Қызылорда қаласы, №261 орта мектебінің химия пәні мұғалімі

Алиаскарова Гүлнұр Бакбергенқызы

11 сынып Химия  
Сабақтың тақырыбы:  Көпатомды спирттер
Оқу мақсаты Көпатомды спирттерді түсіндіру
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар білу керек:

  • Көпатомды спирттердің туындыларын біледі;

Көптеген оқушылар білу керек:

  • Көпатомды спирттердің жеке өкілдері мен олардың қолданылуын түсінеді;

Кейбір оқушылар білу керек:

  • Көпатомды спирттерге байланысты тәжірибе жұмыстарын жасап,

ҰБТ-да кездесетін есептерді шығара алады;

Бағалау критерийі Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • Көпатомды спирттердің жеке өкілдері мен олардың қолданылуын атайды;
  • Көпатомды спирттерге байланысты тапсырмаларды орындап,

ҰБТ-да кездесетін есептерді шығарады;

Тілдік мақсаттар Пәнге қатысты арнайы лексиканың көмегімен заттардың тұтануға арналған сынақ нәтижелерін ауызша салыстыра алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Көпатомды спирттер, этиленгликоль, глицерин, ксилит, сорбит

 

Құндылықтар Топ жұмысы – ұжымшылдық, ортақ істің нәтижесіне жауапкершілік; жеке жұмыс – өмір бойы білім алу,  өз бетімен жұмыс орындау кезінде адалдылық
Алдыңғы білім Химия  (9 сынып)
Сабақ барысы
Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)

Сәлемедесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару, оларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
 (7 мин)

 

Мұғалімнің /оқушының іс-әрекеттері
Мұғалім оқушыларды үш топқа бөледі. (Біратомды спирттер, көпатомд спирттер, көмірсутектер )

Топқа бөлу

І топ «Біратомды спирттер»: CH3OH (метанол), C2H5OH(этанол), C3H7OH(пропонол), C4H7OH(бутанол), C5H11OH(пентанол)

 

ІІ топ «Көпатомд спирттер»: C2H4(OH)2 (этиленгликоль), C3H5(OH)3 (глицерин), C5H7(OH)5 (ксилит), C6H8(OH)6 (сорбит)

 

ІІІ топ «Көмірсутектер»: CH4 (метан), C2H6(этан), C3H8(пропан), C4H10(бутан), C5H12(пентан), C6H14(гексан), C4H8(бутен), C2H4(этен), C6H12(гексен)

 

Оқушылар топқа қалай бөлінгендері жайлы айтады

Тақырып ашу мақсатында мұғалім оқушыларға талқылау сұрақтарын қою

  1. Оттекті органикалық заттарға қандай қосылыстар жатады?
  2. Спирттердің неше түрі бар?
  3. Біратомды спирттерді атаңдар
  4. Көпатомды спирттер деп аталуының себебі

Оқушылар тақырыбын ашады

Мақсат қою

1. Көпатомды спирттердің туындыларын білу;

2. Көпатомды спирттердің жеке өкілдері мен олардың қолданылуын түсіну

Сабақтың ортасы

    ( 7 мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(7 мин)

 

 

    (7 мин)

 

 

 

 

 

(7 мин)

 

Жаңа сабақ:

Көпатомды спирттердің жалпы формуласы: CnH2n(OH)2

Слайдтан:  Көпатомды спирттер туралы мәліметтерді көрсету

 

Қазақ тілінде Ағылшын тілінде
Көпатомды спирттер Multatomic alcohols

 

этиленгликоль ethylene glycol
глицерин glycerol
ксилит xylitol
сорбит sorbitol

 

 

Тәжірибе жұмысы: жанбайтын орамал

Видеодан: NH4OH+HCl      

 

Топтық жұмыс «Дебат»

 

І топ «Біратомды спирттер»: Жақтаушы

ІІ топ «Көпатомд спирттер»:  Даттаушы

ІІІ топ «Көмірсутектер»  Сарапшы

 

Жеке жұмыс:

  1. Көпатомды спирттердің туындыларын жазыңдар

C2H5OH, C6H8(OH)6 C3H7OH, C5H11OH C2H4(OH)2, CH3OH,C3H5(OH)3 , C5H7(OH)5, C4H7OH

 

  1. Оқулықпен жұмыс №4-173 бет
  2. Таңдамалы тапсырмалар: ҰБТ есептері

(ІІІ деңгейде) қызыл, жасыл, сары

 

Бағалау критерийі Дескриптор
Көпатомды спирттердің жеке өкілдері мен олардың қолданылуын атайды; Көпатомды спирттердің жеке өкілдерін біледі;

 

Көпатомды спирттерге байланысты тапсырмаларды орындайды Көпатомды спирттерге байланысты тапсырмаларды жаза алады
ҰБТ-да кездесетін есептерді шығарады; ҰБТ-да кездесетін есептерді деңгейлері бойынша шығарады;
Сабақтың соңы

Рефлексия

   (3 мин)

 

 

1.      Мен бүгінгі сабақта…………………білдім?

 

Үйге тапсырма.