Сабақтың тақырыбы Логарифмдік функция, оның қасиеттері және графигі
Сынып  «11»А Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Пән мұғалімі Жұмабаева Гүлнар № 48 мектеп
Сабақ негізделген оқу мақсаты Логарифмдік функцияның анықтамасын енгізу. логарифмдік функцияның графигін салуды үйрету. график бойынша қасиеттерді айқындауды дағдыландыру.
 

Сабақтың мақсаттары

 

 

 

 

Барлық оқушылар: санның логарифмін таба алады, көрсеткіштік функцияның мәндерін таба алады.
Оқушылардың көпшілігі: функциялардың қасиеттерін анықтау жоспарын біледі.
Кейбір оқушылар: күрделі функциялардың графиктерін сала алады, қасиеттерін анықтай алады.
Пәнаралық байланыс 0рыс тілі, тарих, АӘД
Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер:

Логарифмдік функция,анықталу облысы,мәндер жиыны,жұп,тақ, өседі,кемиді,шектелмеген.

Жоспар
Сабақ кезеңдері уақыты Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресрустар
Сабақтың басы

 

 

 

 

 

 

 

1 мин

 

7мин

 

 

 

 

2мин

 

 

3 мин

Маған айтсаң ұмытармын, көрсеткенің есте қалар, өзіме берсең –түсінермін.(О.Хайям.)№1 слайд

 

 I Сәлемдесу . Сабақ  тақырыбы мен мақсатымен таныстырамын.

II.Оқушыларға 5 есептен тұратын 2 нұсқада блиц-тест беремін.Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Барлық тапсырмаларды орындағанда Непер, Эйлер фамилиялары шығады.Екеуара тексеру жұмыстарын жүргізеді.

№2 слайдпен Непердің портреті және ол туралы мағлұмат шығады.№ 3 слайдта Леонард Эйлердің портреті мен ол туралы мағлұмат берілген.

№ 4 слайдпен берілген функциялардың графигін оқу жоспарымен таныстырамын.  №5 слайдтағы график арқылы  а>1және  0< а< 1 болғандағы көрсеткіштік функцияның атын , қасиеттерін атап береді.

слайд

 

 

 

Парақшаларға жазылған тест

 

 

Мультимедиялық тақта,слайдтар

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

7мин

 

 

 

 

 

 

 

 

3мин

 

2мин

 

 

 

 

7мин

 

3мин

2мин

III.Тақырыпты ашуға тапсырма.

  y=ax функциясында х-ті у арқылы өрнектейік.Логарифмнің анықтамасы бойынша х=logay  шығады х пен у-тің орнын ауыстырсақ         y=logax функциясын аламыз.

Көрсеткіштік функцияға кері функция логарифмдік деп аталады № 6 слайдтан графигін көре отырып қасиеттерін атаймыз.Қасиеттерінің дұрыстығын №7 және  №8 слайдтардың көмегімен анықтаймыз.

Көрсеткіштік функция мен логарифмдік функциялардың графиктерін салыстырамыз.Ұқсастығы мен айырмашылығын атаймыз.Бұны біз №9 және  №10 слайдтардан көреміз.Функциялардың графиктерінің қасиеттерін атап болған исоң логарифмдік функцияның қасиеттері жайлы қорытынды жасаймыз(№11 слайд)

Сыныпқа жұппен орындауға тапсырма беремін.Оқулық бойынша №226,№229,№230 тапсырмаларды орындау. №12слайдта тапсырма №13.слайдпен дұрыс жауабын көріп өздерін бағалайды. Күрделі логарифмдік функцияның графигін салуға мысалдар   №14 слайдта у=log2(х+2)-3  ,  №15слайдта у=log2(-х) берілген.

Сыныпты екі топқа бөліп топтық жұмыс беремін.

функцияларының кестесі мен графигін салу .(№16 слайд)

Презентация жасап жауабын көрсетеді.

Мұғалім дұрыс жауабын№17,№18 слайдпен беріп топты бағалайды.Әр топ өз мүшелерін бағалап,  бағалау парақшасын толтырады.

Тақта

 

 

 

 

Мультимедиялық тақта, слайд

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

Бағалау парақшалары

Сабақтың соңы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3мин Рефлексия:бүгінгі  сабақты түсінгендігін анықтауға блиц-сұрақтар қойылады.Тек «ия»  немесе «жоқ» деп жауап береді.(№19, №20 слайдтар)

Сұрақтар:

1.      Оу осі логарифмдік функцияның асимптотасы.

2.      Көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың графиктері у=х түзуіне қарағанда симметриялы.

3.      Логарифмдік функцияның анықталу облысы барлық нақты сандар жиыны, ал мәндер жиыны(0,+)                

4.      Логарифмдік функцияның  бірсарындылығы логарифмнің негізіне байланысты.

5.      Логарифмдік функциялардың кейбіреулері(1;0) нүктесінен өтеді.

6.      Логарифмдік функцияның  дөңестігі негізіне байланысты емес.

7.      Логарифмдік функция жұп та, тақ та емес.

8.      Логарифмдік функцияның  ең үлкен және ең кіші мәні жоқ

Мұғалім өз жауаптарын тексеріп көруді ұсынады.Барлық сұраққа дұрыс жауап бере алмасаңыздар қасиеттерді  үйден тағы да қайталап оқисыздар.

Үйге тапсырма:№232, №234    №21 слайд

 
         

1-жұп

  • У=log8x
  • Y=log2(x+1)
  • Y=log1/4(2-x)

2-жұп

  • У=log1x
  • Y=log7(x-8)
  • Y=log5(5-2x)

3-жұп

  • У=log5x
  • Y=log1/3(3x+4)
  • Y=log5(11-4x)

Жауаптары: 

1-жұп                   

  • Өспелі функция У=log8x
  • x>-1
  • x<2

2-жұп   

  • Кемімелі функция
  • x>8
  • x<2,5

3-жұп   

  • Кемімелі функция
  • x>-4/3
  • x<2,75

1 топ                                                2 топ

у=2x+1                                                у =3x -2  

функциясына кері функцияның  графигін салыңдар.