыққанда жел аяқ,

Отырғанда томардай-ақ. (Қоян)

Тәрбиеші аңның немесе құстың тұрған жерін айтады, ал балалар тақтаға оны іледі.

 

Қостілділік:Оң жаққа-на права, сол жаққа-на лево

 

Сергіту сәті «Алыптар мен ергежейлілер»

Бұл орманда алыптар (балалар қолдарын жоғары көтеріп, аяқтарының ұшымен жүреді) мен ергежейлілер( балалар жүрелеп отырады) өмір сүріпті.Содан соң қимылдарды тәрбиешінің айтуымен жылдам -жай жасайды.

Қыздар олардан аман-есен құтылып , себеттерін жеміс-жидектерге толтырып үйлеріне аман-есен оралыпты.

Дидактикалық ойын «Заттарды топтастыр»

Үлкен текшелерді үлкен үйдің қасына кіші текшелерді кіші үйдің қасына орналастыру.

 

Балалар тыңдап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірмелі картамен жұмыс жасайды.

 

 

Балалардың жауабы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтардың шешуін табады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оң жаққа-на права, сол жаққа-на лево

 

 

 

Сергіту сәтін жасайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын ойнайды

Рефлексивтік-жинақтаушы Бүгін немен таныстық?

-Қайсысы оң жақта?

-Қайсысы сол жақта?

Балалардың жауабы

-Ұзыны оң жақта

-Қысқасы сол жақта

                                                               Күтілетін нәтиже
Білу керек Оң-сол, ұзын-қысқа ұғымдарын
Түсінеді Ұзын-қысқа заттарды салыстыруды
Қолдана біледі Салыстырады , көлемі жағынан әртүрлі болатынынбіледі