Келісемін                                                ӘБ жетекшісі  А.Туйтин Пәні: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3B Қазақстан Ресей империясының құрамында

Мұғалімнің аты-жөні: С.Жалгасбаева Мектеп:Ақтау НЗМ ХББ
Сынып: Күні:12-17.02 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы 1886-1891 жж. «Жаңа Ережені» қабылдау неліктен қажет болды?
Оқу мақсаты 8.3.1.5 Патша үкіметі  реформаларының нәтижесіндегі әкімшілік-территориялық өзгерістерді түсіндіру

8.3.1.3 Ресей империясының отарлық саясатының  себеп-салдарларын анықтау және бағалау

Сабақ мақсаты Барлығы:

·         Отарлау саясатының қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына тигізген әсерін талдайды; Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен салдарын талдайды.

Көпшілігі:

·         1886-1891 жж. реформалардың отарлық сипатын 1867-68 жж. 1867-68 жж. салыстыра талдап, ерекшеліктерін түсіндіреді.

Кейбірі:

·         1886-1891 жж. реформалардың Ресей империясының отарлық саясатты күшейту үшін жасалғанына дәйек пен дәлел келтіріп, өзіндік пікір білдіреді.

Бағалау критерийлері Білу және түсіну: Билік сатысындағы әрбір қызметкердің құқығы мен міндеттерін түсіндіреді.

Қолдану: Контурлы картаға реформа бойынша губернаторлықтар, облыстар шекаралаларын белгілейді.

Сыни ойлау: Түркiстан және Дала өлкесiн басқару туралы ережені оқып, тірек-сызба жасайды.

—          1867-68 жж. Ережемен салыстыра талдап, ерекшеліктеріне баға береді.

Тілдік  мақсаттар Дерекпен жұмыста оқылым, айтылым, жазылым  дағдысын жетілдіреді. Постерді қорғап өздерінің ойларын түсіндіреді (тыңдалым, айтылым дағылары).

 Қажетті терминдер мен сөз тіркестері:

Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…

Бастапқыға қарағанда маңыздырақ болды, өйткені

Бұл оқиға/өзгеріс маңызды болды/ айтарлықтай, өйткені

1867-1868жж. және 1886-1891жж. реформалардың мақсаты…

Мен келесі өзгерістерді байқадым….

Қазақ ауылы өзгерді/өзгермеді себебі….

Қазақ зиялыларының саяси көзқарасы….

Ø  Келесі себептер/факторлар әлеуметтік/экономикалық/саяси/мәдени болып табылады…..

Пәнге қатысты лексика мен терминология Ø  Шаруа бастығы – лауазымды әкімшілік қызмет. (1902ж.Қазақстанға енгізіліп, Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруалары мен жергілікті қазақтарды басқару);

Ø  Мещеряктар – түркі тілдес халықтар тобына жататын ұлыс атауы.

Ø  Халық соты – 1891 жылғы реформаға сай билер сотын алмастырған жаңа сот құрылымының төменгі сатысы.

Ø  Бұратана – (туземцы) отарлаушы елдердің жергілікті халыққа берген атауы

Құндылықтарды ы     дарыту — патриотизм

— батылдылық

— көшбасшылық

— төзімділік

— бостандық

Пәнаралық байланыстар Дүниежүзі тарихы,  Әдебиет және География пәндерімен картамен жұмыс және мазмұны арқылы байланыс бар.
АКТ қолдану дағдылары Ұсынылған сайттар бойынша Ғаламтөр  арқылы сабаққа қажетті материалдарды қарастыру дағдыларын жетілдіру
Бастапқы білім 1867-68 жж. реформалардың себеп-салдарларын, енгізген жаңалықтары туралы біледі. Алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне сүйеніп, картадан губерниялар, облыстар аумағын көрсете алады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтың жоспарланған кезеңдері Ресурстар
Сабақтың басы

 

(Қызығушылықты ояту)

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

Т. Оқушыларды топтастыру:Сыныпқа келген   оқушыларды «атом-молекула» стратегиясы бойынша сергіту сәті арқылы топқа бөлініп орындарына  отырады/

Б) Бастапқы стимул.

Б Бастапқы стимул тудыратын материал ретінде өткен тақырыптар (Қазақстан Ресей империясының құрамында) шолу  жасатыңыз:

1.  Сергиополь, Қапал, Верный, Жаркент, Ыстықкөл, Тоқмақ  уездері қандай генерал-губернаторлыққа кірді?

А. Түркістан               В. Орынбор                 С.Батыс Сібір

2. Генерал-губернаторлықтан кейінгі әкімшілік-аумақтық бөлінісі қалай аталды?

А. Уезд                        В. Облыс                     С. Болыс

3. 1829-1909ж. өмір сүрген, 35 жылдай болыс басқарушысы болған, Кіші жүз руынан, Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтерілістің жетекшісі.

А. Досан Тәжіұлы    В. Беркін Оспанұлы     С.Иса Тіленбайұлы

4. Арынғазы ханның ісін жалғастырған, 1836ж. Хиуа іскерлеріне қарсы шығып, Бесқала бекінісін талқандап 1845ж. Хиуаның 2000 сарбазын жеңген батыр?

А. Ж. Нұрмұхамедұлы    В. Е.Көтібарұлы             С.С.Датұлы

5. Сыр, Жем, Арал бойындағы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысын басқарған жетекші.

А. Ж. Нұрмұхамедұлы   В. Е.Көтібарұлы               С.С.Датұлы

6. Паша үкіметінің генералы М.Черня́ев зеңбірекпен атқызған мұсылман қауымының қасиетті жәдігері

А. Айша бибі                  В. Арыстан баб              С.Қ.А.Йасауи

Сыныптық талқылаудан кейін оқушыларды сабақ тақырыбына алып келіңіз.

«Білу және түсіну» дағдысына негізделген жұмыс тапсырмасы:

Тарихи концепт (фокус): Себеп және салдар

Ø  Б.  Өткен тақырыппен байланыстырып жаңа сабақ тақырыбын ашатын сұрақ қойыңыз.

«1867-1868 жж. әкімшілік реформалар неліктен «уақытша реформалар» деп аталды?» сұрағын қойып, жаңа сабақ тақырыбын болжатыңыз.

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Ø  Шаруа бастығы лауазымды әкімшілік қызмет. (1902ж.Қазақстанға енгізіліп, Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруалары мен жергілікті қазақтарды басқару);

Ø  Мещеряктар – түркі тілдес халықтар тобына жататын ұлыс атауы(Тюркская народность, живущая в Среднем век.).

Ø  Халық соты – 1891 жылғы реформаға сай билер сотын алмастырған жаңа сот құрылымының төменгі сатысы.

Ø  Бұратана – (туземцы) отарлаушы елдердің жергілікті халыққа берген атауы

Ø  Реформа — қайта құру, жаңғырту.

1 слайд

 

 

Тест тапсырмасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 слайд

 

 

 

3-4 слайд

 

6-7 слайд

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

(Мағынаны тану)

15 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

«Сыни ойлау мен талдау»  дағдысына негізделген  дерекпен жұмыс тапсырмасы

Ж/Т. Зерттеу және талдау.

 

Т.«Бес саусақ» әдісі

1886 жылғы 2 маусымда Түркiстан өлкесiн басқару туралы жарлықты  КІМ бекітті ?

1886, 1890, 1891 жылдары  ҚАНДАЙ реформалар қабылданды?

Кіші жүзді НЕ үшін бөлді?

Ресей империясы НЕГЕ сот жүйесін енгізді?

Шаруа бастығы деген лауазым ҚАШАН енгізілді?

 

Дескриптор Оқушы

Ø  Деректі пайдалана отырып дәйектерді анықтайды;

Ø  Өз ойыңды аргументтер мен дәлелдер келтіріп, жауап бер.

Ø  Уақытты тиімді пайдаланады

 

) Дескрипторларға сәйкес өзара бағалау ұйымдастырылады.

 

Ж.«ЕРКІН ТАЛҚЫЛАУ»  СТРАТЕГИЯСЫ

Қазақстанның 1867-1868 ж.ж. мен 1886-1891ж.ж. реформалар бойынша әкімшілік-аумақтық бөлініске сәйкес қандай өзгерістер орын алды?

Дескриптор Оқушы

Ø  Деректі пайдалана отырып 1867-1868 жж. және 1886-1891жж. әкімшілік-аумақтық бөліністі салыстыра отырып, өзгерістерді анықтайды;

Ø  Уақытты тиімді пайдаланады

 

М. Оқушылардың жауаптарын нақтылап, толықтырыңыз. Ортақ ой-тұжырым шығаруына жағдай жасаңыз.

) Сабақта орындалған тапсырмалардың сапасы туралы пікірімді білдіремін. Кемшіліктерді түзету туралы кеңес беремін. Сабақта белсенді жұмыс жасаған оқушылардың еңбектерін атап өтемін. 

 

«Қолдану» дағдысына негізделген тапсырма-картамен жұмыс:

Б. Картамен жұмыс жүргізіңіз.

Б. Неге картада Маңғыстау түбегі мен Бөкей Ордасының жері ақ түспен боялған?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор Оқушы

Ø  Қазіргі ҚР аумағына Генерал-губернаторлық пен орталықтарын белгілеп көрсете алады.

Ø  1886-1891ж.ж. реформа бойынша әкімшілік-аумақтық бөліністі тізбектей алады.

Ø  Уақытты тиімді пайдаланады

 

Д.«+/-фактор»

1886-1891 жж.реформа
Оң жағы (+) Теріс жағы (-)
   

Дескриптор Оқушы

Ø  1886-1891 ж.ж. реформаларының екі жақты 2 дәлелдер келтіруі керек.

Ø  Аргументтер мен фактілер келтіріп, пікірін дәлелдейді.

Ø  Уақытты тиімді пайдаланады!

8 слайд

 

 

 

 

9 слайд

Қаз.тарих-8с.

«Атамұра»2012

196,198бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 слайд

 

Қаз.тарих-8с.

«Атамұра»2012

186 бет

 

Қаз.тарих-8с.

«Атамұра»2012

196 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

11 слайд

 

Жауап- Қаз.тарих-8с.

«Атамұра»2012

195-196бет

 

Қаз.тарих-8с.

«Атамұра»2012

12 слайд

 

 

 

 

 

 

 

карта«Атамұра»2012ж./185бет

 

13 слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14 слайд

Сабақтың соңы

Кері байланыс

10 минут

Б. «Бір сөйлеммен түйіндеу» стратегиясы

Франция королі ХІ Людовиктің айтқан:

«БӨЛІП АЛ ДА, БИЛЕЙ БЕР»

(Diviser pour regner) патша өкіметі тарапынан толықтай жүзеге асты ма? проблемалық сұрағын қойыңыз.

Оқушыларға жеке-жеке өз болжамдарымен бөлісуге мүмкіндік беріңіз.

Дескриптор Оқушы

Ø  Әр топ тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады.

Ø  Сөйлемдер кім?, не?, қашан?, неліктен?, қалай?, қай? жерде  және т.б. сөздерден тұруы мүмкін.

Ø  Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады, немесе көшіріп жазады, т.б.

Қорытындылау

 15 слайд

Рефлексия 5 мин «Бәрі менің қолымда»

Мен бүгін қандай ақпарат алдым?

Менде қандай қиындықтар кездесті?

Оны мен қалай жеңдім?

Маған бұл жерде не жетіспеді?

Менің бүгінгі сабақтағы әсерім

 

 16 слайд
Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Тілдік қабілеті жоғары оқушылар тілдік қабілеті төмен оқушылар арасында отырғызылады.

Қабілеті жоғары оқушылар қорытынды жасайды, тапсырмалар бойынша 3-тен артық дәлелдер келтіре алады

Оқушылар өзін-өзі дескриптор бойынша бағалайды;

Дескриптор бойынша өзара бағалайды.

 

Топта және жұпта жұмыс жасау барысында өзара әрекеттесу жүзеге асады.

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 
 
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

 

2:

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

 

2:

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?