Атырау облысы , Исатай ауданы, Исатай селосы

Исатай орта мектебінің

 шағын орталық тәрбиешісі

Кабдулова Салтанат Касымгалиевна

                             Ұйымдастырылған оқу- іс әрекетінің технологиялық картасы

Ай-апта 3.01.18 Мақсаты
Білім саласы «Денсаулық»                                                                                                           Көлбеу саты үстімен өрмелеуді үйрету. Еденге салынған жіп үстімен тепе-теңдік сақтап, дене түзілісін дұрыс ұстап жүруді бекіту. Жүру, жүгіру кезінде аяқты тырпылдатпай, жеңіл жүгіруге жаттықтыру.
Бөлімдері Денешынықтыру.
Блок Бізді қоршаған әлем
Апта тақырыбы Біз қалай киінеміз? (киім , аяқ киімдер)
Тақырыбы «Қысқы орманға саяхат»
Әдістер Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап
Қос тілділік  
Сөздік жұмыс Саяхат
Көрнекіліктер Доптар, жіп,мақта,көлбеу саты
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық

қозғаушылық

 

Балаларды қатарға тұрғызып, «Қысқы орманға саяхат»шеңбер бойымен сап тізбекте «жыланша» ирелеңдеп  жүргізу, жугірту

-Томарды айнала өтеміз;

Тізені жоғары көтере омбы қарды аттап өтеміз; сап-тізбекте белгі бойынша бағытты өзгерте жүгіру. Орманда адасып кетпеу үшін қол ұстасып жүреміз.

Өздігінен уқалау: Кран ашыл! Кран ашыл!(Қолдың басын айналдыру)

Мұрыным жуын!

Екі көзім жуынсын!

Құлақтарым жуын!

Мойыным жуынсын!

Жуынсын-жуынсын!

Тамашалап жуынсын!

Балалар шеңберге тұрып мұқият тапсырмаларды орындайды.

жаттығулар жасайды

 

 

 

 

 

 

Өздігінен уқалау қимылды жаттығуын орындайды.

Ұйымдастыру

шылық-ізденістік

 

 

Қар кесегімен орындалатын жалпы дамытушы жаттығулар
1.Б.қ. Аяқтың арасы сәл ашық,
қол төмен. Қолды алға созып, қар кесегін бір қолдан екінші қолға ауыстырып салу.4-5 рет.

Б.қ. қолды жанына қойып тіреле, аяқты алшақ қойып, еденге отыру,қар кесегі еденде.

2. Б.қ. Қолды жанына қойып тіреле, аяқты алшақ қойып, еденге отыру,аяқпен қар кесегін қысып алып, жоғары котеру, «қар кесегі, міне»деу; Б.қ.оралу.5-6рет

3. Б.қ. қолды жоғары көтеріп, қар кесегін бір-біріне алға, артқа қарай беру.3-4рет.

4.Б.қ. Аяқтық арасы сәл ашық.қаршамен қол төмен.Қолды артта ұстап, қар кесегін бір қолдан екінші қолға ауыстырып салу.4-5рет

5.Қап белгілі бір қашықтықта.Балалар 2сапқа тұрып, кезекпен қар кесектерін қапқа салады.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-Допты еденге ұру және оны қағып алу;-Көлбеу саты үстімен өрмелеу(биіктігі 30см, ені 20см)

Қимылы аз ойын: «Тауып ал»

 

 

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұқият тыңдап, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады

 

Ойынға жаппай  қатысады.ды

 

     Рефлексивтік-     жинақтаушы Бүгінгі оқу іс-әрекетінен не түсіндіңдер? Балалардың жауабы
                        Күтілетін нәтиже
Білу керек Допты еденге ұру және оны қағып алу; көлбеу саты үстімен өрмелеу
Түсінеді Жаттығулардың маңызын
Қолдана біледі Жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды