Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсар қаласындағы

«№16 Д. Жазықбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ  Бастауыш сынып мұғалімі

Ашыкбаева Айжан Камзаевна

Жоғары санатты, еңбек өтілі 24 жыл,

І (ілгері) деңгей сертификат иегері, тренер-мұғалім

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық- зерттеушілік жоба тақырыбы:

 

 «Оқыту нәтижелерін критериалды бағалау- бастауыш сынып оқушыларының құзыреттіліктерін арттыру»

 

 

Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына  жаңа талаптар қойылып отыр.  Қазақстан Республикасында  соңғы жылдары  білім беру саласындағы  жүргізіліп  жатқан  реформалар  еліміздегі  білім  беру  сапасының  әлемдік деңгейге  сәйкес келуін қамтамасыз ету,  сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере  алатын  мамандарды  даярлау  және  бәсекеге  қабілетті  білім   беру болып табылады.  Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы  жаңа көзқарасы олардың педагогикалық  өміріндегі қосымша  оң өзгерістер  енгізуге  мүмкіндік беруде.

Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Бұрын оқытуда  оқушылар  тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды.

Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық.

Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ .Келер ұрпақты білімді ету үшін әрине , білім сапасын арттыру қажет.Ал білім сапасы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы белгіленеді , яғни бағалау- білім сапасын басқарудың негізгі критерийі.[ СЛАЙД-1,2,3,4]

Бағалау — оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау. Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті  тұрғысынан сипатталған және бағытталған. Оқуды критериалды  бағалауды зерделеуге бағытталған. «Бағалау» термині «жақын отыру» деген сөзді білдіреді. Бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін, тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер, емтихандардан бастап, мұғалімдер күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды. Бір тестілер қолдағы қарындаш пен қаламның көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды:

  • қадағалау;
  • алынған мәліметтер интерпритациясы;
  • бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтауға бағытталған қорытынды.

 

Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

  1. алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
  2. анық, айқындылығы;
  3. бағаның әділдігі;
  4. өзін-өзі бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

Сабақта критерий арқылы бағалауды қолдану:

-сабақтың мақсаты критерий құрудың негізі болып табылады.

-сабақтың/бөлімнің басында оқу мақсатын түсіндіру.

-алдын-ала критерийлердің үлгісін дайындау, оқу мақсаттарына сай келуін қарау.

-критерийлерді оқушылар тіліне аудару, оларға түсінікті болу үшін өздеріне құрғызу (немесе) бірге құру.

-критерийлерді тақтаға немесе оқушының дәптерлеріне жаздырту.

-белгіленген критерийлерді оқушылардың барлығы бірдей түсінгеніне көз жеткізу.

-оқушыларға өз жұмысын құрылымдауға көмек беру үшін жоспарлауға/жазуға арналған ережелер.

Критериалды бағалаудың функциялары:

Ынталандыру   Белсенділік   Түзету    Дамытушы

Принциптері:  Нақтылық        Әділдік          Жүйелік

Критериалды  жүйе арқылы бағаның  қойылуы:

Оқытуда зерттеушілік іс — әрекеттердің кеңінен қолданылуы қазіргі талаптарға сай келетін жаңаша бағалау жүйесін қажет етеді.

Критериалдық бағалау жүйесі  арқылы:

  1. Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттау
  2. Тұлғаны нәтижеге жеткізу
  3. Өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау
  4. Қалыптастырушылық және негізгі бағалау арқылы  білімін анықтауға болады. Қалыптастырушы  бағалау- Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды; негізгі бақылау жұмысына  дейін білімін жүйелейді;  кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді. Негізгі бағалау белгілі бір  тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады; негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады; бір тарауға  байланысты   қалыптастырған білім деңгейін анықтайды және мазмұны оқылған материалды қамтуы керек. Негізгі бағалауда барлық критерийлер   барынша қолданылуы керек.  Критерий оқушының жас ерекшелігіне,  бағдарламаға сай алынады.

Мұғалімге критериалды бағалауды оқу процесін барынша тиімді ұйымдастыруға болатындай түрде пайдалану, білім алушыларға дер кезінде қолдау көрсету және олардың оқудағы алға жылжуын қамтамасыз ету, мүдделі тараптарға оқу нәтижелері туралы ақпаратты беріп отыру ұсынылады. Мұндай бағалау жүйесі алдымен білім алушыларды табысты оқуға ынталандыруға, білімдегі олқылықтарын анықтауға және олардың өсуін көрнекі түрде көрсетіп отыруға бағытталған.

Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық бағалаудан тұрады.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін педагогтер мен ата-аналар әртүрлі қабылдады. Сол себепті, жыл бойы сұрақтар туындады.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі:

— оқыту мен бағалаудың біртұтастығына негізделеді;

— білім алушылардың ілгерілеушілігі мен үлгерімін қамтамасыз етуде біртұтас тәсілді қалыптастыруға бағытталады;

— оқу бағдарламаларына сәйкес дағдыларды дамыту және білім алуға дәлелдемелер жинақтау мен оқыту мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

— әрбір сынып үшін пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұны негізінде бағалау түрлері мен әдіс-тәсілдерінің алуан түрлерін қамтиды.

Критериалды бағалау жүйесі оқыту, оқу мен бағалаудың өзара байланысына негізделгенін есте сақтау маңызды. Критериалды бағалаудың нәтижелері білім беру процесін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін пайдаланылады.

Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларының даму дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.

Әрбір сабақ оқыту мақсаттары мен оларға жету критерийлерін айту/көрсетуден басталуы керек. Білім алушы қойылған оқу мақсатын түсінуі, ұғынуы және оған қалай қол жеткізуге болатынын білуі тиіс.

Критериалды бағалау технологиясын пайдалану қандай да бір практикалық дағдының қалыптастырылғанын, оқу материалының қаншалықты табысты меңгерілгенін анықтауға мүмкіндік беретін анық айқындалған, алдын ала белгілі критерийлермен білім алушылардың жетістіктерін салыстыру. Осыған сәйкес, әрбір білім алушының жалпы дайындық деңгейінің өзгерістері сияқты, оның алдыңғы жетістіктерімен салыстырғандағы табыстарының динамикасын да тіркеуге мүмкіндік бар.

Мұғалімге критериалды бағалауды оқу процесін неғұрлым тиімді ұымдастыру, білім алушыларға уақытылы қолдау көрсету және олардың оқудағы жетістіктерін қамтамасыз ету, мүдделі тараптарға оқытудың нәтижелері туралы ақпарат ұсыну үшін қолдану ұсынылады. Бағалаудың бұндай жүйесі біріншіден балаларды табысты оқуға ынталандыруға, біліміндегі олқылықтарды анықтауға және олардың өсуін көрнекті түрде көрсетуге бағытталған

Критериалды бағалау жүйесінің үлкен артықшылығы білім алушыға түсетін күйзеліс жүктемесінің төмендеуі болып табылады. Бірлескен ынтымақтастықта өзіндік, жұптық, топтық жұмыс дағдыларын иелену процесі белгісінен, маңызды әлеуметтік құзыреттілікті дамытуға өзгереді.

Критериалды бағалау білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, оқытудың ізгілікті, достық ортасын құру, оқу процесінде білім алушыларды қолдау, білім алушылардың оқуға деген ынтасын одан әрі нығайту, зерттеу, шығармашылық іс-әрекеттерге қатысу үшін  пайдаланылады.

 Критерийлер — оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:

  • Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;
  • Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;
  • Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы;
  • Оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;
  • Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы;
  • Оқушының білім алу үдерісін қадағалап,  дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы;
  • Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б)
  • Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау;
  • Баға сапасын арттыру.

Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде  жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.

Тәжірибелік маңыздылығы:  

— жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;

— оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;

— бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды,  сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.

— өзінің  оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды  жеткізу үшін  оқушыға нақты  бағалау алгоритмі белгілі.

— оқушының оқуға  және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.

Критериалды бағалау

Мұғалімдерге:

  1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
  2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
  3. Білім беру сапасын арттыруға;
  4. Оқытудың сапасын жақсартуға;
  5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;
  6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
  7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді

Оқушыларға:

  1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;
  2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
  3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
  4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.

Ата-аналарға:

  1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;
  2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
  3. Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
  4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
  5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.

 

Ойлау дағдыларын деңгейін дәл бағалай білу критериалды бағалаудың маңызды аспектісі болып табылады. Кестеде оқу бағдарламасына енгізілген ойлау дағдыларының деңгейлері және қалыптастырушы және жиынтық бағалау барысында қарастырылған даму немесе қалыптасу дәрежесі берілген.

 

Блум таксономиясы бойынша критерийлер құру

 

Дағдылар Сипаттамасы
Білім Нақты фактілерді, ақпараттарды және олардың сипаттамасын білу және көрсету
Түсіну Ақпаратты дұрыс көрсету, болжау немесе түсіндіру арқылы ұғынуды көрсету
Қолдану Ақпаратты және бұрын алынған білімдерді жаңа немесе таныс емес мәнмәтінде немесе жағдаятта қолдану
Талдау Ақпараттық материалдарды құрылымдық бөліктерге бөлу қабілетін көрсету, дәлелін немесе себебін анықтау арқылы түрлі қорытынды алу үшін ақпаратты зерделеу, жалпы ережелерді негіздеу үшін ой қорытындысын және/немесе дәлелдер табу
Синтез Бұрын алынған білімдердің түрлі бөліктерін жаңа мәнмәтінде қайта қарау қабілетін көрсету
Бағалау Белгіленген критерийлер бойынша идеялардың немесе фактілердің маңыздылығы туралы пікір қалыптастыру

 

Білім алушылардың дайындық деңгейі әрбір білім беру саласы бойынша жобаланған оқытудың күтілетін нәтижелері арқылы анықталады.

 

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:

  • заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған,   логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
  • жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;
  • оқушылардың білім сапасын арттырады;
  • оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;

тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу —  жиынтық бағалаудың  нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың  бастауы негізі  қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр. Жоспарлы сабақтарға критерий құра отырып, берілген критерийлер арқылы мен оқушыларымның  өзін-өзі бағалауда, бірін-бірі бағалауда олардың сабаққа деген ынтасының, өзіндік ойы, пікірі қалыптасқанын, есте сақтау қабілеттерінің , пайымдау, ажырату, жаңа бір ой түю,  бір-бірінің , мұғалімнің алдында жауапкершіліктері артқанын аңғардым. Оқушыларды бағалауда әділдік пайда болды, берілген критерийлер бойынша неге қол жеткізгендерін, нені білу қажет екендіктерін  біліп отырды. Критериалды бағалау арқылы  оқушылар  өз деңгейлерін анықтай алды.  Бұл олардың білім деңгейлерін  көтеруіне  ықпалын  тигізді. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудын тиімділігі, бұрын тақтаға шығып, сабақ айтуға ұялатын оқушылар өздерін еркін ұстай бастады, сабаққа деген ынтасы артты, сенімділік пайда болды және олар бір-біріне көмектесе отырып және олар бір-бірін бағалау арқылы әділ баға қоя бастады.

Критерий арқылы бағалау мұғалімдерге: сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құруға; өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға; оқу үрдісінің сапасын жақсартуға; әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың траекториясын құруға мүмкіндік береді.

Критерий арқылы бағалау оқушыларға:  нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; критерийлерді білу арқылы қате жібермеу, сапалы нәтиже беруге; рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;  бағалау үрдісіне қатысу арқылы білімін тереңдетуге, нақты білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білу, сын тұрғысынан ойлай білуге мүмкіндіктер береді.

А. Байтұрсынов: «Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ. Ғылым да, тіл де,табиғат та дамиды. Осындай дамуды, өзгерісті басынан өткеретін күрделі құбылыс та – тіл» деп жазған. Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше. Әлеуметтік топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындарда тұлғалармен қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және басқа тілдерді меңгеру – заман талабы. Білім алушының тіл құзыреттілігін жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы өте зор.Қазіргі заманда дамытудың нақты, бағытты, жүйеленген әдістемелері жасалып, психологиялық қолайлы жағдайлар тудырып отырса, кез келген  ерекше қабілетті оқушы дарынды оқушыға айнала  алады. Ал дарынды ұрпақ – елдің ертеңі екенін, оқушы жастан белсенді азаматтық позициясымен ерекшеленетін бала қоғамымыздың ертеңгі интеллектуалдық потенциалы, зияткерлік тобы екенін үнемі есімізден шығармайық.

Пайдаланған  әдебиеттер

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) ,ІІІ базалық деңгей. 2014 ж. cpm.kz
  2. cpm.kz Педагогикалық шеберлік орталығы  NIS.
  3. http://www.google.kz Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері
  4. К.С.Құдайбергенова «Құзырлық табиғаты тұлғаның өздік дамуында»- А: «Принт АСС»
  5. У.Б.Жексенбаева «Компетентностно ориентированное образование

в современной школе» — Алматы; 2009 г.

  1. А.А.Жайтапова, Г.А.Рудик, Е.В.Белошниченко, А.С.Сатывалдиева

«ХХІ ғасыр педагогикасы мектеп табалдырығында». Ақпараттық

әдістемелік дайджест. Алматы, 2009 ж.

  1. Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2009 ж.
  1. Оқытудың нәтижелерін бағалаудың әдістемесі Әдістемелік құрал
  2. Блум таксономиясын оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі Әдістемелік құрал