12Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева,

И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәнінің

  І санатты мұғалімі. Атырау қаласы

Технология сабағында  оқушыларға сәндік үлгіні үйрету арқылы жоғары талғамын қалыптастыру.

«Сән дегеніміз не? — деген сұраққа біреулер: «Сән – әншейін әуестік, қолы бостардың ермегі,»  —  дейді.Енді біреулер үшін сән – мамандық,күнделікті шығармашылық жұмыс. Үшіншілер үшін,бұл сұрақ өте күрделі , оған екі ауыз сөзбен жауап беруге болмайды деседі.Ал төртіншілер, бұл сіздер мен біздер, дегенменде біз сән дегеннің не екенін, ол қашан пайда болғанын, оған қалай қарауға тиісті екенімізді түсінуге тырысып көрейік.

Киімдер тарихына арналған кітапта Ежелгі Египет киімін суреттеуден басталады.Ғылыми еңбектерден тас ғасырдың алғашқы қауымының адамдары қалай киінген Африка мен Австралиядағы абориген тайпаларының не киіп жүргенін білуге болады.

Адамзат қоғамының дамуы, мемлекеттердің құрылуы,тарихи формациялардың ауысуына байланысты киім үлгісі де күрделене түскен . Алайда уақыт өткен сайын адамдар өміріндегі жетістіктерге ,тұрмыс-тіршілігіне сай қоғамдағы алатын орнын киімдеріне қарап бірден тануға болатын дәрежеге жетті. Киім үлгісінің әр уақытта да адамның әлеуметтік белгісінің қоғамдағы дәрежесінің куәсі болып келеді. Мәселен, құлиеленуші мемлекеттер : Ежелгі Египетте , Ежелгі Грецияда т.б.құлдардың бар лыпасы бел байлауыш қана болып оның өзі қолайсыз ауа райын қорғай алмайды. Құлдар киімі ең қатты матадан тігіліп, аяқ киім дегенді мүлде білмеген . Ал сол кезеңдегі еркін адамдар міндетті түрде өз дәрежесіне лайық киінетін болған.

Маталардың сапасы мен түсіне жапсырмалар мен әшекейлер санына иесінің мамандығын, дәрежесін білдіретін қосымша белгілеріне шек қойылып , тиым салынады.

Өте ерте заманда Элладада еркін адамдар кендір мен жүннен тоқылған жұқа, әр алуан түсті киімдер кисе, құлдар – өте қалың, боялмаған жүннен тігілген киімдерді қанағат еткен.

ХІХ ғасырда буржуазия  Еуропа мен Американың көптеген елдерінде қаржы жағынан ғана емес, саясат мәселесінде де «Өмір ағымының қожасы» болып  қоғамға өздерінің көзқарастарын, талғамдары мен сән үлгілерін кеңінен таратты.Мәселен ерлер костюмі ашық түсті, алабажақ болудан қалып,оларға атлас пен партшаны пайдалану азайды.

Қазіргі уақытта киім үлгісі баршаға ортақ процесі жалғасуда, бірақ оның негізі өзгеріссіз қалған жоқ.Әрине халықтық киім үлгісінің даму дәстүрін халық билігі үстемдігіне апаруына болмайды . Сөйтсе де әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық киім үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және де қандай жағдайда болмасын арналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда.

Біздің өмірімізде сәннің ролі қандай? —  деген сұраққа ешқандай сәнді мойындамаймын деп мәлімдейтін адамдар да бар , алайда жұрт сияқты олар да бірдеңе киеді,ал осы бірдеңелердің өзі де қандай да бір сән түріне жататынын білмейді.Демек сәнді мойындауға да мойындамауға да оған таңдануға не реніш білдіруге де, жасаушысы да,құлы да болуға болады – бірақ та сәнге қатыссыз қалу мүмкін емес.

Қазіргі сәнді демократияшыл десе де болады.Ол таңдау идиясы мен еркіндігінің көптігімен, яғни әр түрлі стильдермен, пішіндермен,үлгілермен, сондай – ақ әр түрлі көлемдермен және алуан түстің гаммалығымен ерекшеленеді десек те қазіргі жастар сәнге бейім екендігі белгілі сондықтан да жоғары 8 – 11-сынып оқушыларына «Киімге қойылатын эстетикалық талаптар» тарауы бойынша бағдарлама берілген.Осы тараудың тақырыптарына жеке – жеке тоқталып оқушыларға кеңінен түсінік беру арқылы «Сән және сән үлгінің атқаратын жұмысы туралы түсінік» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.Ашық сабағымда облыстық газетте «Қалай киініп жүрсіз?» -тақырыбында мақаланы оқып оқушылардың ойын ортада талқыланды.Бұнда оқушылардың сәнге деген көз қарастарының өте жоғары деңгейде қарайтындығы байқалды.Сонымен қатар, «Сән үлгі –қазақтың ұлттық киімдерге жарасымдылығы бар ма?»-  деген ой сала отырып, «Блумның сұрақ қою өлшемі» әдісін басшылыққа ала ,топпен жұмыс жүргізу және  қазіргі сәнгерлер туралы тапсырманы оқушылар компьютерде орындап отырды.СТО бағдарламасы бойынша өткізген әр сабағымнан жаңаша іздену жолдарын көріп отырамын. Сән турасындағы сабағым ерекше әсерге бөленіп,өз ойымнан шыға білді.

Стратегияларды орынды пайдалана отырып,сабақ соңында «Соңғы сөзді маған қалдырыңыз»стратегиясы бойынша бүгінгі қазақ ата дәстүрімізді жалғастыруын өз ұлттық киімімізді басқа ұлттық киімдерден жоғары екендігін дәлелдеп берген болатын.

Қазіргінің  сәнгерлері ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап, дамытуда,көненің құндылықтарын біздің замандастарымызға жеткізуге тырысатындығын дәлелдеу үшін оқушылар сән үлгі тақырыбында жинақтар жинай бастады…

«Ісмердің байлығы қолында,» — демей ме?

Олай болса сән үлгіні өзгерту өз талғамыңа қарай таңдап,дұрыс өңдей білу өз қолыңда дегім келеді.

Демек,

1.Сән дегеніміз – қоғамдық өмірдің бір бөлшегі,әлеуметтік құбылыс.

2.Киім үлгісі қашанда қоғамдағы белгілі бір таптармен біте қайнасқанына көз жеткіздік демек,сән – таптық құбылыс.

3.Киім ең бірінші қажеттілікке жатады,оны өндірумен – әр түрлі өнеркәсіп салаларын алғанда сән – экономикалық құбылыс.

4.Басқа да өнер түрлері сияқты киім жасау да өнер болғандықтан,сән  — эстетикалық құбылыс.

Сәнді қалай түсінеміз деген сұрақтарға міне осындай жан – жақты күрделі жауабы бар.

Қазіргі кезеңде ХХІ ғасырда, сән «алдағы жыл мезгіліне сәйкес» бірқалыптан шыққандай дүниелерді баршаға бірдей тықпалай бермей,әркімнің ұнатқанын таңдап алу мүмкіншілігін ұсынып келеді. Мұндай еркіндіктің талабы да күшті,әркім өзіне қажетіне  қателеспей таңдап ала білу мәдениетіне жетуі керек.

 

Пайдаланған әдебиттер:

  1. Технология.Оқу әдістемелік құрал.К.Өстеміров.
  2. Балама.Технология (қыз балаларға арналған) Ермилова Е.В.,Товчиник И.А. –Алматы: «Мектеп» баспасы,2008.

3.Іс тіге біл кітабы.Р.И.Егорова. В.П.Монастырная – Алматы «Рауан»1993.

4.Ғаламтор материалдары.