БАЛАЛАРДЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНА

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Оспанова Несипкуль Умирзаковна

ОҚО, Түлкібас ауданы, А.Науаи атындағы жалпы орта мектебінің

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

                        «Білім — біліктілікке жеткізер баспалдақ,

                          ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы“

                                                         А. Байтұрсынов

Бүгінгі таңда қоғамы­мыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сау­атты, саналы азамат тәр­биелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-жүй­есінің үлесіне түсетінін ескерсек,білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Менің ағылшын тілін оқытудағы зерт­теу тақырыбым “Ойын элементтерін пайдала­на отырып, балалардың ағылшын тілі сабағына қызығушылық қабілеттерін арттыру” .

Ағылшын тілін оқы­тып үйретуде көптеген ойындарды қолданамын. Ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра оты­рып білімді берік меңгеру болса,менің міндетім сол ойын түрлерін пайдалана отырып, балалардың пән­ге деген қызығушылығын арттыру және әр тақы­рыпты жете меңгерту, ба­лалардың ой белсенділігі мен тіл байлығын артты­ра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Мектепте оқушыларға  ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элемент­терін тиімді пайдалану болып табылады. Әр са­бақ үрдісінде қандай ди­дактикалық ойын қолда­нуға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына қарап сәйкестеңдіріп ала­мыз.

Сабақтағы ойын – ұжымдық еңбек. Ойын арқылы балалардың біреуі мимикамен немесе пон­томимамен бір қимыл­ды көрсетеді, ал екіншісі етістіктерді түсіндіре отырып, бұл қимылды түсіндіреді. Бұл ойындар нәтижесінде, көбінесе, етістіктерді ауызша сөйле­уде тез қолдануға дағды­ланады.

Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, жан – жағындағы достарымен тез тіл табысуға көмекте­седі. Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл –ойын, парасаттылығын дамыту, ойлау қабілетін жетіл­діру, өзіндік іскерлік қа­сиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтанда баланың та­нымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бой­ында оқыту мен тәрбие­леудің негізін қалыпта­стырудың құралы – ойын әрекеті, яғни ойын — бала­ның жетекші әрекеті. Бірақ ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өт­кізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни оқы­ту – тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұй­ымдастыра отырып, бала­ның логикалық ойлау қа­білетін арттыруға жағдай жасау — мектепке дейінгі ұйым педагогтарының не­гізгі міндеті.

«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға  тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және

ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».

Ағылшын тiлiн үйрену арқылы балалар бiлiм дегейiн көтерiп, өз халқы мен басқа

халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшелiктердi ажыратуға дағдыланады.

Сөйтіп, өз пiкiрi қалыптасады, түрлi елдер мәдениетiн үйренедi. Ал оқытудың сапасын жақсарту дегеніміз-балалардың пәнге деген қызығушылығын ояту, білім берудің тиімді әдіс –тәсілдерін ұтымды қолдану, әр сабақты шығармашылық ізденіспен жаңа

талаптарға сай ұйымдастыру, сондықтан ойынның түрлері — осы мәселелерді нәтижелі шешудің бірден-бір ұтымды құралы. Ойын арқылы баланың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамытуға болады, ол балаларды сөйлеуге психологиялық жағынан дайындап, тіл материалын бірнеше рет қайталауға мүмкіндік береді және керекті сөз бірліктерін таңдауға жаттықтырады. Ағылшын тілінде сөйлеуді, қарым -қатынас жасауды, коммуникацияға үйретуді ниет еткен әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығулардың бір түрі ретінде ойындарды қолданатыны сөзсіз. Өйткені ойын арқылы баланы білім алуға, оқуға ынталандырып, танымдық үдерісін белсенділендіруге, тұлғалық қасиеттерін

қалыптастыруға болады. Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып

табылады. «Ойын»ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез- құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі.

Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:

  • Ойын – сауық
  • Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық тәсіл
  • Диагностикалық (ойын барысында өзін- өзі тану)
  • Коррекциялық (өзін-өзі түзету)
  • Әлеуметтендіру

Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, біліктері мен дағдыларын жетілдіреді. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді, соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды,

отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Оның ережелері мен шарттары ойынға қатысушылардың қисынды ой қабілетінің дамуына, бір-біріне деген сыйластық, мейірімділік қатысымның қалыптасуына, қажеттіліктерімен санасуына әсер етіп, әр оқушының жеке әрекетін реттеуге бағытталады. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір- біріне деген сенімін арттырады.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б. Мұндай ойындар баланы жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары балалардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді.

Ойын кезінде балалардың достық сезімі оянып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалану мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, оны берік меңгеруіне көмектеседі.

Логиканы дамытуға әрі дене мүшелерін, моторикалық қимыл-қозғалыстарын да ептілікке бейімдеуде өте маңызды рөл атқарады. Сондықтан мен ағылшын тілі сабағын ойын арқылы өткіземін. Ол өте пайдалы, қызықты және оңай. Балалар жаңа сөздер мен фразаларды тез есте сақтап, жаттап алады, оларды тілдесім әрекетінде пайдалануға тырысады. Балалардың тіл меңгеруге қызығушылықтары артып, қабілеттері дамиды, әрі сөйлеу мүшелері жетіліп, дыбыстарды нормаға сай айтуға жаттығады.