Тақырыбы Ел тарихында Алаш қайраткерлері есімдерінің жаңғыртылуы
Жалпы мақсаты Оқушыларға Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себеп болған жағдайларды, қоғамдық өмірдегі саяси шиеленістер кезеңіндегі    Қазақстанның саяси жағдайы, ұлт зиялылырының іс-әрекеттері мен нәтижелерін  көрсету. Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы  өткен қиыншылықтарын  айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, өз жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын модульдер АКТ, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін  бағалау және оқуды  бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,  “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Сабақтың әдістері:     Жұптық әңгіме, Топтастыру , «Рольдік ойын», «Таза тақта», «Еркін жазу» стратегиясы, «Зерттеу шеберханасы»
Құрал-жабдықтар АКТ, бейне материал, маркер, стикер, флипчарт,кітаптар бұрышы, фотоальбом, слайдтар,сурет галереясы

 Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары (мұғалім және оқушы немен айналысады)

  Ұйымдастыру.

Психологиялық  тренинг. Бір-бірімізге  ізгі тілегімізді білдіріп, сыныпта жағымды психологиялық ахуал тудыру.

Топқа бөлу.( «Азат», «Тәуелсіз», «Егемен» сөздерін алу  арқылы бөлінеді.)

Үй тапсырмасын сұрау. «Таза тақта» ойыны.

1.Бірінші жалпықазақ съезі қайда, қашан болды?   / 1917ж.5ХІІ.Орынборда

2.Съезде  қандай мәселе қаралды?   /мемлекеттік басқару, автономия, халықтық милиция құру, оқу-ағарту, сот, саяси партия құру.

  1. «Алаш» партиясының бағдарламасы қай газетте жарияланды? / «Қазақ» газетінде
  2. «алаш» партиясының органы қай газет? / «Қазақ» газеті
  3. «Қазақ» газеті қай жылдары жарық көрді? /1913-1918ж.

6.Газеттің редакторы кім болды?  /А.Байтұрсынов

Үй тапсырмасын бекіту: С.Торайғыровтың «Алаш туы астында»  атты өлеңінен үзінді:

Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді алашты ешкімнің

Қорлығына бермейміз.

Өлер жерден кеттік біз,

Жасайды Алаш, өлмейміз.

Жасасын Алаш , жасасын!

Жаңа сабақ. Топтық жұмыс . Әр топқа мәтіндер, мәтінге қатысты суреттер  таратылады.

Мәтіндер: «Алаштың алып тұлғасы-Әлихан Бөкейханов», «Ұлтқа арналған ғұмыр (», «Ұлтының ардақтысы-Ахмет».

«Зерттеу шеберханасы»: Берілген мәтін бойынша оқып талқылайды, қатысты суретті жапсыра отырып, постер құрастырады.Әр  топ құрастырған постері бойынша жоба қорғайды.

Сергіту сәті: «Егемен Қазақстан» әнін орындайды.

Жеке жұмыс.  «Еркін жазу» стратегиясы. Интербелсенді тақтадан Алаш зиялылырының суреті көрсетіледі, сол бойынша әр оқушы бір-бір ұлт зиялылары туралы не білетіндерін қағазға түсіріп оқиды.

«Рольдік ойын». Көрініс (Ә.Бөкейхановтың түрмедегі күні)

Жаңа сабақты бекіту: Бейнеролик көрсету.

Кері байланыс.  Өзін-өзі бағалау әдісі арқылы. Стикерлерді толтыра отырып, тиісті баған тұсына жапсырады.

Маған сабақ ұнады Маған сабақ ұнамады Маған қиындық келтірді

Сабақты қорыту.  Мұғалім : Алмағайып заманда амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі.Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келеді.  Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты-ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді.  ХХ ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі алаш баласының есінен еш кетпек емес.  Алаш мұрасы – мол қазына.  Біз кейбір мәселелеріне ғана тоқтай алдық. Ал оны игеру, Тәуелсіздік мұраттарына қызмет еткізу өзгеше мәселе әрі аса маңызды міндет.  Бұл – ұлы арыстар алдындағы қарызымыз бен парызымыз, алға жылжуымыздың бірден-бір кепілі.

Кейінгі тапсырмалар. Жеке файлға Алаш қайраткерлері туралы деректер жинақтау.