№50 Абай атындағы орта мектебі

№50 Абай атындағы орта мектебі

МАД Тәрбиеші:Қозыбай Гүлдана Дәрменқызы Уақыты: Кабинет:
Тақырыбы Сөздер мен дыбыстар
Сабақтың мақсаты Сөз, дыбыс туралы үғымдарды түсіндіру. Сөздің дыбыстан құралатынын, дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде түсінік беру. Есту қабілетін жетілдіру.
Көрнекіліктер Үлестірмелі суреттер, плакат ойыншыктар, суреттер, фланелеграф, үлестірмелі материалдар, текшелер, кеспе әріптер.
Іс-әрекет  кезендері Тәрбиеші  әрекеті Балалардың   іс — әрекеті
       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне

жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің

тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,

саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.
Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

Тәрбиеші балаларды сабаққа ұйымдастырады. Балалар назарын өзіне аударып есік қағады да, олардан не естігендерін сұрайды.

Тәрбиеші дабыдды (барабанды) соғады да, не естідіндер деп сұрайды.

—  Дұрыс, балалар, сендер дыбыс естідіңдер? Бірақ ол дыбыстар біркелкі ме?

— Дыбыстар әр түрлі болады. Мысалы: А-А десек? Оны созып айтуға болады, дауысымыз еркін шығады. Ал енді бір дыбыстардың айтылуы қысқа. Мысалы: Д дыбысы. Қане, бәріміз осы екі дыбысты айтып көрейік. Айырмашылығы қандай? Бұл дыбыстарды жеке-жеке айтсақ, ол дыбыс. Енді осы дыбыстардан сөз құрайык. Топта көргендеріңнен, ойыншықтардың аттарын, заттарды атандар.

Қасқыр     жолбарыс     қоян

— Сөз бір нәрсе туралы ұғымды біддіреді. Қуыршақ бұл ойыншықты білдіреді. Осы сияқты басқа сөздерді де айтуға болады. Сөз дыбыстан құралады. Енді ана сөзін талдайық.

АНА — неше дыбыс бар?

—  Дұрыс айттындар, ана сөзі үш дыбыстан құралған. Келесі сөзді өздерің ойлап, кезекпен айтындар.

АТА МАТА

ШАНА  ТАҚТА

ПАРТА  КІТАП 

АҒА  ТАҒА

ШАР ҚАР БАЛ

Берілген заттардың алғашқы әріптерінен сөз құраңдар.

 

—  Жеке дыбыс ойлаңдар. Балалардың жауабы тыңдалады. Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Ұйымдастыру.

«Кім көп біледі?» ойыны

Балалар жеке дыбыстарды айтып жарысады. Ең аз айтқан бала жеңілген айыбын өтейді.

Алфавит сыры:

 1 -б.    Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал, осының сыры неде?

Түсінші.

2-6.    А деген ол —

Аналар ғой ардақты

Ә деген ол — Әкелер ғой салмақты,

Б деген ол — Балалар ғой әдемі,

Біздің елде Үшеуі де кәделі…

Алшақ кетпей,

Сондықтан да, расында,

Тұрады олар Алфавиттің басында!

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар іс –әрекетті орындайды.

Сергіту сәті «Күн мен түн» ойыны

Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, қажет ұғымды іздеуде зейінді ұмтылдыра білу.

Мазмұны: педагог сөз айтады, балалар оған мағынасы қарама-қарсы сөз айтады: «Күн-түн, тәтті – ащы және т.б.».

Оқушылар ойын ойнайды
 Рефлексивті — түзетушілік  —  Жақсы балалар, енді «Сөз жарысын» ұйымдастырайық. Кім көп сөз айтса, сол жеңімпаз болады.

Бала сөзді тоқтағанша айтып жарысады.

Көп сөз айтқан бала мадақталады.

Тәрбиеші сөз, дыбыс ұғымдары жөнінде сұрақтар қояды.

— Дыбыс пен сөздің айырмашылығы неде?

— Дыбыс қандай болады?

—  Сөзге мысал ойла.

—  Жан-жануар қалай дыбыстайды?

Балалар жауаптарын тәрбиеші толықтырып сабақты аяқтайды.

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.
Күтілетін   нәтиже:
Білу Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.
Өзіне үйренгені Дауыс  ырғағын, артистік  қабілеттерін  дамытты.
Үйрену   Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.