Жаңаша оқыту жаңаша көзқарас

Алиаскарова Гульнур Бакбергеновна

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, №261 орта мектебі

Қазақстанның тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы. Тәуелсіз Қазақстанымыз түрлі халықаралық қауымдастыққа қалай кіретін болса, әлемдік білім кеңістігіне де солай етене кіретіні анық. Сондықтан білім саясатындағы жетістіктерімізді қазіргі мектеп ісіне өзгеріс әкеліп, оны әлемдік тәжірибемен байытып, жас ұрпақтың игілігіне айналдыруымыз керек. Сол себепті жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларын  тұжырымдамалары мен идеяларын тәжірибеде пайдаланып, оқытудың тиімділігін арттыруымыз керек. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларын  «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырылуы еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосады.

Оқытудың жаңа педагогикалық тәсілдерімен жұмыс жүргізу мұғалімдер үшін өте маңызды болады. Әрине, оны қалай жүзеге асырамыз деген әрқайсысымыздың көңілімізде күдік бар. Алайда біздер бар ынта-жігерімізді осы жолға салып, оңтайлы нәтиже көрсетеміз деген ойдамыз. Білім берудегі жаңа идеялардың берері көп екендігіне күн сайын көз жеткізудеміз.

Бағдарламаның мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде және кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқушыларды  заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Ол мақсатқа жету үшін жан-жақты әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың сыни ойлануына мұғалімдер қауымы жағдай туғызуымыз қажет.

Олар алған мәліметтерді өмірмен байланыстыра отырып, сыни тұрғыда ойлана қарап, бір-біріне сұрақтар қойып,  берілген тапсырмаларды өздері талқылайды. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтып, әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдап, оқу үрдісіндегі белсенділіктерін арттырады.

Жаңартылғын білім беру бағдарламасының тағы бір ерекшелігі спиральді білім беру. Яғни тақырыптар әртүрлі деңгейлерде қайталанып отырады, деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отырады.

 

Білім алушыға белсенділік арқылы өз біліміне өзінің жауапты екенін түсіндіру бұл бағдарламаның негізгі идеясы екенін ұғынып, сол бағытта оқытуды  ұйымдастырудың өзі мұғалімнен іздену мен кәсіби шеберлікті талап ететіні айқындалып отыр. Мұның өзі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Алайда еліміздің жарқын болашағы үшін бірлікте бір ауыздан қолдап, білекті түріп кіріссек бағдарламаны жүзеге асыру мүмкіндігі мол деп ойлаймын. Жаңартылғын білім беру бағдарламасына жасалған «Ауа. Ауаның құрамы» тақырыбында дайындалған сабақ жоспары

 

Сабақтың тақырыбы:  Ауа. Ауаның құрамы
Оқу мақсаты 7.3.1.2 Атмосфера ауасын ластанудан қорғаудың мәнін түсіндіру

 

Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар білу керек:

  • Ауаның ластануы жолдарын біледі;
  • Атмосфера ауасын қорғаудың қажеттілігін түсінеді;

Көптеген оқушылар білу керек:

  • Ауаның ластану себеп-салдарын анықтайды;

Кейбір оқушылар білу керек:

  • Ауаны ластанудан қорғаудың тәсілдерін ұсынады;
Бағалау критерийі Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • Ауаның ластануына әсер ететін факторларды атайды;
  • Ауаны ластанудан қорғау қажеттілігін айқындайды;
Тілдік мақсаттар Пәнге қатысты арнайы лексиканың көмегімен заттардың тұтануға арналған сынақ нәтижелерін ауызша салыстыра алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Оттек , оксид,  тез тұтанатын, өртке қауіпсіз,  жану, сынау, жанармай, жанбайтын, тұтану, жану өнімдері, отын, тұтану көзі, өртсөндіргіш Диалогқа/жазылымға қажетті  тіркестер

·      От жануы үшін қойылатын талаптар … …-сыз от жана алмайды, себебі …

·      Отпен күрес кезінде … пайдаланбау маңызды, себебі …

·       Өрт сөндіргіш …Отпен күресте оңтайлы, себебі …

Отпен күрес тәсілдері … болдырмаудан тұрады

Құндылықтар Топ жұмысы – ұжымшылдық, ортақ істің нәтижесіне жауапкершілік; жеке жұмыс – өмір бойы білім алу,  өз бетімен жұмыс орындау кезінде адалдылық
Пәнаралық байланыс Жаратылыстану: ауа негізінен азот пен оттектен тұрады
Алдыңғы білім Жер атмосферасы (Жаратылыстану 5-сынып)

5.2 Ауа  (Ғылымға кіріспе  1-4 сыныптар)

Сабақ барысы
Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)

Сәлемедесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару, оларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
 (4 мин)

 

Мұғалімнің /оқушының іс-әрекеттері
Тақырып ашу мақсатында мұғалім оқушыларға  ауаның ластануын видео арқылы  көрсетеді:

Оқушылар тақырыбын ашады

Мақсат қою

 

1.Ауаның құрамы қалай ластануы мүмкін?

2.Ауаны ластамас үшін не істеуге болады?

(М) Жанып тұрған шамның жалынына шыныны әкеліп, күйе түзілгенше ұстау, кейін шамды стақанмен жабу. Шам сөнген кезде түтін бөлінеді, оқушылардан оның не екендігін сұрау. Оқушылардан жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсер ететіндігі жайында әңгімелейді

 

(2 мин) Мұғалім оқушыларды үш топқа бөледі. (Ауыл, қала, өндірісі бар қала) Оқушылар топқа қалай бөлінгендері жайлы айтады

 

 

Сабақтың ортасы

    ( 16 + 4 мин)

 

 

(5 мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

    (6 мин)

 

 

 

Тапсырма 1. Топ аттарына сәйкес ауаның ластану себеп-салдарын анықтау. Олар постер дайындап, сыныптың алдында баяндайды.

 

Тапсырма 2. Ауаның ластануына әсер ететін факторларды тізіп жазыңдар. Берілген суреттерден ауаны ластаушы көліктерді белгілеңіз

2. Ауаның ластануына әсер ететін факторларды тізіп жазыңдар. Берілген суреттерден ауаны ластаушы көліктерді белгілеңіз

    

                               А                                                          В

                                           

                                 С                                                       Д

 

 

Тапсырма 3.

Оқушылар атмосфералық ауаның ластанудан қорғау жайында эссе жазу

 

Бағалау критерийі Дескриптор
Ауаның ластануына әсер ететін факторларды атайды; Ауаны ластануына әсер ететін факторларды біледі
Ауаны ластанудан қорғау қажеттілігін айқындайды; Ауаны ластануына әсер ететін факторларды ажырата алады
Суретке қарап  ауаны ластаушы көліктерді белгілейді.
Атмосфералық ауаның ластанудан қорғау жайында эссе жаза алады
Сабақтың соңы

Рефлексия

   (2 мин)

 

 

1.      Мен бүгінгі сабақта…………………білдім

2.      ?

 

Үйге тапсырма. Ауаның ластануын туғызатын себептерді жою жолдарына презентация

 

Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламалары арқылы мұғалімдер жаңаша оқыту әдістерін өз тәжірибелерінде қолданып, оқушылардың оқу нәтижелерін көрсетеді және үздіксіз кәсіби дамиды. Тәуелсіздігіміздің тұғырын мақтан тұтып, бейбітшілік заманда саналы ұрпаққа сапалы тәрбие, білім беруге міндеттіміз.