Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы

 «№16 Д.Жазықбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ  Бастауыш сынып мұғалімі 

Ашыкбаева Айжан Камзаевна

Жоғары санатты, еңбек өтілі 24 жыл,

І (ілгері) деңгей сертификат иегері, тренер-мұғалім

 

Апта -2 Күні  13.01 Тренер :Ашыкбаева Айжан Камзаевна Өтетін орны
Тақырыбы: 1-2-сабақтар:  Бағалау үдерісінің  мақсаты. Оқу үшін бағалаудың мәні
Мақсаты: Мұғалімдер бағалаудың маңызы туралы нақты аргументтер мен дәлелденген қорытындылар жасайды.
Оқу нәтижесі: Мұғалімдер оқу үшін бағалаудың мақсаттарын жүктейді және оқу үшін бағалау әдістерін енгізу бойынша ұсынымдар әзірлейді.
Түйінді идеялар: Мұғалімдер оқушылардың нені үйренгенін жүйелі талдап, бағалап отырады. Оқушылардың оқу қарқыны тиімді бағалау оқушыларды дамытудың пәрменді әдісі болып табылады.
  Сабақ барысы

 

1-2-сабақ

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

15 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 минут

 

 

 

 

15 мин

30 мин

 

 

 

 

 

15 минут

 

 

 

15 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25 минут

 

 

 

 

 

 

15 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5минут

 

 

 

5 минут

1-тапсырма: 

Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу.

Мәдениет саудасы «Сатамын, сатып аламын»

Түрлі суреттер арқылы топқа бөлінеді.(Жұлдыз, Жер, Күн, Ай) Топ ережесімен таныстыру.

Жұлдыз . Қай кезде де, қандай жағдайда да жұлдыз болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.

Жер . Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері таза, жаңалықтарға жанықұмар жомарт адамдар.

Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін, сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын жандар.

Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар.

 

2-тапсырма: Ой шақыру

1)Бағалау жайлы не білесіз?

2) Бағалаудың қандай түрлерін қолданасыз?

3) Бағалау не үшін қажет?

 

3-тапсырма: Тренинг

А) өз беттерімен кешкі көйлек  суретін салады (жеке жұмыс)

Б) екі қатысушы бір-бірінің суретін бағалайды (жұптық жұмыс).

— Сіз неге осылай бағаладыңыз? (мұғалімдердің қойған баға бойынша жауаптары).

— Қандай қиыншылықтар кездесті:

а) осы тапсырманы орындаған кезде?

б) бір-біріңнің жұмыстарыңды бағалаған кезде?

В) суретті критериялар арқылы бағалау:

— Ал енді осы суреттерді мына бағалау критериялары арқылы бағалаңыздар

Жаға -2                     8-10-«5»

Жең -1                        6-7-«4»

Әсемдік  заттар-3     4-5-«3»

Белдік -1

Ұзындық -2

Қалта  -1

 

Критериалды бағалау: слайд арқылы көрсету.

— өзін бағалау;

— бір-бірін бағалау;

— критериялар арқылы бағалау;

— қойылған бағаларды салыстырып, қорытынды жасау.

4-тапсырма: Бейнебаян көрсету«Оқуды бағалау, оқыту үшін бағалау»

Теориялық материалды оқу

Топтық жұмыс. «Джиксо әдісі» бойынша

1-топ Бағалау дегеніміз не?

2-топ Бағалаудың мақсаты неде?

3-топ Оқу үшін бағалаудың маңызы

 

5-тапсырма Түйінді ойды тап

Тақырыптар бойынша тірек сөздерді тауып, постерге жазу

 

6-тапсырма: «Табысқа жету, жетпеу» жағдайларын ұйымдастыру

Тәлім алушылардың ішінен екі мұғалімді сыныптан шығуын сұрайды, ал Мұғалімдерге бірінші мұғалімді қалайда қолдауды, екінші мұғалімді керісінше, қолдамауды айтады

1,2-топ қолдаукөрсетеді. 3,4-топ критерий құрастырады.

Мұғалімдерге сұрақ:

Оқушыны қолдау, мақтау – қандай нәтиже береді?

Қолдау, мақтау – бағалаудың қай түріне жатады?

Оқыту үшін бағалау не үшін керек?

Тренер: оқыту үшін бағалау кері байланыс туғызады, оқушылардың өз оқуында белсенділігін арттырады, яғни өзін-өзі бағалау, бір-бірін бағалау.

 

7-тапсырма Топтық жұмыс

Теорияны меңгерту «Елші» әдісі

1 топ: Бағалаудың мәні

2 топ: Қадағалау

3 топ: Интерпретация

Қорытынды

 

8-тапсырма

Тренинг

Өз-өзіңді білгің келсе…» Сурет салу: күн, тау, үй, ағаш, қапшық, жол сақина, гүл,жылан.

Егер күн дәл ортасына салынса, жастық шағы қызықты, ал шыгысқа салынса, жастық шағы қызықты, батысқа салынса кәрілік шағы қызықты болатыны.

Тау дөңгелек салынса мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса, басында қар болса,өзгермелі адам.

Үй – суретте ағаш үй салынса арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса, өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын өсекқұмар адам.

Ағаш біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөледі, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, сұлулыққа құштар.

Қапшық, қалта қаншалықты үйге жақын жатса байлық та жақын. Керісінше болса бәрі керісінше. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық. Қапшық жерде жатса жалқау, түрегеліп тұрса еңбекқор адам.

Жол – үйге жақын жатса- жолы жеңіл, алыс болса керсіше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керсінше болса шашпа адам айналасына тарататын адам.

Сақина көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі – мықты отбасын білдіреді.

Гүл – үйге жақын болса, қуаныш, той болады үйдің жиегінде болса – қызықты күндерің алыс.

Жылан үйде алыс салынса – жаулары алыс, егер жақын салынса көре алмушылар айналаңда болғаны. Суретте не үлкен салынса сенің өмірің үшін аса зор.

Әрбір қатысушы бүгінгі тренингтен алған әсерін, ұсынысын қалдыру ұсынылады.

Біз бір ұжымбыз деп қызығы мен қиыны мол еңбегіміздің жемісін көріп, жанұямызда да татулық, береке болсын. Тренингке қатысқандарыңызға көп рахмет!

 

 

9-тапсырма: Жеке жұмыс

Мұғалімнің пікірлерін талқылау

Сабақта оқушыға бағаны нені негізге ала отырып қоясыз?

Өз сабағыңызда бағалау критерийлерін қолданасыз ба?

Қандай крийтерилер  қолданасыз?

Өз критерийлеріңіз арқылы оқушы білімін қалай бағалайсыз?

Оқушы сабақта алған бағасына наразылық тудыра ма?

Оқушы бағасының нақтылығын қалай дәлелдей аласыз?

Сіздің бағалауыңыз сынақ немесе ҰБТ сынақтары кезінде дәлелденеді ме?

 

Кері байланыс «3- М және 1 -Ә» әдісімен

Оқушыларға сабақ барысында жақсы орындаған 3 мәселені атап, сабақта олардың жұмысын жақсартатын 1 әрекетке ұсыныс жасау ұсынылады.

 Бағалау