№50 Абай атындағы орта мектебі

№50 Абай атындағы орта мектебі

Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

МАД Тәрбиеші: Кульджанова Айнур Бегалиевна Уақыты: Кабинет:
Тақырыбы Қазақстан ортақ үйіміз
Сабақтың мақсаты Тақырыпты  зейін  қойып  түсініп , мазмұнын  түсіне  білуге  үйрету, мазмұны  бойынша  қойылған  сұрақтарға  жауап  беруге  ынталарын  арттыру.

 

Көрнекіліктер Үлестірмелі суреттер, плакат т.б
Іс-әрекет  кезендері Тәрбиеші  әрекеті Балалардың   іс — әрекеті
Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

Шаттық шеңбері: 

Амандасу.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейінші жараса.
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған нұрлы күн!
Аман — есен болайық
Бейбітшілікті қалайық.
Ой, балалар тоңып кеткен жоқсыңдар ма? Мен тоңып кеттім.
— Мына жапырақтар қайдан түскен?
— Ағаштан.
— Түсі қандай?
— Сары.
— Бұл қай мезгіл?
— Күз мезгілі.
— Күзде күн салқындайды, аспанды бұлт торлайды. Жиі — жиі жаңбыр жауады. Адамдар жылы киінеді. Қане балалар кім күз туралы тақпақтар біледі.

Ақмаржан: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан — алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Қарашы күз келді, күз келді,
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Өте жақсы балалар.
— Балалар бізбенен бірге кірген кім?
— Қай тілде сөйлеп тұр.
— Орыс тілінде.
— Біздермен ойын ойнады.
— Енді біз қонақпен қоштасайық.
Бұрыштарға барып қазақ елін бейнелейтін бұрышты тауып алып.
Тәрбиеші:
— Балалар біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?
— Қазақстан.
— Бас қаламыз Елордамыз қалай аталады?
— Астана
— Біздің ұлтымыз қандай?
— Қазақ
— Біз қандай тілде сөйлейміз?
— Қазақ тілінде.
Балалар мынау кең байтақ Қазақстан жерінде көп ұлт өкілдері тұрады.
Олар: Орыстар т. б. ұлт өкілдері тұрады.

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.
Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәті Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Оқушылар ойын ойнайды
 Рефлексивті — түзетушілік  Тәрбиеші:
— Балалар әр елдің өз белгілері болады. Мынау біздің Қазақстан Республикасының белгісі. Бұны балалар – Рәміздер деп атаймыз.
— Әнұран, елтаңба, көк ту.
— Елбасымыз кім?
— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Бәйтеректі көрсету. Астана, Бәйтерек туралы әңгімелеу.
— Балалар Астанаға барғандарың бар ма?
— Онда не көрдіңдер?
— Санжар мен Астанаға бардым. Онда бәйтеректі көрдім. Төбесінде дөңгелегі бар. Қасына суретке түстім.
Әнұранды орындау. Рәміздер туралы тақпақтарды еске түсірейік. Аяулым елтаңбаның қасына тұрып,
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен — тек
Елдің ашық қабағы.
Ойынның аты: «Өз түсіңді тап»
Ортаға шеңбер, жан — жағына түрлі — түсті ленталар тағылған. Сендер өздеріңе ұнаған лентаны ұстай бастаңдар. Тәрбиеші бақан болып көтерген кезде киіз үй сияқты болып шығады.
Шаңырақты көтеріп
Уықтарды құрайық
Өрімдей болып өріліп,
Киіз үй болып тұрайық.
Балалар қуанып шаттанады. Енді бұл киіз үйде не болуы керек. Сандық, көрпе, дөңгелек үстел. Ойынымызды серуенде жалғастырамыз.
Қорытындылау сұрақтары:
— Балалар біз қандай елмен таныстық. Қай ел туралы айттық?
— Рәміздер қалай аталады?
— Бізге кім қонаққа келді?
Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.
Күтілетін   нәтиже:
Білу Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.
Өзіне үйренгені Жаңа білімді түсінеді
Үйрену   Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.