Дарынды   білімалушының  психологиялық ерекшеліктері

 Джумабаева  Алима Алтынбековна

«Жалпы білім  беру пәндер циклы » тарих пәні оқытушысы

         ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

«Дарынды  бала»      Қытайда     «киелі бала»    деп    аталған. Дарын туралы айтар болсақ,алдымен бірнеше сұрақтардың басын ашып алу  қажет.

Ал ,  жалпы  дарынды    бала  көзге өте тез түседі,    оған сабақ беру   оңай емес, себебі ол оқытушының   алдын орап кетеді,  сұрақ қойғыш, бірақ оның   жай баладан өзгешелігі  ол  жаңа идеялар мен жаңа жобалар  жасап жүреді.

Оқытушы    осы дарынды баланы  әр түрлі қабылдайды, кейде  оны  дамытса,  ол сол дарынды бала    жалпы қоғамға  орасан зор пайда  әкеледі де,  ал егер  оны дер кезінде байқамаса , ол бала  өмірден өз орынын таба алмай қалады, қазақта  жақсы мақал бар ғой «  баланы жастан деген…» , ол  дарынды баланың ерекшелігіне  ұлы адамдар бірден мән берген  ,мысалы ІПетр    шіркеуде  дұға жасап жатқан кезде өзіне бір кішкентай баланың ерекше назар аударып, назар сала  қарап, қайта -қайта қағазға  бір нәрсе салып,мазасы кетіп бара жатқандығын көреді.

ІПетрдің  суретін салып  жатады,сурет  онша   керемет емес болса да ,патша    баланы  сурет мектебіне беріп,талабын шыңдап жіберді. Сол кезден бастап, ол бала арнайы білім алып,кейін атақты суретші болып шығады.

Біз  де  оқытушылар бес саусақ бірдей емес  дегендей   әр түрлі  балаларды оқытамыз,  олардың  түрлі қабілеттерін дер кезінде байқап,оны ұштап,оны мақтап, жан-жақты қолдау  көрсетсек  дұрыс болар еді.

Міне,сонда ғана  біздің  қоғам дарындылардан көп  өлшеусіз  пайда табатын болады.

«Қазақстан -2050»  стратегиясын  орындау   үшін    бізге  дарынды адамдардың     ,шығармашылық қабілеті    мен мүмкіндіктері мол адамдардың  болуы  қажет.

  Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің   оқытушылар   арасында жиі кездесетінін анықтады.

Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды.

Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды.

П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да дарынды балалардың  аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан,  оқытушылар  осы   зерттеулердің   нәтижесін  есте ұстағаны жөн.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі  мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Дарынды   білімалушымен  жұмыс  жүйесіндегі  оқытушы  маңызды орын алады.

Білімалушылардың  болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек  қана  жақсы    оқытушыларға     байланысты    болмақ.

Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің  инновациялық тәжірибесін  шығармашылық  ынтамен меңгеру және  пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.

Жаңашыл    оқытушылар      білімалушылардың   жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға  бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.

Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:

оқытуды оқытушы  мен білімалушылардың  өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.

Күрделі мақсат идеясын  (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);

Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);

Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);

Білімалушылардың  өзін- өзі шығармашылық басқаруы;

Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;

Ата- аналармен ынтымақтастық құру;

Сонымен, жаңашыл   оқытушыларлың    инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.

Оқытушының  жалпы  деңгейіне    және   біліміне қойылатын талаптар:

әрбір оқытушы     өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;

білімалушы   дарындылығының моделін білу;

қазіргі заманға сай оқытудың   жаңа технологияларын   білу;

дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;

дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.

Оқытушының  іскерлігіне қойылатын талаптар:

дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

дарынды оқушыларды (жекелей және топпен) оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

білімалушы  дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

дарынды    білімалушыны  оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын  оқытушының  кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады:

жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми -зерттеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық.

Дарынды оқушымен жұмыс   оқытушының  өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті:

“…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”.

Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

Білімалушылардың   шығармашылық  қабілетін арттырып, ынталандыру үшін     дәріс   сабақтарын     мынадай   жолдармен  өткізуге болады:

 

 

 

 

 

  1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

 

  1. Сабақты түрлендіріп өткізу;
  2. Сабақта білімалушылар  өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
  3. Техникалық құралдарды    тиімді    қолдану;
  4. Әр дәріс сабақтарында,мысалы  «Қазақстан  тарихы ,   «Философия негіздері »,  «Саясаттану мен әлеуметтану  негіздері»  пәндеріне  қатысты   электронды   сабақтар ,  мультимедиялы  оқулықтарды    көрсету.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей,   білімалушылардың  шығармашылық  қабілеті мен белсенділігін арттыруда    оқытушы   үнемі ізденіп, тұрақты еңбек етуі       тиіс.

Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп  оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с.

 

Пайдаланған     әдебиеттер:

1.Н.Ә.Назарбаев.Қазақстан -2050:қадыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.  А., 2012.

2.Қазақстан тарихы,А., 2005

3.Қоянбаев Ж. Педагогика.  А., 2005