№50 Абай атындағы орта мектебі

№50 Абай атындағы орта мектебі

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: жаратылыстану Мектеп: №50
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Закиева Маржан

Сынып:  Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны:

 
Сабақ тақырыбы Глобусты қалай қолданады?    
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: жасанды моделіне сүйене отырып, Жердің пішінін анықтай алады.

Көптеген оқушылар: глобустан Қазақстан Республикасын таба алады

Кейбір оқушылар: қоршаған әлемдегі құбылыстармен, үдерістерді жән

нысандарды зерттеу қажеттілігін түсіне алады.

Тілдік  мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология: модель,глобус

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тілқазақ тілі

Құндылықтарды дарыту шығармашылық және сын тұрығысынан ойлау,қарым-қатынас жасау қабілеті
Пәнаралық  байланыстар Математика
АКТ қолдану дағдылары саралау, талдау, сын тұрғысынан ойлау,дәлелдеу
Бастапқы білім Жер ғаламшарының көрінісі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

 

Ресурстар
Сабақтың басы

5 мин

Психологиялық дайындық.

Оқушылар:

Армысың алтын күн

Армысың көк аспан

Армысың жер ана

Армысың достарым

Жүрегіме жылу қос

Міне менің қолым

Мұғалім:

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой

Ал,қанекей,балалар,

Сәлем дейік үлкенге

-Сәлеметсіздерме!

-Здравствуйте!

-Good morning!

Топқа бөлу

Суреттердің жарты бөлігін табу арқылы топқа бөліну

1-топ: жер-«Альпинисттер»

2-топ: су-«Теңізшілер»

3-топ: ауа-«ғарышкерлер»

слайд
Сабақтың ортасы 

30 мин

«  Жұлдызды жаңбыр » әдісі

Табиғат қалай бөлінеді?

Тірі табиғатты ата?

Өлі табиғатты ата?

Өсімдік мүшелерін ата?

Өсімдіктердің тіршілігіне не қажет?

Ғарыш дегеніміз не?

Ғарыш ленелерін ата?

Күн Жүйесінде  қанша ғаламшар бар?

Жердің Серігі ?

Бағалау  смайликтер арқылы

«Екі өтірік,бір шындық» әдісі

-Ертеде адамдар Жерді төртбұрыш тәріздес деп ойлаған. (ө)

-Біздің ғаламшарымыз Жер деп аталады. (ш)

-Ғарыштан қарағанда Жер өте кішкентай,көгілдір және сопақшашар тәріздес көрінеді. (ш)

Ұжымдық жұмыс

Суретпен жұмыс

Жер

Жердің ғарыштан түсірілген фотосуретіне қара.

— Фотосуреттен не көріп тұрсыңдар?

— Жерді тұтастай көруге бола ма? (Жоқ.)

— Неліктен? (Ол үлкен, бір фото арқылы оны жан-жағынан көрсету мүмкін емес.)

— Осыншама үлкен Жерді жан-жағынан қалай көруге болады, себебі біз Жерді кішірейте алмаймыз ғой?

Біздің ғаламшарымыз-Жер.Ол өте үлкен!

Біз оны қалай кішірейте аламыз?

Модель-бұл табиғи нысанның кішірейтілген үлгісі.

Топпен жұмыс

Зерттейік.

Ермексаздан заттардың моделін қалай жасауға болады?

1-топ: Тау мен адамның бейнесін жасау

2-топ: Қайық пен адамның бейнесін жасау

3-топ: Ағаш пен адамның бейнесін жасау

Бағалау  бас бармақ әдісі

Ойыншықтар

-Бөлмеде қандай заттардың моделін көріп тұрсың?

-Оларды атай аласың

Глобуспен танысу

-Бейнеролик «Глобус»

Глобус-Жердің моделі.

Жұппен жұмыс

Глобустан көк түспен боялған жерлерді тап.

Сол жерлерге көгілдір түсті ермексазды  бекіт.

Глобустан қоңыр,сары түспен боялған жерлерді тап,

Сол жерлерге қоңыр немесе сары  ермексазды  бекіт.

Адамдар өмір сүре алатын жерлерді көрсет.Неге олай ойлайсың?

Бағалау смайликтер арқылы

Есте сақта!

Глобуста көк түспен су,сары және жасыл түспен құрлық көрсетілген.

«Сен білесің бе?» айдары

Ең алғаш Фернан Магеллан Жерді айналып шығып,Жердің шар тәріздес екенін дәлелдеген.

Жеке жұмыс

Глобус салынған суретті қажетті түстермен бояу.

Ұшақтар алаңы  әдісі

Глобус дегеніміз не?

Жер ғаламшарында неше құрлық бар?

Жер шарында неше мұхит бар?

Біздің ғаламшарымыз қалай аталады?

Слайд

Оқулық,

слайд

Оқулық, әр түрлі заттардың моделі.

Ермексазғтақтайша

Глобус

Бейренолик

Оқулық, глобус, смайликтер

Слайд

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

5 мин

 Смайлик арқылы өз көңіл-күйін білдіру:

Түсіндім                 Сұрағым бар                                       Түсінбедім

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет  жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздікті тексеру

АКТ

Құндылықтар

 Сабақ бойынша рефлексия

— Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

— Бүгін оқушылар не білді?

— Сыныптағы ахуал қандай болды?

— Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

— Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

— Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен